Анықтамалық ақпаратқа қатынау
Бағдарлама жұмысы барысында пайдаланушы пернесін басып анықтамалық ақпаратты ала алуы үшін, қосымшаның басты терезесінің HelpFile қасиеті анықтамалық жүйенің файл атынан тұруы, ал HelpContext қасиеті қажет бөлімнің сандық идентификаторынан тұруы керек (10.6-сурет). Мұндағы анықтамалық жүйе бөлімдерінің идентификаторлар нөмірлері анықтамалық жүйе жобасының [MAP] бөлігінде берілгендігін еске түсіріңіз.
10.6-сурет. HelpFile қасиеті анықтама файлының атынан тұруы керек
Қосымшаның анықтамалық жүйе файлын орындалатын бағдарлама файлы орналасқан бумаға орналастырған жөн.
Форманың әр компоненті үшін, мысалы енгізу өрісі үшін, өз анықтама бөлігін беруге болады. Фокус компонент үстінде болған кезде және пайдаланушы пернесін басқан кезде пайда болатын анықтама бөлімі осы компоненттің HelpContext қасиетінің мәнімен анықталады. Егер басқару элементінің HelpContext қасиетінің мәні нөлге тең болса, пернесін басқан кезде қосымша формасы үшін белгіленген анықтама бөлімі пайда болады.
Егер қосымшаға Анықтама батырмасын орналастыру керек болса, онда анықтамалық ақпарат басқаша енгізіледі – батырма үшін onclick оқиғаны өңдеу процедурасы құрылады. Ол winhelp функциясына қатынай отырып Windows Help (Winhlp32.exe файлын) бағдарламасын жүктейді. Winhelp функциясын шақырған кезде параметрлер ретінде келесі мәндер беріледі: анықтамалық ақпаратты шақыратын терезе идентификаторы; анықтамалық жүйе файлының аты; Windows Help бағдарламасы орындайтын әрекеттерді анықтайтын константа және нақтылаушы параметр.
Ескерту
Терезе идентификаторы – қосымша формасының Handle қасиеті. Handle қасиеті бағдарлама жұмысы барысында ғана қол жетімді болады, сол себепті Object Inspector терезесіндегі қасеттер тізімінде болмайды.
Егер нақты анықтама бөлімін шығару қажет болса, онда әрекетті анықтайтын параметр ретінде HELP_CONTEXT константасы пайдаланылады. Нақтылаушы параметр бұл жағдайда экранға шығарылатын анықтама бөлімін береді.
Төменде, мысал ретінде, квадраттық теңдеуді шешетін бағдарлама диалогтық терезесінің Анықтама (Button4) батырмасы үшін Onclick оқиғаны өндеу процедурасы келтірілген.
// Анықтама батырмасына шерту
procedure TForm1.Button4Click(Sender: TObject);
begin
winhelp(Form1.Handle,'sqroot.hip',HELP_CONTEXT,1); end;
Достарыңызбен бөлісу: |