Арайлым Тынышбай Демократияның тарихи формалары



Дата12.04.2022
өлшемі15.42 Kb.
#220482
түріСабақ
Байланысты:
политология 11
заявления на выход Аслан 13, 1 Н. . Назарбаевты « аза станны егемен мемлекет ретінде алыпт (1)


Арайлым Тынышбай

Демократияның тарихи формалары
1. Демократияның кемшіліктері мен құндылығы.

Демократия сабақтары.


Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:

1. Мемлекет түрі.

2. Теңдік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім шығару принциптеріне негізделген ұйым түрі.

3. Қоғамдық құрылымның мұраты.


Демократия — халықтың билік қайнары ретіндегі танылуын негіз еткен, қоғамның саяси қауымдасу формасы. Демократиялы қоғамда азаматтарға шынайы құқықтар мен еркіндіктер, мемлекеттік мәселелерді шешуге қатысу мүмкіндіктері беріледі. Демократияның мәні мен маңызды нышаны — тұлғаға еркін құқық беру, адамның жеке басын қадірлеу болып табылады. Демократия әр елде әр түрлі деңгейде қабылданған тетіктер арқылы қоғамның өзгелермен терезесі тең мүшесі болып, өз тұрғысын білдіру, өз дауысын естірту мүмкіндігін алған адамның мемлекетті басқаруға қатысу құқығы. Демократия нәсіліне, жынысына, тіліне, ұстанатын дініне, әлеуметтік тегіне, мүліктік жағдайларына, көзқарастарына қарамастан, барлық азаматтардың теңдігін қалайды.
Демократия - әлеуметтік өмір агенттері өздері құрған билік құрылымында шешімдердің қабылдануына тең дәрежеде қатыса алатын басқару формасы болып саналады. Демократия өз тамырын алғашқы басқару құрылымдары мен шешімдерді әлеуметтік өмірдің қатысушылары тікелей өздері қабылдаған қоғамның мемлекетке дейінгі кезеңінен алады. Биліктің демократиялық тәртібі 2-ге бөлінеді: президенттік ж/е парламенттік басқару. Президенттік билеу кезінде атқарушы орган парламентке бағынбайды. Ал биліктің парламенттік формасы бойынша ел басшысы парламентке бағынады. Демократиялық тәртіпке халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген және ол үшін қажетті жағдайлар жасалған биліктің түрі, мемлекеттік-саяси құрылыс. Мұнда азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік беріледі, саяси партиялар, ұйымдар, мекемелер кедергісіз жұмыс істейді. Демократиялық жүйеде үкіметтің билігін шектеп отыратын, бақылау тетіктері мықты болады. Жалпыға бірдей сайлау құқығы орнатылады. Демократиялық қоғам - ашық қоғам. Ол басқа қоғамдармен, мемлекеттермен жан-жақты байланыстарды жүзеге асырады.
Демократияның қозғаушы күштері. Демократия өзінен-өзі немесе уақыты жеткенде орнай қалмайды. Өзге демократиялық елдерде жасалып жатқанның бәрін көшіріп әкеліп те демократия іргетасын қалауға болмайды. Демократиялық ұстанымдардың қоғам өміріне нық орнығуы үшін бірқатар жағдайлар керек. Олардың бастылары ретінде мыналарды атауға болады:

* экономикада нарықтық қатынастардың орнығуы;

* отандық өнеркәсіптің дамуына жағдай жасау;

* кәсіпкерлер мен бизнесшілерді түрлі салықтармен немесе қолдан жасап алған заңдармен тұншықтыратын сыбайлас жемқорлардан корғау;

демократияның бірден-бір шарты болып табылады.
2. Қазақстандағы демократияландырудың негізгі кезеңдері жөне ерекшеліктері.
Қазақстан дамудың  демократиялық жолын таңдап алған мемлекет ретінде оның өрістеуіне мүдделі. Сондықтан елде демократияға тән ұжымдық шешімдер саласы, идеалды жүйе, онда барлық қауымдастыққа қатысты шешімдерді оның бүкіл мүшелерінің қабылдауы және олардың қандай да бір шешімді қабылдауға тең құқықтары бар. Бұл екі қағиданы ұстау дегенді білдіреді: ұжымдық шешімдерді қоғамдық бақылау және осы бақылауды жүргізу кезінде теңдікті сақтау мақсат етілді. Шешім қабылдауда азаматтардың мұндай қатысуы саяси бағыт пен әлеуметтік-экономикалық реформалар барысына әсер ету формасымен көрінеді. Мұндай әсер тиімді түрде қоғамдық бірлестіктер, ең алдымен, партиялар мен қозғалыстар арқылы жүзеге асырылады. Шынымен де, азамат тек өзге азаматтармен бірлескенде ғана қоғамға тиімді ықпал ете алады.

Партиялық жүйенің  мемлекет пен азаматтық қоғам  арасында  делдал қызметін орындай  алу мүмкіндігі  бірнеше факторларға  байланысты: мемлекеттік құрылымдардың  әрекетіне және қоғамдық даму қажеттілігі  туралы ақпараттық оларға дүрыс түсуіне; бұл ақпараттардың мемлекеттік және азаматтық инстиуттарға әсер ету күшіне; бұл институттардың қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында пайда болатын қайшылықтар мен шиеленістерді көтере алуына қазақстандық саяси партиялар осы талаптар деңгейінде қызмет жасауды мақсат етуде.



Партиялық жүйелер мемлекет және азаматтық қоғам мен оның сыртындағы қауымдастықтардың жеке институттары тарапынан болатын демократиялық нормалардың бұзылуына бірден әсер етуі керек. Оларға дағдарысты жеңуге, қоғам үшін маңызды шешімдерді қабылдауда жетекші рөл ойнауға, ұлттық бірлікті нығайтуға және ішкі шиеленісті алуға тура келеді.
Дегенмен, саяси  партиялар мен олардың мақсатына деген бүгінгі көзқарастар әртүрлі. Олар саяси жүйенің үнемі әрекеттегі институты ретінде қарастырылады, оның рөлі тек сайлауға қатысумен шектелмейді. Дәл осындай түсінік саяси партиялар туралы жаңа заңнамаға тән. Олардың рөлі тек сайлау үдерісінде ғана емес, сонымен бірге саяси үдерісте де маңызды екендігі Қазақстан Республикасында саяси партиялар туралы заңнамада, саяси партиялар туралы ережелері және өзге де нормативті құқықтық актілерге негізделеді.
Көппартиялық жүйені құрастыру үрдісі қиын және көп қырлы процесс. Қазіргі кездегі көппартиялық тіркелген бірнеше саяси партиялардың болуына байланысты емес. Бұл ретке келтірілген, нақты қызмет атқаратын жүйе, онда саяси партиялар тең құқықтық жағдайда және қоғамның негізгі топтары мен қабаттарына әсер ету үшін бәсекеге түседі, ол сайлаушылардың еркін айқын білдіре алуына байланысты партияның біліктілігі ротация қағидасы қамтамасыз етілетін жүйе.
Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптасу динамикасы өте  көп қырлы болды. Кеңес Одағы  ыдырауынан басталған бұл құбылыс  ұлттық мүдделер идеясында топтасқан  көптеген саяси партияларды өмірге әкелді. Олардың біршамасы біртіндеп демократиялық қоғам платформасына бет бұрды. Сонымен қатар, Қазақстандағы көппартиялықтың дамуының елдегі партиялық жүйені партогенез бен партиялық жүйенің қызметін анықтайтын тарихи, демографиялық ерекшеліктермен, саяси сипаттымен, этномәдениеттік өзіне тән белгілерімен тығыз байланысты екені анықталады. Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтың мемлекетті қалыптастыруда саяси партиялардың рөлін түсіну үшін Қазақстан жоғарғы басшылығы ішкі саясаттағы саяси партиялар мен қозғалыстарға қатынасы  және солармен ынтымақтастық арқылы елдің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін жүзеге асыруды нысанаға алғанын ерекше атап өту керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан