Қарапайым математика негіздері



Дата02.01.2022
өлшемі39.63 Kb.
#147949
Байланысты:
жоба таным
педагогика 4апта, педагогика 4апта, аф, аф, шалкан жоба

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі


Қарапайым математика негіздері


Тақырыбы: Ертегілер еліндегі ғажайып математика

Тобы: МДБ-Н-19

Орындаған: Баратқызы Ж


Қызылорда 2021

Бекітемін

ЖШС «Асылым» балабақша-яслиі



әдіскері: С.Аширбекова


Машықтанушы: Баратқызы Жансая

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: Ертегілер еліндегі ғажайып математика
Мақсаты: Білімдерін тиянақтау. Баланың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтау, геометриялық пішіндерді танып, ажырата білуін жетілдіру, қарапайым сан мен санау түсініктерін қалыптастыру, апта күндерін ажырата білуге үйрету. Ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу. Сандарды тура, кері санауға үйрету, логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой - өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту..
Көрнекілігі: Геометриялық пішіндер, тура, кері санауға арналған сандар, шығармашылық ойынға арналған пішіндер салынған кілемшелер, ертегі кейіпкерлері.

I.Кіріспе бөлім

Шаттық шеңбер
Балалармен шаттық шеңберін құрамыз.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің ісі ғой
Ал, кәнекей, бәріміз
Сәлем,- дейік үлкенге
Қайырлы күн, қонақтар.
Қайырлы таң, балалар
Балалар орындарына отырады.

II.Негізгі бөлім

Тәрбиеші: Жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс айы
Тәрбиеші: Қыс айларын ата?
Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан
Тәрбиеші: Ал балалар, қандай ертегі білесіңдер?
Балалар: «Маша мен аю», «Түлкі мен ешкі», «Қасқыр мен қоян»
Тәрбиеші: Олай болса, Маша мен аю ертегісінің қойылымын тамашалаймыз!
Балалар, бүгін біз ертегілер еліндегі ғажайып пішіндермен таныспақпыз. Ерте, ерте, ертеде бір әсем сарайда Маша атты бір ерке қыз өмір сүріпті, оның әдемі сарайы болыпты. Сол сарайда жалғыз тұрыпты. Жалғыз тұрып іші пысқан Маша былай деп армандайды:
Маша: О, шіркін? Менің мынадай сарайымда көп достарым болса ғой! Мен олармен бірге есеп шығарып, ойнап көңіл көтерер едім.
Осы кезде біреу есік қағады.
Аю: Кім бар мына әсем сарайда? Рұқсат болса кірейін.
Маша: Мен Машамын. Сен кімсің?
Аю: Мен Аюмын. Мен үшбұрыш ала келдім, сені таныстырайын, оның үш бұрышы, үш қабырғасы, үш төбесі бар. Ол тура сенің үйіңнің төбесіне ұқсайды.
Маша: А солай ма, мен білмеппін. Үйге кіру үшін менің тапсырмамды орында.
1 - тапсырма. Бір аптада неше күн бар?
Жауабы: Бір аптада жеті күн бар.
Дүйсенбіде доп ойнадым далада
Сейсенбіде серуен құрдым қалада
Сәрсенбіде сурет салдым сәндетіп
Бейсенбіде би биледім әндетіп
Жұма күні жидек тердім ағаштан
Сенбі күні кино көрдім клубтан

Жексенбіде үйде болдым дем алдым
Осылайша өте шықты бір апта.
Біздің балаларда апта күндерін айтып береді.
Маша: Жарайсың! Кіре ғой сарайға.
Бір кезде Қасқыр келеді.
Қасқыр: бұл сарайда кім тұрады?
Маша: Мен Машамын, сен кімсің?
Қасқыр: Мен қасқырмын. Менің қолымдағы төртбұрыш, оның төрт бұрышы, төрт қабырғасы бар. Ол теледидарға ұқсайды.
Маша: Солай екен ғой, үйге кіру үшін менің тапсырмамды орында.
2 - тапсырма
1 - ден 5 - ке дейін тура, кері санап бер.
0 1 2 3 4 5 5 4 3 2 1 0
Маша: Дұрыс, үйге кіре ғой
Қоян: Бұл әсем сарайда кім тұрады?
Маша: Мен Машамын, сен кімсің?
Қоян: Мен қоянмын, Мен саған таныстыруға дөңгелек әкелдім, оның бұрышы жоқ, допқа, күнге ұқсайды.
Маша: мм, қане маған берші, Үйге кіру үшін мына тапсырманы орындайсың.
3 - тапсырма.
Алма ағашта бес алма
Қандай тәтті жесе алма,
Бесеуінде жеп қойсаң
Қалады онда неше алма.
Қоян: 0 алма.
Маша: Дұрыс айтасын, кіре ғой.
Осы кезде түлкі кіріп келеді.
Түлкі: Мына әсем сарайда кім тұрады?
Маша: Мен Машамын, сен кімсің?
Түлкі: Мен түлкімін. Менің қолымдағы шаршы пішіні.
Оның төрт бұрышы, төрт қабырғасы тең.
Маша: Солай екен. Онда сен менің тапсырмамды орында.
4 - тапсырма. 1 - ден 5 - ке дейін санамақ айтып бер.
Түлкі: Бір дегенің бесік,
Содан шықтық өстік.
Екі дегенің елім,
Өзен тауым көлім
Үш дегенім үміт,
Үміт артар жігіт
Төрт дегенім төзім,
Төзе білім өзім
Бес дегенім бақыт,
Бағалайтын уақыт.
Тәрбиеші: Жарайсың Түлкі.
Енді біздің балаларда санамақ білетін болар, қане кім айтып береді?
Сергіту сәті:
Бойды сергек тік ұста
Емін - еркін тыныста
Оң қолыңды соз алға
Қол ұшына қарада
Үшбұрыш сыз ауада
Сол қол босқа тұрмасын
Шеңбер жасап тынбасын.

Тәрбиеші: Енді балалар аңдарды ортаға шақырып отырғызайық.
5 - тапсырма. Саусақпен санап үйренейік:
Бес кәмпитім көп еді,
Сараңдығым жоқ еді.
Бір кәмпитім атаға,
Бір кәмпитім әжеге,
Бір кәмпитім мамаға,
Бір кәмпитім папаға.
Өзімеде жете ме?.
6 - тапсырма. Балаларға шығармашылық ойын: «Кілемшені толтыр»(алдына берілген кілемшеге пішіндерді қою)
III.Қорытынды бөлім
Тәрбиеші: Балалар сендерге ертегі ұнады ма?

- Бізге қонаққа кімдер келді?


Маша: Сендермен бірге ойын ойнап, есеп шығарып, көңілімді көтергендеріне қуаныштымын. Сіздерге ризамын.
Тәрбиеші: Балалар сендерге Машаның сыйы( кәмпиті) бар екен.
Балаларды Маша мадақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді