Аралық бақылау 1 1917 жылғы екі революция кезеңіндегі Қазақстан

Loading...


бет1/3
Дата03.04.2020
өлшемі48.22 Kb.
  1   2   3
Аралық бақылау

1 1917 жылғы екі революция кезеңіндегі Қазақстан

1917 жылғы екі революция кезеңіндегі Қазақстан 1917 жылғы ақпанда патша өкіметін құлату Ресей мен оның ұлттық шет аймақтарындағы саяси күштердің орналасуын түбірімен өзгертті. Ақпан революциясының нәтижесінде қосөкімет қалыптасты, бір жағында буржуазия мен буржуазияланған помещиктердің Уақытша үкіметі пайда болса, екінші жағында жұмысшы және солдат депутаттарының мүддесін көздейтін Кеңестер құрылды. Қосөкіметтің мәні мынадай болды: нақты билікке ие Уақытша үкіметтің күшті әлеуметтік базасы болмады, ал Кеңестер әлеуметтік күшке ие бола тұрып, нақты билікке қол жеткізе алмады. Соңғысының үміті — әлеуметтік жағынан төменгілердің тікелей қолдауына сүйене отырып, билікті революция арқылы басып алу еді. Ресей мен Қазақстанның саяси өмірінде соңғы үрдіс басымдыққа ие болды. Мемлекеттік Думаның Уақытша комитетінің құрылуы, ол комитет арқылы Уақытша үкіметтің дүниеге келуі, жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің құрылуы туралы хабар (негізінен жеделхат түрінде), Уақытша үкімет пен Петроград Кеңесі Президиумының халыққа жолдауы Қазақстанға 1917 жылы наурыздың 2-3-інде келіп жетті. Уақытша үкімет те, Петроград Кеңесі де алғашқы кезде бір-бірін жарыса толықтырумен болды. Мұның өзінше қисынды жағы бар еді. Уақытша үкімет қажетті заңды өкілеттіктері бар жоғарғы мемлекеттік жалпыхалықтық сайланған органның еркін білдіретін таза қызметтік аппарат ретінде әрекет етті. Мұндай жағдай жергілікті жерлерде, шет аймакқтарда әлі де билікке ие, жазалаушылық қабілетінен айырыла қоймаған көне (патшалық) бюрократиялық басқарудың қарсылығын бірден басты.

Семей «қоғамдық ұйымдарының облыстық атқару комитеті мен әскерді» К.П. Ляшкеевич басқарды, қалған 34 қызмет орнының 16-сы кәсіпорын иелері мен саудагерлерге, 8-і офицерлерге, 7-еуі ауқатты шаруаларға, жұмысшыларға, солдаттар мен қызметшілерге тиді.[3]. Павлодар уезі Ертіс қаласының атқару комитеті 8 наурызда, 12 адамнан: 2 қызметкер, 1 саудагер, 1 жұмысшы, 8 ауқатты шаруадан құрылды.[4]. Басында қызметкер М. Романовский отырған, хатшылықты хорунжий Домашнев атқарған Орал Атқару комитетінің құрамы да шамамен осыған ұқсас болды.

2 1917 Жылғы ақпан және қазан революциялары тұсындағы қазақстан

Қазақ қоғамында жаңа ұлттық саяси ұйымдардың пайда болуы. 1917 жылғы ақпанның 27-де Ресейдегі буржуазиялық-демократиялық революция нәтижесінде монархия құлатылды. Патша тақтан түсті.

Революция туралы хабарды бүкіл Қазақстан халқы қуанышпен қарсы алды. Олар оны ұлт аймақтарындағы сан ғасырлық күрестің нәтижесі, ғасырлық армандарының орындалғаны деп қарады.

1917 жылғы Ақпан революциясы нәтижесінде Ресейде қос өкімет орнады. Елді Уақытша үкімет басқарды. Конституция қабылдайтын Құрылтай жиналысы шақырылғанша оған елді уақытша басқару міндеті жүктелді.

Қос өкімет дегеніміз:

1917 ж. наурыз-сәуірде ірі қалаларда құрылған жұмысшы және солдат депутаттарының кеңесі;

Құрылтай жиналысына дейінгі басқаруды қолына алған буржуазия үкіметі (Уақытша үкімет).

Қазақстанда Уақытша үкіметтің өлкедегі ұлттық тірегі комитеттер — 1917 ж. наурыз айының ортасынан құрыла бастаған. Сондай-ақ, ұйғыр-дүнген, қырғыз уездік комитеттері сияқты ұлттық және діни негізде ұйымдар құрылған еді.

Қазақ комитеттері қазақ қоғамындағы ұлттық қоғамдық-саяси ұйым ретінде ұлттық мүддені қорғады. Оның мүшелері Уақытша үкіметтің жергілікті органдары облыстық және уездік атқару комитеттеріне мүше болып кірді. Сол кездегі Орал облыстық Қазақ атқару комитетінің жарғысында ұйымның мақсаты — қазақ халқын жаңа құрылыс негіздерімен таныстыру және оны жүзеге асыру, құрылтай жиналысына әзірлеу делінген.

Құрылтай жиналысы — халық өкілдері мен саяси партия өкілдерінен тұратын мемлекеттік маңызды мәселені шешетін, сайланып қойылатын билік органы. Құрылтай жиналысы болашақтағы мемлекеттік басқару формасын айқындау үшін шақырылатын болды. Сонымен Ресейде Уақытша үкімет халық бұқарасының қысымымен құрылтай жиналысын шақыруға дайындалды. Ол революцияның негізгі міндеті — мемлекет формасы (кеңестер республикасы немесе буржуазиялық-демократиялық республика) мәселесін шешу керек болатын. Елдегі сайлау саяси күштердің нақты ара салмағын, халықтың еркін толық көрсетуге тиіс еді.

Уақытша үкімет ұлт саясатында демократиялық бағыт ұстауға тырысты. 1917 ж. 20 наурызда Ресей азаматтары ұлтына қарамастан құқықтары тең, қайсы дінді ұстаса да ерікті деп жарияланды. 1916 ж. көтерілістен зардап шеккендерге көмек көрсетілді. Қытайға кеткен босқындарды, майдандағы тыл жұмысына алынғандарды Отанына қайтару туралы шешімдер қабылдады. Жоғарыда аталған шешімдерді қабылдауда қазақ комитеттері өкілдері еңбек сіңірді.

1917 ж. 25 қазанда (жаңаша 7 қарашада) Петроградта болған үкімет төңкерісі нәтижесінде Уақытша үкімет құлатылып, билік басына В.И.Ленин бастаған большевиктік партиясы келді.

1917 ж. Ресейдегі Қазан төңкерісінің Қазақстанның саяси дамуына әсері. 1917 жылғы Қазан төңкерісі қазақ қоғамындағы осы бір қалыптасып келе жатқан ұлтты біріктіру идеясын бұзып жіберді. Ұлттық идеяны таптық күрес идеясымен ауыстырып, қазақ қоғамының ішіне іріткі салып, жікке бөлді.

3 Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы және Алаш қозғалысы

Алайда өмір шындығы өз дегенін істеді. Ауыл күрт өзгерді. 1917 жылғы көктемнің аяғы мен жазында жаппай туған жерлеріне оралған 150 мың тыл жұмысына қатысушылар өз білген-түйгендері бойынша саяси ортаға белгілі бір әсер-ықпалдарын титізді. Олар қазақ ауылындағы саяси өмірдің оянуына көп ықпал етті. Тыл жұмысшыларының белгілі бір бөлігі елдің орталығында және майдан шебінде шыңдалды, саяси күрестің әйгілі мектебінен өтіп, табанды әрі батыл қимылдар жасады.

Орталық Ресейде тылдын қара жұмысына қатысқандардың бірі Ақмола облысынан шыққан Е. Бекмұхамедов майдан шебіндегі тыл жұмыстарында большевиктермен қалай танысқанын еске алады. «Күнде кешке, - дейді ол, - бізде Кеңес өкіметі, болашақ өмір туралы қызу әңгімелер жүріп жатады, кейбіреулер большевиктер партиясының қатарына кіруге әзірленіп жүрді. Бірқатар қазақ жұмысшылары басшылықтың рұқсатын күтпестен Отанына қайтып жатты».[1]. Олардың құрамында 1920 жылы коммунистік партияның қатарына өткен осы естелік авторы да болды.

Бірінші Бүкіл қазақ съезі Өңдеу

Тыл жұмысына қатысушылардың бірі 1917 жылы жаздың басында Каменец-Подольск ауданынан Жетісуға қайтқан Жүсіп Бабаев былай деп жазды: «Біз ауылға Уақытша үкіметке деген жек көрушілікті... және өз алдымызға кедейлер мен батрақтарға ұйымдасу қажет деген түсінікті ала келдік. Біз өзімізбен бірге... Кеңес өкіметі үшін болып жатқан орыс пролетариатының күресі туралы хабарды елге жеткіздік».

1917 жылы мамырдың аяғы мен маусымнын басында ғана Омбы арқылы Ертісті жоғары бойлай Шығыс Қазақстанға 300 тыл жұмысына қатысушылар қайтып келе жатты.[3]. Көпшілігі Ресейдегі революция туралы хабарды ғана емес, ол туралы жазылған кітаптар, тіпті қару да әкеле жатқан еді. Мәселен, 1917 жылы 5 маусымда Омбыда «Нор-Зайсан» кемесіне отырғызу кезінде тыл жұмысынан қайтқан қазақтардан қару тәркіленген. Павлодар облысының Ермак селосы маңында бір кеменің үстінде олардан 100-дей винтовка тартып алынды. Сол кездің баспасөзі хабарлағанындай, тыл жұмысынан қайтқан қазақтар «далаға құрлық арқылы пулемет апара жатқан». 1917 жылы маусымның басында тыл жұмысына қатысушылар Павлодар арқылы «Петроград» кемесімен винтовкалар, қылыштар және оқ-дәрі алып өткен.

Мұндай жағдай өлкенің басқа өңірлерінде де орын алған. 1917 жылы 26 маусымда Түркістан әскери округі Қазалы, Перовск, Түркістан, Ташкент теміржолы стансаларындағы барлық гарнизондық теміржол комитеттеріне мынадай бұйрық берді: «Жергілікті тұрғын жұмысшыларға (яғни тыл жұмысынан қайтқандарға. - авт.) мұқият қараңдар, атылатын және басқа да суық қарулары болса, алынсын... Жолаушылар пойызын алып жүретін әскери тексерушілер мен әскери күзетшілер майдан жұмысынан қайтып келе жатқан жергілікті адамдардың жүк-багажына ерекше назар аударсын».

Тыл жұмысына қатысушылардың белгілі бір бөлігінің бұдан арғы қызметі қазақ еңбекшілерінің арасына большевиктер идеясын жеткізуге арналды, жұмысшы және шаруа депутаттары жергілікті Кеңестерінің белсенді мүшелері және Кеңестерге жақын келетін еңбекшілердің бұқаралық ұйымдарын құрудың бастамашылары болды. Өз ауылы мен қаласына келісімен олар Уақытша үкіметке, оның жергілікті органдарына қарсы пиғылдағы күштердің қатарын толықтырды. 1917 жылы 14 маусымда Уақытша үкіметтің Ақмола уездік комиссары облыстың орталығы Омбыға тыл жұмысынан қайтқан қазақтардың үкіметке қарсы үгіт-насихат жүргізіп, жергілікті қазақтарды Уақытша үкіметке қарсы қойып отырғанын жеткізді, ал Уақытша үкіметтің Астрахан губерниясының комиссары міндетін атқарушы шенеунік өзінің Ішкі істер министрлігіне жіберген жедел хатында Бөкей Ордасының тыл жұмысынан қайтқан қазақтары Уақытша.үкіметтің жергілікті ұйымдарына қарсы сөйлегендерін хабарлады.[6]. 1917 жылдың көктемі мен жазында қазақ еңбекшілерінің арасында тыл жұмысына қатысушыларды біріктіретін ұйымдар, жұмысшылар мен Кеңестерді қолдайтын революцияшыл-демократиялық жастар одақтары — «Верный қаласы мұсылман жұмысшыларының біріккен одағы» («Қара жүмыста істейтіндер одағы»), Жаркентте «Жұмысшы одағы», Түркістан өлкесіне қарайтын Қазақстанның оңтүстік облыстарында «Мұсылман еңбекшілерінің одағы» құрылды.



4 1917 ЖЫЛДЫҢ КҮЗІНДЕГІ САЯСИ ДАҒДАРЫСТЫҢ ӨРШУІ Елдегі күштердің арасалмағындағы жаңа өзгерістер биліктін Кеңестерге өтуіне қолайлы жағдай туғызды, олардың басшылығы арқасында алдымен елдің орталығында, сонан соң жергілікті жерлерде В.И. Лениннің жолын қуушы большевиктер үстемдік ала бастады. Петроград пен Мәскеу Кеңестерін большевиктендіру В.И. Ленинге РСДЖ(б)П-ның Орталық Петроградтық және Мәскеулік комитеттеріне өзінің екі хатын («Большевиктер билікті алуға тиіс», «Марксизм және көтеріліс») жазуына негіз болды. В.И.Ленин 1917жылы 12-14кыркүйекте жазған бұл хаттарында Уақытша үкіметті құлату және Кеңестер түріндегі пролетариат диктатурасын орнату мақсатында қарулы көтерілісті дайындауды алға міндет етіп қойды. «Жұмысшы және солдат депутаттарының екі астаналық Кеңестерінде басымдыққа ие бола отырып, — деп жазды ол, - большевиктер билікті өз қолдарына ала алады және алуға тиіс. Екі астанада да халықтың революцияшыл тобының белсенділігі басым, сол себепті олар көпшілікті соңына ертеді, қарсыластарын жеңіп, билікті өз қолдарына алады және оны ұстап тұра алады».

Ресей империясының ұлттық шет аймақтарында, оның ішінде Түркістан мен Қазақстанда негізінен славян халқының, бірінші кезекте орыс халқының өкілдерінен тұратын жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестерінде большевиктендіру үрдісі аса табандылықпен жүргізілді. 1917 жылы 12-17 қыркүйекте Түркістан өлкесінің орталығы – Ташкентте қала жұмысшылары мен солдаттар революциялық шерулер өткізіп, жұмысшы және солдат депутаттарының Ташкенттік Кеңесі билікті өз қолына алу туралы шешім қабылдады. Ташкенттегі қыркүйек толқулары Түркістанда Кеңес өкіметін орната алмағанымен, халық арасында большевиктердің әсер-ықпалы өсе түскенінің айқын көрінісі еді. Ташкенттегі революциялық толқулар тұтас ел көлемінде, сондай-ақ Қазақстанда, әсіресе оның оңтүстік-батыс өңірлерінде - Перовск, Қазалы, Түркістан, Черняев, Әулиеата уездерінде үлкен әбігерлік туғызды.

Қыркүйектің екінші жартысынан бастап билік үшін күрес едәуір шиеленісу шегіне жетті. Жұмысшылардың күресі өзінің ұйымшылдығымен, нәтижелілігімен ерекшеленді. Орал-Каспий мұнай қауымдастығына тиісті Ембі мұнай кәсіпшілігінің жұмысшылары азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсарту үшін және шетелдік капиталистердің жұмысшыларды заңсыз жұмыстан шығаруына қарсы күреске шығып, біраз уақыттан кейін өндіріс басшылығын іс жүзінде өз қолдарына қаратып алды.

Мұндай көрініс тау-кен өндірістерінде, бірқатар зауыттар мен теміржолдарда байқалды. Кеңестер мен фабрика-зауыт комитеттері әкімшілік өкілдерімен табанды түрде күрес жүргізе отырып, кәсіпорынның жұмысын бақылауды батыл түрде өз қолдарына ала бастады. Қарағанды темір кені басқармасының басшысы, Спасск зауыты қоймасынын меңгерушісі, Доссордағы Орал-Каспий мұнай қауымдастығы азық-түлік дүкенінің сатушылары, Спасск-Карағанды теміржолы басқармасының орынбасары өз жұмыстарынан шеттетілді.

Жергілікті Кеңестің қысымға алуымен Спасск акционерлік қоғамының басқармасы қоғам кәсіпорындарындағы (Спасск зауыты, Успенский кен орны, Карағанды көмір кені) жұмысшылар жалақысын 50-ден 150%-ға дейін көтеру талабы бойынша ұжымдық келісімшартқа қол қоюға мәжбүр болды. Петропавл, Орынбор-Ташкент магистральдарындағы шерулер мен толқулар 1917 жылы 24-26 қыркүйекте өткізілген Бүкілресейлік ереуілмен ұштастырылды.

1917 жылы күзге қарай Верныйдағы «Мұсылман жұмысшыларының бірлескен одағы», Қарқаралыдағы «Далалық одақ», Жаркенттегі «Жұмысшы одағы» тәрізді кәсіптік ұйымдардың большевик П. Салов басқаратын Семейдегі кәсіподақтардың қызметтері жандана түсті. Верный мен Жаркенттегі кәсіподақ ұйымдарының жұмыстарында кейін коммунистер қатарына өткен Ж. Бабаев, А. Розыбакиев, А. Түркебаевтар көрнекті рөл атқарды.



5 1917 жылғы Қазан революциясы кезеңіндегі Қазақстан. Екінші Бүкілқазақ съезі және Алашорданың құрылуы

Керенский үкіметі құлап, оны қорғап қалуға орталықтан да, жергілікті жерлерден де ең болмаса бірнеше полк әскер табыла қоймады, мұның өзі Уақытша үкіметтің құлау сәтіне жеткенін дәлелдеп берді. Бірақ бұл Кеңес үкіметіне балама билік мүлде жойылды дегенді білдіре қоймады. Керісінше, Кеңестердің II съезінің қорытындыларын мойындамайтын, Ресейдегі заңды үкіметті озбырлықпен басып алу деп, Қазан қарулы көтерілісін айыптайтын бұрынғы биліктің жергілікті органдары, ұлттық-демократиялық ұйымдар, кейбір өңірлердегі қазақ әскерлерінің басшылығы түрінде әлі де сақталып қалды. Бұл күштердің қай-қайсысының да мақсаттары мен міндеттері әр түрлі болғанымен, оларды Кеңес өкіметіне және оның бағдарламалық идеяларына қарсы бірігуге алып келді. Сол себепті, басқа да өңірлердегі сияқты, Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату, отандық тарихнамада 70 жылдан астам уақыт айтылып келгеніндей, бірден «салтанатты шеру» бола қоймады. Шын мәнінде 1917 жылғы қазанның аяғы — Петроградта қарулы көтерілістің басты қорытындылары өлкеге белгілі бола бастағанынан бастап, 1918жылғы наурыздың басына — Верный (Алматы) қаласында большевиктер жеңіске жеткенге дейінгі кезеңде Қазақстанда 1918 жылы жаздың басында кең көлемдегі Азамат соғысы басталады деп күтілген еді. Кеңестерге қарулы қарсылық көрсетуші басты күштер қазақ әскерлерінің басшылары, кадеттер мен әсерлердің, халықшыл социалистер мен меньшевиктердің жергілікті ұйымдарының жетекшілері саналды. «Алаш» партиясының көсемдері тұтастай алғанда осы күштерді қолдап келді, дегенмен 1917 жылғы қазанның аяғы мен 1918 жылғы наурыз аралығында (Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату кезінде) олардың позициясы тактикалық жағынан елеулі өзгеріске ұшырады. Казан революциясынан көп бұрын-ақ қазақтың ұлттық-демократиялық қозғалысының көсемдері өз бағдарламалық көзқарастарын Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы жайлы өз бағдарламалық көзқарастарын кеңінен насихаттаған болатын, ал қарулы күрес Петроградта жеңіске жеткеннен кейін-ақ 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдос Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдулхамид Жүндібаев және Ғазымбек Бірімжановтар құрастырған «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Бағдарлама жобасында он тарау бар. Олардың әрқайсысына тақырыпша қойылған.

«Алаш» партиясы бағдарламасынын жобасы

Мемлекет қалпы: Ресей демократиялық, федеративтік республика болу. (Демократия мағынасы - мемлекетті жұрт билеу. Федерация мағынасы – құрдас мемлекеттер бірлесуі. Федеративтік республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Әрқайсысы өз тізгінің өзі алып жүреді.) Үкімет басында Учредительное собрание мен Г.Дума қалауынша кесімді жылға сайланатын президент болу. Президент халықты министрлер арқылы бағу, ол министрлер Учредительное собрание мен Г. Дума алдында жауапты болу.

Депутаттар тегіс, тең, төте һәм құпия сайлаумен болады. Сайлау хұқында қан, дін, еркек-әйел талғаусыз болу. Законды жалғыз ғана Г. Дума шығару һәм Г. Дума үкімет үстінен қарап, ісін тексеру, запрос (сұрау) жасау хұқы да Г. Думала болу. Мемлекет салығы Г. Думасыз салынбау.

Жергілікті бостандық

Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Ресей Республикасының федерациялық бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлесе болу, реті келмесе, бірден-ақ өз алдына жеке болу. Қайткенде де осы күнгі земстволықты қабыл алу. «Алаш» партиясы қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орындарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін қызмет етерге көңілді адамдар болуына жаһид қылады. Земстволардың управаларында, милицияларында таза қызметші боларлық адамдардың атын халық қалауына салады. «Алаш» партиясы әділдікке жанашарларға жолдас, жәбірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұрт тарақи ету жағына бастайды.

Негізгі хұқық

Ресей республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға — еркіншілік; үкімет қызметшілері иесінен рұқсатсыз ешкім табалдырығын аттамаушылық; законсыз жолмен ешкімді үкімет адамдары ұстамаушылық; сот сұрамай, билік айтылмай тұтқын қылмаушылық; қылмысты болған адам судья бар жерде 24 сағат ішінде, судьясыз жерде бір жетіден қалмай судьяға тапсырылып, жабылса, судья үкімімен жабылу. Кісі хатын ашқанға — айып, оқығанға жаза болу.

Дін ісі


Дін ісі мемлекет ісінен айырулы болу. Дін біткенге тең хұқық. Дін жаюға [3]. ерік. Кіру-шығу жағына бостандық. Муфтилік қазақта өз алдына болу. Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты істес моллада болу, жесір дауы сотта қаралу.

Билік һәм сот

Әр жұрттың билік пен соты тұрмыс ыңғайына қарай болу. Би һәм судья жергілікті жұрттың тілін білу. Аралас жерде соттың тергеу-тексеруі һәм үкімі жергілікті жұрттың қай көбінің тілінде айтылу. Би һәм судья орнынан тергеусіз түспеу. Билік һәм сот жүзінде жұрт біткен тең болу; Кұдайдан соңғы күшті би һәм судья болып, кім де болса, олардың үкіміне мойынсұну. Айтылған үкім тез орнына келу. Зор жазалы қылмыстар присяжный сотпен қаралу. Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болу. Присяжныйлар қазақтан алыну. Қырдағы ауыл, болыс ішіндегі билік пен сот жұрт ұйғарған ереже жолымен атқарылу.

Ел қорғау

Ел қорғау үшін әскер осы күнгі түрде ұсталмау. Әскерлік жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету: әскер табына бөлгенде туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндетін қазақ атты милиция түрінде атқару.

Салық


Салық әл-ауқат, табысқа қарай байға байша, кедейге кедейше әділ жолмен таратылу.

Жұмысшылар

Жұмысшылар закон панасында болу. (Қазақ жерінде завод-фабрика аз, сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз. «Алаш» партиясы жұмысшылар турасында социал-демократтардың меньшевик табының программасын жақтайды.)

Ғылым-білім үйрету

Оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық һәм ақысыз болу; жұртқа жалпы оқу жайылу. Бастауыш мектептерде ана тілінде оқу; қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашу; оқу жолы өз алды автономия түрінде болу; үкімет оқу ісіне кіріспеу; мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылу; ел ішінде кітапханалар ашылу.

6 Кеңес үкіметті

Кеңес үкіметі, немесе Кеңестер билігі – бұрынғы Ресей империясында (1917 жылдың 1 қыркүйегінен Ресей Республикасы) Уақытша үкімет қарулы күшпен құлатылған Қазан төңкерісінен кейін орнатылған билік жүйесінің атауы; кейде “Кеңес үкіметі” ұғымы Кеңес Одағындағы жалпы билік жүйесінің атауы ретінде де қолданылады. “Кеңес” (орыс тілінде Совет) сөзі алғаш рет төңкерісшіл жұмысшы табының сайланбалы жетекші органы – Жұмысшы депутаттары кеңесі түрінде 1905 – 07 жылғы бірінші орыс революциясы барысында пайда болған.

Кеңес одағының құрылуы

Жұмысшы депутаттары кеңесі

Жұмысшы депутаттары кеңесі - КСРО-дағы мемлекеттік өкіметтің сайланып қойылатын өкілетті органдар. Ол Ресейдегі 1905-07 ж. революцияда, жұмысшылар ереуіліне басшы орган ретінде, бұқаралық творчествосы нәтижесінде құрылды. Кейбір кеңестер революцияның өрлеу кезеңінде қарулы көтеріліске басшылық ететін органына айналды. 1905-07 ж. кеңестердің тәжірбиесі 1917 ж. Буржуазиялық-демократиялық Ақпан революциясында және Қазан төңкерісінде үлкен рөл атқарды. 1917 ж. Ақпан революциясы барысында құрылған кеңестер пролетариат пен шаруалардың революциялық-демократиялық диктатурасының органдары болды. Петроград жұмысшылары мен солдаттарының үлгісімен Қазақстан еңбекшілері де кеңестер құруға кірісті. 1917 жылдың наурыз – сәуірінде Қазақстан қалаларының көпшілігінде кеңестер құрылды. 1917 жылдың 7 наурызда Әулиеата горнизонының солдаты Тюрин қаласында митинг өткізді. Онда солдаттар мен жұмысшылардың кеңесі құрылды. 1917 ж. 27 және 31 мамырда өткен жұмысшылар мен солдаттар депутаттарының Сырдария облыстық кеңесі отырысында Әулиеата уезінің II болысынан болыстық атқару комитетінің сайлау кезінде жіберілген бұрмалаушылық жөніндегі шағымдарын талқылаған. 1917 ж. 2 мамырда солдаттар мен жұмысшылар депутаттарының Әулиеата және Бішкек кеңесі бірлескен комиссиясы жазда қуаңшылықтан егіннің және шөптің күйіп кеткенін хабарлап, күзде аштықтан халықты аман алып қалудың шараларын белгілеуді өтінген. 1917 ж. 11 сәуірде солдаттар мен офицерлер депутаттарының комитеті Әулиеата жұмысшылар депутаттар кеңесіне бірікті. Оны слесарь Н.Чернышев басқарды. 1917 ж. 24-25 қыркүйекте жұмысшылар мен солдаттардың Әулиеата кеңесі халықтың талабына сәйкес жалдаптардың қоймаларын тінтіп, асықты ашыққан тұрғындарға таратылып берді. Басмашыларға қарсы күресіп, Кеңес өкіметінің орнығуына аянбай күш жұмсады.

Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнатылуы

Социалистік шаруашылық пен мәдениеттің негіздерін жасау Өңдеу

Кеңес үкіметі жеңгеннен кейін Қазақстанда да ескі мекемелер оның ішінде уақытша үкіметтің комиссарлары, отарлау чиновниктік - әкімшілік, қоныстандыру басқармасы, сот жүйесі жойылып, Қазақстанда жаңа үкіметтің басқару жүйелері құрыла бастады. Жергілікті жерлерде шаруа Кеңестері, халық шаруашылығы Кеңестері құрылды. Кеңестердің атқару комитеттері жанынан денсаулық сақтау, әділет, қаржы, ағарту, жер, өнеркәсіп бөлімдері ұйымдастырылды. Бұл шаралар Кеңес үкіметі жауларының қарсылыығын туғызды. Сондықтан ішкі конрреволюцияға қарсы күресу үшін қазақ жерінде Бүкілроссиялық төтенше комиссиясының (Б.Т.К) органдары құрылып, қызыл террор енгізілді.

1918 жылы 21 наурызда Орынборда Кеңестердің бірінші Торғай облыстық съезі басталды. Съезде жергілікті басқару жүйесі, әлеуметтік мәселелер жайында қаулы қабылданды. Бұл съездің қаулысы бойынша Алаш қозғалысының үнқағазы «Қазақ» газеті жабылды.

1918 жылы 20 сәуірде Ташкентте Түркістан Кеңестерінің V съезі болды. Бұл съезде құрамында Жетісу облысы бар Түркістан автономиялы Кеңестік Социолистік республикасы жарияланды.

Ұлтаралық қайшылықтар саясатын жоюда шұғыл шаралар белгіленді. Верныйда орыс – қазақ қатынастарын реттеу жөніндегі комитет құрылды. (Комиссардың орынбасары Т. Бокин) қазақ, ұйғыр, орыс қатынастарын реттеу жөніндегі комитет жұмыс істеді (Комиссардың орынбасары А. Розыбакиев.)

Кеңес үкіметі өлкедегі ірі өнеркәсіпті, банктерді, тасымал жолдарын мемлекет қарамағына алды. Кәсіпорындарда 8 сағаттық, шахталар мен кеніштерде 6 сағаттық жұмыс күні енгізілді. Капиталистер мен патша чиновниктерінің иелігіндегі 3,5 млн десятина жер кедей шаруаларға бөлініп берілді. Большевиктер «жоғарыдан» коммуналар мен ауылдарды көбейтуді жүзеге асырып, орташаларды социализмге күштеп енгізбек болды. 1918 жылы сәуірде Петроградта Семей облысына 200 отбасы орыс жұмысшылары көшіп келіп, ауылшаруашылық коммуналарын ұйымдастырды.

1918 жылы 17 мамырда «Суландыру жұмыстарына 50 млн. сом қаржы бөлү туралы» декрет қабылданды.

Қазақстанда осы жылдары мәдени құрылыс бағдарламасы жүзеге асырылды: - Мектептерде ана тілінде тегін оқыту енгізілді. - Ақмола халыққа білім беру бөлімінің бастығы С. Сейфуллин болды. - Бөкей облысының халыққа білім беру комиссары С. Мендешев болды.



7 Қазақстан азамат соғысы жылдарында

Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда — казак атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды. Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылы 5—13 желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде Уақытша халықтық кеңес — «Алашорда» (Алаш автономиясы үкіметі) құрылды. Азамат соғысы басталысымен Алашорда бастаған және Кеңестер мен большевиктерді қолдаған екі жақ бір-біріне қарсы тұрды.

Жазында Орал, Ақмола, Семей және Торғай облысынын басым бөлігін ақ гвардияшылар толықтай дерлік басып алды. Семей облысы жағынан Жетісудың солтүстігіне қарай бұзып-жарып өтіп, 21 шілдеде Сергиопольді қолдарына қаратты. Оларды станицалардағы бүлікші қазақтар қолдады.

22 шілдеде Жетісу облысы атқару комитетінің қаулысымен Жетісу майданы әскерлерінің штабы құрылды. Алайда облыстың біріккен қарулы күштері ақ гвардияшыларға соққы бере алмады. Қызыл гвардия отряды командир И. Мамонтовтын қайтыс болуына байланысты Абакумов станицасына қарай шегінуге мәжбүр болды. Қоныс аударушы шаруалардың үлкен тобы Черкасск селосында қорғаныс шарасын ұйымдастырды. Бұл «Черкасск қорғанысы» деп аталды.

1918 жылы жазда Кеңес өкіметі Қазақстанда Жетісудың басым бөлігінде, Сырдария облысында, Торғай облысынын оңтүстік өңірлерінде және Бөкей Ордасының бірқатар аумағында ғана сақталып қалды.

Азамат соғысы жағдайында барлық материалдық ресурстарды, бірінші кезекте азық-түлікті майдан қажетіне жұмылдыру халықтың әр түрлі топтары арасында азық-түлікті тұтынудың жаңа әдісін енгізу қажеттігі туындады. Бұл күрделі міндетті шешу үшін Кеңес үкіметі Азамат соғысы басталысымен «әскери коммунизм» саясаты деп аталатын экономика саласында төтенше шаралардын тұтас жүйесін енгізді. «Әскери коммунизм» саясаты өндіріс пен бөлуді орталықтандырудың мемлекет қолына елдің қорғаныс мүдделеріне сай азық-түлік пен шикізат, өнеркәсіп өнімдерін т.б. ресурстарды шоғырландыру мен тиімді пайдалануды көздеді. Ірі кәсіпорындармен қатар орта, тіпті ұсақ кәсіпорындар да национализациялануы, астық монополиясы мен азық-түлік салғырты және жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігі енгізілуі тиіс болды.

«Әскери коммунизм» саясатының негізгі мәні азық-түлікті жоспарлы түрде болу болып табылды. Кеңес өкіметі В.И. Лениннің айтуы бойынша «шаруалардың өңдірген өнімінің өздерінін күнкөрістеріне жететін шағын бөлігінен басқасының бәрін армия мен өнеркәсіптің мұқтажы үшін мәжбүрлеу жолымен» алуға тиіс болды. Азық-түлік салғырты шаруалардан «артық өнімді» тартып алу үшін қарулы азық-түлік отрядтары мен армияға артықша құқық берді.

Әскери коммунизм саясаты

«Әскери коммунизм» саясаты РКФСР-дағы нысанда, дәл сондай ауқымда жүргізілмегенмен, оның жекелеген элементтері Қазақстанда да іске асырылды. Қазақстанның революция орталығынан алыс жатқандығы, өлкенің едәуір аумағында жүріп жатқан әскери қимылдардан шаруашылықтың құлдырауы, жекелеген уездер мен облыстардағы шаруашылық-экономикалық дамудың өзіне тән ерекшелігі және басқа факторлар өлкеде азық-түлік салғыртын енгізуге мүмкіндік бермеді. Бұл саясатты толықтай жүзеге асыру негізгі астықты өңірлерді «ақтардан» азат еткеннен кейін, яғни 1920 жылдың басында ғана мүмкін болды.

Бұл екі арада Азамат соғысы елде кеңінен қанат жая түсті. Қазақстанмен шектесетін аумақтарда бірқатар аймақтық кеңеске қарсы үкіметтер пайда болды.

Антанта елдері қолдаған чехословак корпусының көмегімен Самарада әсер-ақгвардияшылар үкіметі - Құрылтай жиналысы комитеті (Комуч), Омбыда адмирал Колчак баскарған Уақытша Сібір үкіметі құрылды. 1918 жылы 18 қаңтарда Орынбордан куылған атаман Дутов Кенестерге қарсы қайта шабуылға шықты, 1918 жылы 3 шілдеде Орынборды басып алып, Кеңестік Түркістанды Орталық Ресейден бөліп тастады.

Қазақстанның көптетен өңірлерінде Азамат соғысының етек жайып, Кеңес өкіметін құлату жағдайларында Алашорда (Алаш автономиясының үкіметі) Кеңестерге қарсы бірігіп күресу үшін Орынборда атаман Дутовпен одақ құрды. Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен және Самарадағы Құрылтай жиналысы комитетімен (Комуч) тығыз байланыс орнатты, Кеңестерге қарсы бірлесе күрес жүргізу мақсатымен Орал, Сібір және Жетісу қазақтарымен байланысын нығайта түсті.

Азамат соғысының барысы саяси шешімдерді қарулы күштердің қимылымен бекітіп отырмаса, олар сөз жүзінде қала беретіндігін көрсетті. II Бүкілқазақ съезінің шешіміне сәйкес Алаш басшылығы жалпы саяси мәселелер — Құрылтай жиналысы мен ұлттық автономия мәселесін жүзеге асырумен қатар, аймақтық үкіметтермен байланыс орнату үшін тездетіп ұлттық қарулы күштерді құруы тиіс болды.

1918 жылы маусымда Алашорда үкіметі жергілікті жерлерде нақты билікке қол жеткізу үшін біркатар декреттер қабылдады, соған сәйкес Алаш автономиясының аумағында Кеңес өкіметі шығарған барлық құжаттар мен заң актілері жарамсыз деп танылды. Алашорданың жанынан «большевиктермен күресу үшін жігіттерді әскерге шақыру» міндетін орындайтын «әскери министрліктің қызметін» атқаратын үш адамнан тұратын әскери кеңес құрылды.

1918 жылғы 24 маусымдағы заң актісімен «Алаш аумағында 1917 жылы 17 маусымда Уақытша үкіметтің қаулысымен енгізіліп, оны Кеңес өкіметі жойып жіберген земстволық мекемелер қайта қалпына келтірілді». Сонымен бірге Алаш автономиясы барлық әдіс-амалдармен жаңа құрылған Ресей үкіметтерінен II Бүкілқазақ съезі шешімінің негізінде қазақ автономиясын мойындауларына бар күшін салды. Әр түрлі үкіметтермен (Құрылтай жиналысының комитеті, Сібір облыстық думасы, Уақытша Сібір үкіметі және т.б.), Ресейдің бірқатар саяси партияларының көсемдерімен келіссөздер жүргізе отырып, Ә. Бөкейханов бастаған Алашорда басшылары қандай жағдай болса да қазақ халқына ұлттық мемлекеттілік құру мүмкіндігін күн тәртібіне қойды.

Қазақ Ұлттық автономиясын құру туралы II Бүкілқазақ съезінің шешімін жүзеге асыруға кіріскен Ә. Н. Бөкейханов бірден кезек күттірмейтін бірқатар маңызды мәселелерді қарастырды. Қазақстанның батысында, солтүстігінде, шығысында саяси жағдай әр түрлі еді. Алаш қайраткерлерінің басқа саяси күштерге қатынасы да түрліше қалыптасты. Бөкейханов пен онын айналасындағылар бұл жағдайларды толықтай есепке алды. Семейде Кеңес өкіметі құласымен осында келген Ә.Н. Бөкейханов жаңа жағдайда қимыл жасау тактикасы туралы нұсқау берді. Облыстар мен уездердегі өз әріптестеріне тапсырыс берген нұсқауларының мәтіні Алаш көсемінің мәселеге әр қырынан келгендігін көрсетеді. Мәселен, Орынбордағы Торғай облыстық Алаш комитетінің басшысы Сейітқазым Қадырбаевқа жіберілген жеделхатта былай делінеді: «24 маусымда Алашорда өз жұмысына кірісті. II Бүкілқазақ съезінің шешімдерін жүзеге асыратын болады. Башқұрт және Сібір автономияларына туысқан автономиялар ретінде қараймыз. Большевиктерді тарату ісінде олармен одақтаспыз. Басқа облыстарда да тізе қоса отырып жұмыс істейміз. Торғайда Алашорданың облыстық бөлімін, уездерде уездік бөлімдерін ашуға кірісіңіздер. Олардың мүшелері земстволық мекемелерден құралсын. Уездік бөлімдер 3—5 адамнан тұрады, олардың біреуі қазақ милициясына қатысты істерді жүргізеді. Екіншісі ақша қаражатын жинаумен айналысады. Земство белгілі бір уақытка дейін сақталады. Земство ісіне Алашорда араласпайды.

Алашорда саясат және мәдениет саласындағы қазаққа қатысты істерді жүргізеді. Қазақ халқы үшін Алашордадан басқа өкімет жоқ. Әр болыстан халық милициясын құру үшін дереу 30 жігіттен жинаңыздар. Қару-жарақ, киім-кешекпен қамтамасыз ету, офицерлерді оқыту мәселелері бойынша Дутовпен сөйлесіңіздер. Ақмола мен Семей облыстарында жігіттер жиналып жатыр. Семейлік жігіттер Алтай губерниясындағы ұрыстан жеңіспен оралды... Дутовпен және Ахмед-Закимен (Валидимен) байланысыңыздар, Түркістанды большевиктерден азат ету үшін қолдан келген барлық мүмкіндікті пайдаланыңыздар. Бұл мәселеде Алашорда Дутовпен және Ахмед-Закимен бірдесе әрекет етеді.

Әлімхан (Ермеков. — авт.), Ахмет(Байтұрсынов. — авт.) және Мырзағазы (Есболов. — авт.) Омбыдағы Сібір үкіметімен келіссөз жүргізуде. Большевиктер құйыршықтарына ешқандай аяушылық болмасын! Алашорда төрағасы Әлихан (Бөкейханов)».




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...