Аралық бақылау 1 1917 жылғы екі революция кезеңіндегі Қазақстан


Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихнамасы

Loading...


бет2/3
Дата03.04.2020
өлшемі48.22 Kb.
1   2   3

8 Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихнамасы

Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихнамасы Қазақстанның XX ғасырдағы тарихы алуан оқиғаға байлығымен, ең бастысы, Кеңестік қатаң идеологиялық қысым мен одан азат болуға ұмтылуы Отандық жылнаманың негізгі бөлігі болып табылады. Тарихи қырынан алып қарағанда, бұл - ең алдымен, адам табиғатын шет-шегі көрінбейтін ұзақ уақыт бойы сынақтан өткізудің, сондай-ақ осы жағдайдан шығудың және ұлттық-мемлекеттік егемендікке жетудін оңтайлы қазақстандық моделінің шежіресі. Екінші жағынан, марксистік ілімге негізделген кеңестік кезеңдегі отандық тарихнама ғылым дамуының денгейіне толығымен сәйкес келетін дүниетанымдық картинаны бере алмайды, өйткені оның өзі кеңес мемлекетінің жүйесіне үйлестірілген және оның идеялық-саяси қажеттіліктерін өтеуге бағытталған ерекше ғылыми-саяси феномен болатын. Бірінші кезекте бұл кеңестендіру мен кеңестік жаңғырту кезеңдерін соңғы онжылдықтарда пайда болған тарихи-пайымдық бағыттардың [«ақпараттық» (А. Тоффлер), «технотрондық» (3. Бзежинский), «ғылыми-рационалистік» (Ю. Хабермас), «техникалық-ақпаратгық» (Дж. Мартин, Т. Гувер), «өркениеттік-тартысты» (С. Хантингтон) т.б.] тұрғысынан түсіндірудегі әдіснамалық көзқарастарға қатысты еді.

1917 жылы қазақтар екі төңкерістің - Ақпан буржуазиялық-демократиялық және Қазан социалистік революцияларының куәгері болды. Мұның біріншісі монархия мен орыс патшалығы билігін құлатуға мүмкіндік жасады. Ақпан революциясының нәтижесінде елде қос өкімет орнады. Қазақстан үшін мұның маңызы аз болған жоқ. Егер кеңестік тарихнамада Уақытша үкіметтің қызметі біртекті қара бояумен суреттелсе, қазіргі қазақстандық тарихнамалық жағдайда бұл мәселені зерттеуге басқаша көзқараспен қарау мүмкіндігі туды. Бірқатар қазақстандық ғалымдардың, атап айтқанда, академик М.К. Қозыбаевтың еңбектерінде Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясының, дәлірек айтсақ, Уақытша үкімет қызметінің Қазақстан үшін жағымды нәтижелеріне назар аударылды.

Тарихтың кеңестік кезеңі Алаш һәм Алашорда туы астында ұлт бірлігін нығайту жолындағы ұмтылыспен және қазақ автономияшылдары қозғалысының жеңілуімен, Бірінші дүниежүзілік соғыс, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті басып-жаншу, 1917 жылғы революция және Азамат соғысы салдарынан күйреген шаруашылықты соғыстан кейін қалпына келтірумен ерекшеленді. 1917 жылғы Қазан революциясы және одан кейін іле-шала бүркеткен 1918-1920 жылдардағы Азамат соғысы Қазақстан дамуының қоғамдық-саяси және экономикалық жүйесін айқындап берді. Қазақ мемлекеттігінің құрылуы, жерді есепке алу және кеңестік республикалар құрамында аумақтық шекараны анықтау айтулы кезең болып табылады. Шындығында, қазақтардың өмір салтындағы дәстүрлі жүйенің 20-30-жылдары күйреуі мен республиканың социалистік қайта құру үрдісінің жалпы ағымына қосылуы қасіретті оқиға еді. Ресей империясының шығысындағы бұрынғы отарларының индустриясы дамыған республикаларға айналғанына көз жұмып қарамағанның өзінде, бұл қайта құрудың нақты адамдар тағдыры мен оқиғаларға байланысты берілетін шынайы бағасын айтпай қалуға болмайды.

Қазақстанның дамыған ұлттық республикалардың біріне айналғандығын барлық ұлттар мен ұлыстардың, олардын қатарында еріксіз жер аударылып келіп, осы өлкені өзінің екінші Отанына айналдырғандардың да қосқан үлесін ескермеу мүмкін емес. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында неміс-фашист басқыншыларын тойтарған ортақ Жеңіске Қазақстанның қосқан үлесі де өте қомақты. Республиканың 50-80-жылдар бедеріндегі тарихын безбендегенде, экономика, ғылым және мәдениет саласындағы жетістіктермен қоса, Арал мен Балқаштағы, Семей ядролық полигонындағы экологиялық проблемаларды, «коммунизм кұрылысының» келмеске кеткен кесапаттарын естен шығару да оңай емес. Қазақстандық тарих ғылымының осы заманғы дамуына талдау жасай отырып, Қазақстанның кеңестік кезеңдегі тарихының неғұрлым өзекті мәселелеріне көңіл аударудың үлкен маңызы бар екенін атап өткен жөн.

Қазан революциясы және Азамат соғысы тарихының зерттелуі

Ұлттық-мемлекеттік құрылыс тарихы және Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы құрылуының зерттелуі

Кеңестік тарихнамада мемлекет кұрылысының социалистік ұстанымдары негізінде «қазақ жерін біріктіру» проблемасы бойынша кең көлемді материалдар берілген Әлеуметтік-таптық антагонизм орын алып отырған жағдайда ұлттың дамуы мен ұлттық мемлекеттің құрылуының марксистік-лениндік әдіснамасына негізделе отырып, қазақстандық зерттеушілер қазақ мемлекеттігі қалыптасуының тарихи үрдісін көрсете алды.

Бұл ретте аталған зерттеулердің құндылығы қарастырылып отырған үрдістің құжаттық негізделген тұғырнамасында екенін айтып өту керек. Деректемелердің кең көлемді ауқымына сүйеніп, Қазақстан тарихының көне дәуірдегі және ортағасырлық құжаттары мен материалдарын пайдаланып, қоғамтанушы-ғалымдар Қазақстан аумағы мен шекарасы қалыптасу тарихының бүкіл динамикасын көрсете алды. Сол кездегі көптеген енбектерге тән белгілі бір сарында жазылғандығына қарамастан, буизерттеулердің осы заманның ең күрделі проблемаларының бірі бойынша іргелі еңбектер ретіндегі ғылыми және практикалық құндылығын атап өту маңызды. «Кеңестік Қазақстанның мемлекет және құқық тарихы», I том (1917-1925; С.З. Зимановтың, М.О. Биндердің редакциясымен. А., 1976); «Қазақ КСР-інің құрылуы». Құжаттар мен материалдар жинағы (С.Н. Покровскийдің редакциясымен. А., 1957); А.Н. Нүсіпбековтің «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында қазақ жерлерін біріктіру», (А., 1953); В.К. Савоськоның «Қазақ автономиялық КСР-інің Одақтас республика болып қайта құрылуы» (А., 1951) монографиялары; «Қазақ АКСР-інің құрылуы» (А., 1957); «КОКП және Кеңес үкіметі Қазақстан туралы. 1917—1977 жылдар. Құжаттар мен материалдар жинағы (А., 1978); «Автономиялық Қырғыз Социалист Кеңестік Республикасы туралы Декрет»//В.И. Ленин Қазақстан туралы. Құраст. С.Б. Бейсембиев және басқа (А., 1982); «КСРО бауырлас халықтарының шаңырағы. Құжаттар мен материалдар (1920-1937)». (Кұраст. Х.Г. Айдарова және баска А., 1972) секілді енбектерді дәл осы тұрғыдан қарастыру қажет.

XX ғасырдың 80-жылдарының соңына қарай, ғылыми айналымға Қазақстандағы мемлекеттік құрылыс проблемасы бойынша айтарлықтай деректік материалдардың қосылуына байланысты, зерттеушілер проблеманы әр алуан тарихи-құқықтық және этно-аумақтық аспектіде қарастыра бастады. Бұл проблеманы зерттеуге қазақстандық ғалым-этнографтар да айтарлықтай үлес қосты. Олардың еңбектерінде Қазақстанның этникалық аумағының қалыптасу тұғырнамасы мен онда басқа халықтардың қоныстану тарихы ғылыми тұрғыда негізделді.

Іс жүзінде өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап, мемлекеттік кұрылыс тарихын зерттеуде, Қазақстанның егемендік алуына орай, түбегейлі өзгерістер жүзеге асты. Академик М.К.. Қозыбаевтың әділ түрде көрсеткеніндей, «ұлтаралық қатынас проблемасы, халықтардың егеменді құқықтарын қадағалау... таза теориялық талаптар шегінен шығып, өткір саяси пікірталастық сипат алды».

9 Экстенсивті Даму Жолы – экономиканың бұрынғы техникалық негіздерін сақтай отырып, сандық факторлар: қосымша жұмыс күшін тарту, кәсіпорындардың, цехтардың, телімдердің санын, жаңа құрылыс нысандарын көбейту есебінен өндірістің көлемін ұлғайту тәсілі. Экстентивті даму жолында өндіріске ресурстар (табиғи, еңбек, материалдық ресурстар) көп көлемде тартылады, бірақ бұл орайда техника мен технологияда, еңбекті ұйымдастыруда, қызметкерлердің біліктілігінде елеулі өзгерістер болмайды. Ауыл шаруашылығында Экстенсивті даму жолының экономика өсуіне шаруашылық айналымға жаңа жер телімдерін тарту, материалдық-тех. базаны өзгертпестен өсімдіктердің бұрыннан қолданылып келе жатқан сорттарын, мал тұқымдарын пайдалана отырып, өндірісті кеңейту жолымен қол жеткізіледі. Өндірістің экстенсивті жолмен даму мүмкіндіктері салыстырмалы түрде шектеулі. Өйткені экономика дамуының әрбір кезеңінде қызметкерлер санын көбейтудің, айналымға қосымша ресурстар (шикізат, материалдар, отын, т.б.) тартудың белгілі бір шегі бар. Іс жүзінде экстенсивті және интенсивті даму жолдары таза түрінде болмайды, олар бір-бірімен ұштасып жатады. Сондықтан басым экстенсивті және басым интенсивті даму жолдарына ажыратылады.

Ауыл шаруашылығын экстенсивті жолмен дамыту – жаңа жерлерді игеру арқылы егіс көлемін үлкейту, мал басын көбейту, жаңа шаруашылықтар құру, ауыл шаруашылық жұмыскерлерінің санын көбейту нәтижесінде ауыл шаруашылық өнімі көлемін көбейту.



10 Қазақстанның қоғамдық-саяси өмiрi

20-жылдардағы қоғамдық-саяси өмірдің сипаты Өңдеу

Бұл жылдары Қазақстанның барлық аймағында Кеңес өкіметі кең қанат жайып, өзінің өктемдігін толық жүзеге асыра бастады. Қосшылар одағы, шаруалардың өзара көмек комиттері сияқты басқа да қоғамдық ұйымдар маңызды жұмыстар атқарды. Ауылдық-селолық жердегі 20-жылдары жүргізілген басқа да бұқаралық іс-шаралардың бәріне шаруалар ұйымдары қатысқан. Шаруалардың бұқаралық ұйымдарының жасампаздық қызметі 30-жылдардың басына қарай тоқтатылды. Сталиндік, голощекиндік ұжымдастыру басталып, демократияның шектелуіне байланысты жоғарыда аталған бұқаралық ұйымдар, алдымен, Қосшы одағын таратып, мүліктер мен оларға қарасты кәсіпорындарды ұжымшарлардың бөлінбес қорына берді. 20-жылдардағы қоғамдық-саяси өмірді сөз еткенде төмендегі мәселеге ерекше назар аудару қажет. Осы кезден бастап сталинизмнің идеологиялық аппараты халықтардың тарихи зердесін жоюға кірісті. Бұл зерденің иелері ұлттық зиялы топтың көрнекті өкілдері болатын. Соларға қысым көрсетуге бағытталған кең көлемді шаралар жүргізіле бастады. Кеңестік Шығыс халықтары мен ішінара Еділ бойының халықтары жүздеген жылдар бойы араб әліпбиін пайдаланып келгені мәлім. Араб әліпбиі жоғарыдан берілген бұйрық бойынша 1929 жылы латын әліпбиіне, ал 1940 жылы кириллицаға көшірілді. Осының салдарынан қазақтар бір ұрпақтың өмірінде ғасырлар бойы ұлттық мәдениеттің інжу-маржандары саналып келген кітаптар, газет-журналдар, ғылыми еңбектер, бағалы тарихи материалдарынан айырылды.

Республикада партия мен комсомолдың орталық органдарының құрылуы

1921 жылы құрылған облыстық партия ұйымы 1925 жылы өлкелік болып өзгертілді. 1921 жылы Орынборда Қазақстан комсомолының І съезі болып өткеннен кейін жастар ұйымдары да өздерінің қызметін жандандыра түсті. Қазақстан комсомолының тарихында Ғани Мұратбаевтың (1902-1925 жж.) орны ерекше. Қысқа өмір сүрсе де Қазақстан комсомолы тарихында өшпес із қалдырды.

Ғани Мұратбаев

Қазақстан мен Орталық Азия комсомолының аса көрнекті ұйымдастырушыларының және басшыларының бірі, ол қазіргі Қызылорда облысының Қазалы ауданында 1902 жылы 3 маусымда дүниеге келген. Кеңес өкіметі орнасымен ол Қазалы уездік Кеңесі атқару комитетінің мүшесі болды. 1918 жылы Ғани Мұратбаев Ташкенттің кеңес- партия мектебіне оқуға түседі. 1920 жылы ол Түркістан комсомолы Орталық Комитетінің мүшесі болып сайланды. Самарқан өлкелік комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып істеді. 1920 жылы қазанда Ғани Мұратбаев комсомолдың ІІІ съезінің жұмысына қатысты. 1921 жылы Ғ.Мұратбаев Түркістан комсомолы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. Жастардың Коммунистік Интернационалының (КИМ) ІІІ конгресінде ол Жастардың Коммунистік Интернационалы атқару комитетінің мүшесі, ал 1923 жылы Түркістан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі болды. 1923 жылдан бастап Ғ.Мұратбаев Мәскеуде жұмыс істеді. Ол Жастардың Комммунистік Интернационалының Шығыстағы еңбекші жастар бөлімін басқарды. Ғани 1925 жылы 15 сәуірде Мәскеуде қайтыс болды. Ол, алдымен, Қазақстан мен Орталық Азия республикаларының жастарын оқуға тартуға, кәсіптік маамндықты тезірек үйренуіне күш салды. Қазақстан жастары өз қатарынан Ғ.Мұратбаев сияқты халықаралық коммунистік жастар қозғалысының тамаша қайраткерлерін өсіріп шығарғанын мақтан етеді. Қазақстан жұртшылығы 2002 жылы оның туғанына 100 жыл толуын құрметпен атап өтті. Бұл жылдары Қазақ АКСР үкіметі Мәскеуден келген нұсқауларды басшылыққа ала отырып, Кеңес өкіметін одан әрі нығайтумен қатар, өз тарапынан ескіліктің «сарқыншақтарын» жоюмен де айналысты. Жергілікті жерде өтіп жатқан сайлаулардан байлар, діни қызметкерлер, имамдар шеттетілді. Мәселен, күйеуге беретін қыз үшін қалың мал алуды жою, көп әйел алуға, әмеңгерлікке тыйым салу туралы Декреттер қабылдап, оларды халық арасында кеңінен насихаттады. Әйелдер тағдырына қатысты осы және басқа да қаулы қарарлар мен Декреттерді жүзеге асыруға Н.Құлжанова, Ш.Иманбаева және басқалар белсене қатысты.

Нәзипа Құлжанова



(1887-1934 жж.) - бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданында туған. Ол Ы.Алтынсарин ұйымдастырған мектепте оқып, кейіннен Қостанайдағы гимназияға түседі. Бұны бітірген соң, Орынбордағы мұғалімдер семинариясында оқып, оны үздік бітіреді. 1904 жылы Семейдің мұғалімдер даярлайтын семинариясына оқытушы болып орналасады. Осы жылдардан бастап қоғамдық істерге белсене араласады. Абайдың қайтыс болуына 10 жыл толуына байланысты кеш ұйымдастырып (1914 ж.), орыс және қазақ тілдерінде баяндама жасайды. 1920-1922 жылдары-Ақмолада мұғалім, 1923-1925 жылдары- «Қызыл Қазақстан» журналының, 1925-1929 жылдары- «Әйел теңдігі» журналының жауапты хатшысы болды. Орыс тілінен аудармалар жасады (М.Горький, В.Г.Короленко, А.Куприн, Б.А.Лавренко, А.Скиталей, т.б.). Нәзипа орыс тіліндегі еңбектерді сол тұстағы қазақ жағдайына бейімдей отырып «Ана мен бала» атты кітапты жазады (1927 ж.).Бұл сол кездегі жағдайға байланысты медициналық ағарту жұмысының талабынан туған дүние болатын. 1923 жылы шыққан «Мектептен бұрынғы тәрбие» кітабы қазақ педагогикасында сәбилер тәрбиесіне арналған алғашқы әдістемелік құрал. Мұнда мектепке дейінгі балаларға арналған мекемелердің тарихы, олардың отандық және шетелдік үлгілері сөз болады. Мектепке дейінгі тәрбиенің мәні мен оның қазақ жеріндегі ерекшеліктері де ашылады. Ол табиғатты сүю мен еңбекке тәрбиелеуді баса көрсетіп, екеуін де өзектес мәселе деп қарайды. Өзі де Қазақстанда мектепке дейінгі мекемелер ұйымдастыру ісіне белсене араласады. Ауылдық жерде мәдени-ағарту жұмыстарының өрістеуі. Ауылдық жерлердегі қызыл отаулар мәдени-ағарту жұмысының нағыз орталығына айналды. өкіметті қарапайым халықпен жақындастыру, халық өкілдерін мемлекетті басқару ісіне араластыру, еңбекшілердің өкіметке деген сенімін арттыру, ұлттар арасындағы туысқандық қатынасты нығайту мақсатында бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды. Мәселен,Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі 1923 жылы «Қырғыз (қазақ) және орыс тілдерін қолдану туралы» декрет шығарады. Онда Орталық өкімет пен үкімет атынан шығарылатын заңдарды, губерниялық ұйымдардың нормативтік актілерін қазақ және орыс тілдерінде жариялау көзделді. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті «қырғыз (қазақ) тілінде іс жүргізуді енгізу туралы» Декрет шығарды. 30-жылдардағы қоғамдық-саяси жағдай БК (б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшылығына 1925 жылы қыркүйекте орталықтан жіберілген Ф.И.Голощекиннің келуіне байланысты республикаға қысым жасау саясаты күшейіп, бұл ерекше қатаң сипат алды. Ол Сталиннің қатаң бағытын, аймақтық көсемшілдік идеясын жақтады. Ол ауыл «Қазан» лебін сезінген жоқ, «1925 жылдың күзіне дейін бізде Қазақстан мен оның партия ұйымында өзгеріс болған жоқ» деп дәлелдеп бақты. «Кіші Қазан» төңкерісін өткізу идеясын ұстанды. Бірақ бұл саясат елеулі қарсылыққа ұшырады. Алайда, голощекиндік-сталиндік үлгі бойынша «қайта құрумен» келіспеген көрнекті жауапты қызметкерлер қуғындала бастады. 1927-1929 жылдары әр түрлі сылтаулармен белгілі мемлекет қайраткерлері Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С.Қожанов, М.Мырзағалиев республикадан аластатылды. Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Ж.Мыңбаев, Халық ағарту комиссары С.Сәдуақасов және басқалар қызметінен алынды. Бұл зиялы топ Қазақстандағы голощекиндік саясаттың қателігіне алғаш республиканың бірінші басшысының өзін, одан соң оның Мәскеудегі «қожасы» И.Сталиннің көзін жеткізуге әр түрлі жолдармен әрекет жасап бақты. Бірақ оларға « жікшілдік күреске қатысты» деген кінә тағылды. Орталықта троцкишіл-зиновьевшіл оппозициямен және «оңшыл оппортунистермен» күрестің күшеюінен ұлттық рсепубликаларда ұлт-азаттық қозғалысының өкілдерін жазалау түрінде қатаң шаралар қолданыла бастады. 1928 жылы «буржуазиялық ұлтшылдар» деп аталғандардың, бұрынғы Алашорда қайраткерлерінің ішінен 44 адамға жалған айып тағылып, қамауға алынды. Олардың арасында А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, М,Жұмайбайұлы, Ж.Аймауытов және басқалар бар еді. Құрамында М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, Ж.Ақбаев және басқалары бар ұлттық зиялылардың екінші тобы (40 адамдай) 1930 жылы қыркүйек-қазан айларында қамауға алынды. Бұлардың бәрі дерлік 1937-1938 жылдары жазықсыз жазаланды. 30-жылдардың басында КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы дағдарыс шиеленісе түскен сайын Кеңеске қарсы зиянкес элементтер мен астыртын ұйымдарды іздеу кең өріс ала бастады. Қазақстанда ұлтшылдық бағыттағы «жауларды» іздеу басталды. Қазақстан партия ұйымына «меңдешевшілдік», «қожановшылдық», «сейфуллиншілдік» деп аталатын айдар тағылып, партия ұйымдарын қудалау жүргізілді. Олар, негізінен, троцкийшілдердің, оңшыл және «ұлтшыл ауытқушылардың» қатарында болды немесе соларға жаны ашыды деп айыпталды. 1937-1938 жылдардағы қатаң жазалау кезінде республика бойынша партия қатарынан 9223 адам халық жауы ретінде аластатылған. 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін саясатынан Кеңес өкіметін оранту жолында, коммунистік идеяларының салтанат құруы үшін күрескендер де құтыла алмады. БК (б)П Орталық Комитетінің Қазақстанға жіберген көптеген өкілдері, партияға берілген адал да тәжірибелі қайраткерлер құрбан болды. Олардың арасында кәсіпқой революционер В.Н.Андронников, 1917 жылдан партия мүшесі Л.И. Мирзоян, азамат соғысына қатысушы К. Рафальский және тағы басқа көптеген адамдар болды.

Қазақ АКСР-інің одақтас республика болып құрылуы

1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО Кеңестерінің төтенше VІІІ съезінде Кеңес мемлекетінің жаңа негізгі заңы-КСРО Конституциясы қабылданды. Осы заң бойынша бұған дейін кейбір автономиялы рсепублика болып келгендер одақтас республикаларға айналды, солардың бірі-Қазақстан еді. Енді ол Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы болып, он бір одақтас республикадан тұратын КСРО-ның құрамына кірді. 1937 жылдың наурыз айында Қазақстан кеңестерінің төтенше Х съезі Қазақ КСР-нің жаңа Конституциясын қабылдады. Онда бүкіл елдегі сияқты, республикада да социализм негіздері құрылғаны, өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық меншік және шаруашылыққа жоспарлы басшылық нығайғаны, адамды адамның қанауы жойылып, тең құқықты қатынастардың қалыптасқаны, халықтар ынтымақтастығының жолға қойылып, экономика мен мәдениет өрлеуінің жүзеге асырылғаны, дамығаны атап көрсетілді. Қазақ КСР-інің саяси негізі- еңбекшілер депутаттарының кеңестері, экономикалық негізі-социалистік шаруашылық жүйесі және өндіріс құралдары мен құрал-жабдықтарына социалистік меншік болатыны атап айтылды. Қазақ КСР-і КСРО құрамына ерікті негізде енеді және мемлекеттік, экономикалық, мәдени құрылыс міндеттерін шешуде барлық құқықтарға ие болады деп көрсетілді. 1937 жылдың желтоқсанында КСРО ел еңбекшілері КСРО Жоғарғы Кеңесінің сайлауын өткізді. КСРО Жоғарғы Кеңесіне республикадан 44 депутат сайланды, олардың ішінде шахтер Т. Күзембаев, мұнайшы С.Зұрбаев, комбайншы И.Логвиненко, сауыншы С. Оңғарбаева, флотатор Ә.Әлімжанов және басқалар болды. 20-30 жылдар кезеңін қорытындылай келе, Кеңес елін мекендеген басқа халықтар сияқты қазақ халқы да қайшылықтар мен қиындықтарға толы қаһармандық жолдан өтті деуге болады. Біріншіден, қазақ халқының саяси теңдікпен, аумақтық автономия болу құқығына қолы жетті. Мәдениет пен білім беру саласында да табысқа ие болды. Осының бәріне ұлт-азаттық күресінің тынысы, халықтың әділеттікке, иманды қоғамға сенімі әсер етті. Екінші жағынан, экономика мен мәдениет салаларындағы қол жеткен табыстар тым қымбатқа түсті. Тоталитарлық, казармалық жүйе орнықты.

Глоссарий:

Рабфак - 1919-1940 жылдары кеңестік елдегі жұмысшы, шаруа жастарын жоғары мектепте оқу үшін даярлайтын жұмысшы факультеті. Коммуна - мүлік және еңбек бөлісіне негізделген, бірігіп өмір сүретін адамдар ұжымы. Түсті металлургия-өндіретін, оларды байытатын түсті металдар мен олардың қорытпаларын құйып, өңдейтін ауыр өнеркәсіптің саласы. Қара металлургия- руда және руда емес, шикізат өндіретін және байытатын, отқа төзімді материалдарды, кокс химия өнеркәсібінің өнімдерін, шойын, болат, прокат, темір қорытпаларын өндіретін ауыр өнеркәсіптің саласы. Жоспарлау- экономикалық және әлеуметтік дамуды, сондай-ақ осы дамуды жүзеге асыруға байланысты іс –шаралар кешенін әзірлеу.

11 Қазақстанның экологиялық проблемалары

Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.

Қазақстандағы сансыз ядролық зерттеулердің салдарлары әлі де толық зерттелген жоқ. Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың басшылығымен Невада—Семей экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салды. Бұл қозғалысқа Қазақстанның көптеген халқы кеңінен қатысты. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге мораторий жариялады. (Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына 1991 жылы тамыздың 29-да қол қойылды.) Соңғы сынақтардан бері он жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, Семей ядролық полигонының белдемі күні бүгінге дейін экологиялық кауіпті аудан болып есептеледі. Өйткені онда ұзақ сақталатын радиоактивті заттар жинақталған. Полигон аймағында күні бүгінге дейін топырақ және өсімдіктер ластанған. Қазақстан Үкіметі Семей ядролық полигонымен шектесіп жатқан аудандар аймағындағы экологиялық жағдайды жеңілдету жөнінде бірқатар шұғыл шаралар қабылдады. АҚШ пен Жапония үкіметтері Семей ядролық полигоны аймағында экологиялық зерттеулерді жүргізуге елеулі қаржылық көмек көрсетуде.КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. 1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді. Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды. Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін. Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық әлует қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді. КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде Қазақстан толық әскери ядролық циклды: ядролық қаруды сынау, жаңғырту және өндіру циклын жүзеге асыру мүмкіндігі алды. Негізгі бөлім

Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы

Сол ядролық сынақ полигондарының бірі – Семей полигоны Кеңес Одағының аса маңызды стратегиялық объектісі болды. Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей – 21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды. Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді.

Ядролық сынақтар

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған. Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады. Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарыдуы еді. Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды.

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері

Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды. Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамандардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.

Сутегілік құрылымы РДС-2 бұйымы дегеннің қуаты жағынан соған дейін болып көрмеген. Жарылысы 1953 жылғы 12 тамызда Семей ядролық полигонының төңірегін тетірентті. Оның қуаты 480 килотонна еді. Жарылыстан кейін пайда болған нарттай жанған радиоактивті газдардың саңырауқұлақ секілді бұлты 16 километр биіктікке көтерілді. Осы жарылыстан кейін радиусы ондаған километр болатын жерде дала шөптері бірнеше күн бойы көгілдір сәуле шығарып тұрды. 1955 жылы 22 қарашада ТУ-16А әскери бомбалағышы Семей полигонының үстінен ұшып бара жатып, жаңадан жасалған қуаты 1,7 мегатонна болатын, термоядролық РДС-37 зарядын тастады. Бомба бір жарым километрлік биіктікте жарылды. Бұл жарылыстың соққы толқыны мен жер қабатының дірілі бүкіл дерлік Қазақстан аумағы мен Ресейдің көршіліс аймақтарында сезілді. 1962-1989 жылдар арасында Семей полигонындағы Дегелең тауының жер астындағы шахталарында 340 жарылыс жасалды. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды. Осынау жарылыстың салдарынан бір көздері жартастардан құралған Дегелең тауы іс жүзінде киыршық тас үйіндісіне айналды. Жер астындағы әрбір үшінші жарылыстан соң, жарылыс нәтижесінде пайда болған жарықтар мен саңылаулардан радиоактивті газ шығып кетіп жатты. 1989 жылы 12 ақпанда кезекті жоспарлы ядролық сынақ өткізді. Үңгірлердің бірінде қуаты 70 килотоннадан астам ядролық заряд жарылды. Соның салдарынан жер бетінде саңылаулар пайда болып, олардан екі тәулік бойы радиоактивті газдар шығып жатқан. Содан пайда болған радиоактивті бұлт 30 мыңнан астам адам тұратын аумақты бүркеді. Бұл аймақта радиациялық фон 3000-4000 микрорентгенге жетті. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда сағатына 15-20 микрорентген болатын табиғи радиациялық фоннан екі жүз есе асып түсті.

Қорытынды бөлім

Бір кездері ядролық полигон нақ Семей жерінде неге құрылды деген сұрақтың жауабын іздегенде сол кезде бұл өңір Кеңес Одағының адам ең аз қоныстанған, сонымен бірге негізгі коммуникация жерлерінен оншалықты қашық емес деген сөздер шыққан. 1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық». Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш ретКСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.

Каспий теңізінің экологиялық проблемасы

Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты (шөл зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте зор. Сонымен қатар сол маңдағы шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде де үлкен рөлі бар. Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты. Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады. Табиғи қорларын игеруде де, бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар туындауда:

экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;

мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі;

осы теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл-мезгіл қырылуы;

аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...