Жобаны компиляциялау
Жоба файлы дайын болған кезде, жоба терезесінде орналасқан Save and Compile батырмасын шерту арқылы оны компиляцияға жіберуге болады. Дегенмен жобаны бірінші рет компиляциялаған кезде File мәзіріндегі Compile командасы арқылы орындаған дұрыс, осы кезде Compile a Help File терезесі пайда болады, осы терезеде Automatically display Help file in WinHelp when done (Компиляция аяқталғаннан кейін құрылған анықтамалық жүйені автоматты түрде көрсету) жалаушасын орнатып, Compile батырмасын шерту керек. Компиляция аяқталғаннан кейін экранда компиляция нәтижелері туралы ақпараттық хабарламасы бар терезе және егер компиляция сәтті аяқталса, құрылған ақпараттық жүйе терезесі пайда болады. Компилятормен құрылған анықтамалық жүйе файлы (HLP-файл) жоба файлы орналасқан бумаға орналасатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |