Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзышылықтар Орындаған: С. Жақсылық

Loading...


Дата08.04.2020
өлшемі64.44 Kb.

Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзышылықтар

Орындаған: С. Жақсылық

Ж.Али

Тобы: КІ-18-ҚБ

Тексерген: Куаналиева Г.А.

2014 жылғы Қылмыстық кодекстің 7-тарауы ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға арналған. Мұндай жеке тарау бұрын қолданыста болған қылмыстық кодекстерде болған емес және осы тарауға жататын қылмыстық құқық бұзушылық құрамдары үшін жауаптылық Ерекше бөлімнің әрбір тарауында арнайы баптар арқылы көрсетілген ретте жүзеге асырылатын

  • 2014 жылғы Қылмыстық кодекстің 7-тарауы ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға арналған. Мұндай жеке тарау бұрын қолданыста болған қылмыстық кодекстерде болған емес және осы тарауға жататын қылмыстық құқық бұзушылық құрамдары үшін жауаптылық Ерекше бөлімнің әрбір тарауында арнайы баптар арқылы көрсетілген ретте жүзеге асырылатын

Мемлекетіміздің экономикалық , ғылыми дамуының нәтежиесінде бұл саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды жеке салаға біріктіріп , әрбір қылмыс құрамының ерекшеліктеріне қоғамдық қауіптілігіне және құқыққа сыйымсыз іс-әрекеттеріне қарай жеке сипаттама беріліп ,жауаптылық негіздері айқындалуы өмір қажеттілігінен пайда болған құбылыс. Бұл тарауға жататые қылмыстық құқық бұзушылық құрамдары үшін жауаптылық ҚК-ның 205-213 баптарында көзделген . Енді осы қылмыстық құқық бұзушылық құралдарының жеке құрамдарына талдау жасайық.

  • Мемлекетіміздің экономикалық , ғылыми дамуының нәтежиесінде бұл саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды жеке салаға біріктіріп , әрбір қылмыс құрамының ерекшеліктеріне қоғамдық қауіптілігіне және құқыққа сыйымсыз іс-әрекеттеріне қарай жеке сипаттама беріліп ,жауаптылық негіздері айқындалуы өмір қажеттілігінен пайда болған құбылыс. Бұл тарауға жататые қылмыстық құқық бұзушылық құрамдары үшін жауаптылық ҚК-ның 205-213 баптарында көзделген . Енді осы қылмыстық құқық бұзушылық құралдарының жеке құрамдарына талдау жасайық.

8-тарау. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы Қылмыстық құқық бұзушылықтар

  • 205-бап. Ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе телекоммуникациялар желісіне құқыққа сыйымсыз қол жеткізу
  • 206-бап. Ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру
  • 207-бап. Ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникациялар желісінің жұмысын бұзу
  • 208-бап. Ақпаратты құқыққа сыйымсыз иеленіп алу
  • 209-бап. Ақпаратты беруге мәжбүрлеу
  • 210-бап. Зиян келтіретін компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату

211-бап. Қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату

  • 211-бап. Қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату
  • 212-бап. Құқыққа қайшы мақсаттарды көздейтін интернет-ресурстарды орналастыру үшін қызметтер ұсыну
  • 213-бап. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодын, абонентті сәйкестендіру құрылғысын құқыққа сыйымсыз өзгерте , сондай-ақ абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгертуге арналған бағдарламаларды жасау , пайдалану, тарату

205-бап. Ақпаратқа , ақпараттық жүйеге немесе ақпараттық-коммуникациялық желіге құқыққа сыйымсыз қол жеткізу

  • Қылмыстық құқық бұзушылық объектісі- ақпаратқа жүйеге немесе ақпараттық- коммуникациялық желіне реттейтін қоғамдық қатынастар. Объективті жағынан – қылмыстық құқық бұзушылық құрамы электрондық жеткізгіштегі заңмен қорғалатын ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе ақпараттық-коммуникациялық желіге азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде бұзуға әкеп соққан қасақана құқыққа сыйымсыз іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Қ.Қ.Б. субъективтік- тек тікелей қасақаналықпен, пайдакүнемдік ниетпен істеледі. Қ.Қ.Б субъектісі-16 жасқа толған , есі дұрыс адам.

206-бап. Ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру


Қ.Қ.Б объектісі- ақпаратты құқыққа негізсіз, өзінше түрлендіріп, заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға қол сұғу болып табылады. Қ.Қ.Б объективтік жағы- электрондық жеткізгіште сақталатын , ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша берілетін, заңмен қорғалатын ақпаратты қасақана құқыққа сиымсыз жою немесе түрлендіру, сол сияқты ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізу , мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзу арқылы іске асырылады. Қ.Қ.Б. субъективтік жағы- тікелей қасақаналық пайдакүнемдік ниетпен істеледі. Қ.Қ.Б. субъектісі- 16-ға толған есі дұрыс адам.

207- б а п. Ақпараттық жүйенің немесе ақпараттық-коммуникациялық желінің жұмысын бұзу

  • Қылмыстық құкық бұзушылық объектісі - ақпараттық жүйе немесе ақпараттық- коммуникациялық желінің жұмысын реттейтін қоғамдық катынастар. Қылмыстық құкық бұзушылық объективтік жағынан - ақпараттык жүйенің немесе ақпараттық-коммуникациялық желінің жұмысын бұзуға бағытталған қасақана әрекеттер (әрекетсіздік) іс-әрекеттерді істеу арқылы жүзеге асырылады. Субъективтік жағынан қылмыстық қол сұғушылық тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық құкық бұзушылық субъектісі 16-ға толған, есі дүрыс адам.

208- ба п. Ақпаратты құқыққа сыйымсыз иеленіп алу

    • Қылмыстық құқық бұзушылық объектісі - ақпараттық құқықтық жүйелер арқылы қорғалатын ақпаратты құқыққа сыйымсыз түрде өз бетімен көшіру немесе заңға қайшы әрекеттер арқылы иеленіп алуға тыйым салатын қоғамдық қатынастарды бұзу арқылы көрініс табады. Объективтік жағынан қылмыстық құкық бұзушылық-электрондық жеткізгіште сақталатын, ақпараттык жүйеде қамтылатын немесе ақпараттық-коммуникациялык желімен берілетін заңмен қорғалатын ақпаратты қасақана құкыққа сыйымсыз көшіру немесе өзгедей құкыққа сыйымсыз иеленіп алу, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құкықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуга әкеп соғу арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі 16-ға толған, есі дұрыс адам

209- бап. Ақпаратты беруге мәжбүрлеу

  • Қылмыстық құқық бұзушылық объектісі ақпараттық жүйе немесе ақпараттық-коммуникациялық желімен берілетін, заңмен қорғалатын ақпараттық жүйені реттейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан - күш қолдану не мүлікті жою немесе бүлдіру қатерін төндіріп, сол сияқты жәбірленушіні немесе оның жақындарын масқаралайтын мәліметтердің жариялануы жәбірленушінің немесе оның жақындары- ның мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді тарату қатерін төндіріп, электрондық жеткізгіште сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе ақпараттық коммуникациялық желімен берілетін, заңмен қорғалатын ақпаратты беруге мәжбүрлеу арқылы іске асырылады. Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен, жеке басының мүддесін қорғап жүзеге асырылады. Қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі - 16-ға толған, есі дүрыс адам.

210- ба п. Зиян келтіретін компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату

Қылмыстық құкық бұзушылық объективтік жағынан- электрондық жеткізгіште сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе ақпараттық-коммуникациялық желімен берілетін ақпаратты кұкыққа сыйымсыз жою, бұғаттау, түрлендіру, көшіру, пайдалану, компьютердің, абоненттік құрылғының, компьютерлік бағдарламаның, ақпараттық жүйенің немесе ақпараттық-коммуникациялық желінің жұмысын бұзу мақсатында компьютерлік бағдарлама, бағдарламалық өнім жасау немесе қолданыстағы бағдарламаға немесе бағдарламалық өнімге өзгерістер енгізу, сол сияқты осындай бағдарламаны немесе бағдарламалық өнімді қасақана пайдалану және (немесе) тарату жүзеге асырылады. Қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттері тікелей қасақаналықпен, пайдакүнемдік ниетпен, зиян келтіретін компьютерлік бағдарламалар өнімдерді жасау, пайдалану, өткізу арқылы істеледі. Қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі І6-ға толған есі дұрыс адам.

211- бап. Қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату

  • Қылмыстық құкық бұзушылықтың объектісі - шектелген электрондық ақпараттық ресурстарда тарату қатынастарын реттейтін қоғамдык қатынастар. Объективтік жағына қылмыстық құкық бұзушылық- азаматтардың дербес деректерін немесе Қазақстан Республикасының заңдары немесе олардың меншік иесі немесе иеленушісі қолжетімділікті шектелген өзге де мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттык ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату арқылы іс-әрекетпен жүзеге асырылады. Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық кұқық бұзушылық субъектісі- І6-ға толған , есі дұрыс адам.

212- бап. Құқыққа қайшы мақсаттарды көздейтін интернет-ресурстарды орналастыру үшін қызметтер ұсыну

  • Қылмыстық құкық бұзушылық объектісі - ашық ақпараттық коммуникациялық желіде жұмыс істейтін ақпараттық бағдарламалар қызметін реттейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан - ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істейтін ақпараттық-бағдарламалық кешендерді құқыққа қайшы мақсаттарды көздейтін интернет-ресурстарды орналастыру үшін ұсыну бойынша көрінеу құқыққа қайшы қызметтер көрсету арқылы белсенді іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық құкық бұзушылық субъективтік жағынан- тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі - 16-ға толған, есі дұрыс адам.

213- бап. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодын, абонентті сәйкестендіру құрылғысын құқыққа сыйымсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгертуге арналған бағдарламаларды жасау, пайдалану, тарату

  • Қылмыстық кұқық бұзушылық объектісі - ұялы байланыстың абоненттік құрылғысынан, абоненттің сәйкестендіру коды картасының төлнұсқасын жасау тәртібін реттейтін қоғамдық қатынастар болып табылады. Объективтік жағынан қылмыстық қол сұғушылық - Ұялы байланыстың абоненттік кұрылғысының сәйкестендіру кодын өзгерту, ұялы байланыс абонентін сәйкестендіру картасының төлнұсқасын жасау, егер бұл әрекеттер өндірушінің немесе занды иесінің келісімінсіз жасалу арқылы істеледі. Субъективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылық -тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық құкық бұзушылық субъектісі -16-ға толған , есі дұрыс адам

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • ҚР Қылмыстық кодексі
  • А.Н. Ағыбаев ҚР ҚК түсіндірме


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...