С деңгейі
Екі қаладан бір уақытта бір–біріне қарсы екі автокөлік шықты және 7 сағаттан кейін кездесті. Қалалардың арасы 910 км. Егер бір автокөліктің жылдамдығы екіншісінікінен 8 км/сағатқа артық болса, автокөліктер қандай жылдамдықпен жүрді?
Велосипедші мен мотоциклші бір–біріне қарай келе жатыр.Велосипедшінің жылдамдығы 13 км/сағ, ал мотоциклшінікі 4 есе көп. Егер олардың бастапқы арақашықтығы 195 км болса, олар неше сағаттан кейін кездеседі?
Арасы 636 км болатын екі қаладан әр түрлі уақытта бір–біріне қарсы 2 жүк пойызы шықты. Бірінің жылдамдығы 40 км/сағ, екіншісінікі – 6 км/сағатқа артық. 276 км жүрілгеннен кейін екінші пойыз біріншісімен кездесті. Қай пойыз ерте шықты және неше сағатқа?
Арасы 310 км болатын екі қаладан бір уақытта бір–біріне қарсы екі пойыз шықты да, 2 сағаттан кейін кездесті. Бір пойыздың жылдамдығы екіншісінен 5 км/сағатқа артық. Әрбір пойыздың жылдамдығын табыңыз.
Арасы 1512 км болатын Киевтен Санкт–Петербургке бір–біріне қарсы екі пойыз шықты. Киевтен пойыз 2 сағатқа ертерек шықты да, 72 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Санкт–Петербургтегі пойыздың шығысынан кейін 8 сағаттан соң пойыздар кездесті. Екінші пойыз қандай жылдамдықпен жүрді?
Екі елді мекеннің арасы 24 км.Бір уақытта бір–біріне қарсы екі жаяу жүргінші шықты. Бірінің жылдамдығы 4 км/сағ, екіншісінікі – 6 км/сағ. Жүргіншілер неше сағаттан кейін кездеседі? Кездесуге дейін әр жүргінші неше километр жүреді?
Арасы 30 км болатын екі ауылдан бір уақытта бір–біріне қарсы велосипедшімен жаяу жүргінші шықты. Велосипедшінің жылдамдығы жүргінші жылдамдығынан 3 км/сағат артық. Егер олар 2 сағаттан кейін кездессе, әрбір қозғалысқа қатысушының жылдамдығын табыңыз.
Арасы 30 км болатын екі ауылдан бір уақытта бір–біріне қарсы салт атты мен жаяу жүргінші шықты. Олар 2 сағаттан кейін кездесті. Салт аттының жылдамдығы жүргінші жылдамдығынан 2 есе артық. Әрбір қозғалысқа қатысушының жылдамдығын табыңыз.
Жылдамдығы 12 км/сағ болатын велосипедші мен жылдамдығы 2 есе аз жаяу жүргінші бір уақытта қарама–қарсы бағытта бір нүктеден шықты. 2 сағаттан кейін олардың арасындағы қашықтық қандай болады?
Арасы 33 км болатын екі ауылдан бір уақытта бір–біріне қарсы 2 жаяу жүргінші шықты. Олар 3 сағаттан кейін кездесті. Егер бірінің жылдамдығы екіншісінен 1 км/сағатқа артық екені белгілі болса, әрбір жүргінші қандай жылдамдықпен қозғалды?
Достарыңызбен бөлісу: |