В2 - Құрылымдық қорғаныс Ақпаратты жіберетін жасырын арналарға бақылау жүргізе отырып,барлық субъектілерге қолданылатын дискрециялық және мандатты қатынауды басқаруды ескеретін формалды анықталған және нақты құжатталған қауіпсіздік моделі
Тиісті критерийлары:
Тестілер құпия ақпарат алмасу арналарының қатынау қабілеттілігінің шектеуін құптайды
Есептеу базасы жақсы құрылымданған және тәуелсіз модульдерден тұрады
В3 - Қауіпсіздік домендері Барлық қорғау механизмдері қауіпсіздік ядросында шоғырлануы керек.Аудит құралдарының жұмыс істеу жауапкершілігіне және жүйені қалпына келтіруге администраторжауапты.
Тиісті критерийлары:
Жүйенің жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру құралдарының бар болуы қажетті.
А - Верификацияланған (тексерілетін) қауіпсіздік
Тестілеу сенімді есептеу базасының формалдық спецификациясының жоғары деңгейін қадағалап, өндіруі қажет
Формальды спецификациялық жоғары деңгейлі болуы тиіс. Заманауи әдіс формалды спецификация мен верификациялық жүйені қолданады.
Конфигурациялық механизм басқару жүйесі бүкіл өмір циклін және барлық жүйе компаненттерін, оған тиесілі қауіпсіздік әрекеттерін қамтамасыз етеді.
Кепілдік түрлері[өңдеу]
Кепілдіктің екі түрі болады: операциялық және технологиялық. Біріншісі жүйенің сәулеті және жүзеге асырылу жағына, ал екіншісі - құрастыру және сүйемелдеу әдістеріне қатысты.
Есепберушілік[өңдеу]
Есепберушілік (немесе хаттамалау тетігі) қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады. Сенімді жүйе қауіпсіздікке байланысты барлық оқиғаларды тіркеп отыруы керек, ал хаттаманы жазу-жүргізу тексерумен (аудитпен – тіркелу ақпаратына талдау жасаумен) толықтырылады.