Анықтамалық ақпарат құжатының файлы
Анықтамалық ақпарат құжатының файлы белгілі бір құрылымды RTF-файлы болып табылады. Анықтамалық ақпараттың RTF-файлын, мысалы, Microsoft Word бағдарламасының көмегімен құруға болады. Алдымен анықтама бөлімдерінің мәтіндерін теріп алу керек. Бұл бөлімдердің тақырыптарын Заголовок стилінің бірімен, мысалы Заголовок1 стилімен безендіру керек. Әр бөлімнің мәтіні құжаттың жеке бетінде орналасуы керек («разрыв страницы» символымен аяқталуы керек).
Бөлімдердің мәтіндері дайын болғаннан кейін, нұсқамаларды (сноска) пайдаланып (10.1-кесте) анықтамалық ақпарат бөлімдерінің тақырыптарын белгілеп кету керек (нұсқамалар анықтамалық жүйенің компиляторымен RTF-файлын HLP-файлына, яғни анықтама файлына түрлендіру кезінде пайдаланылады).
10.1-кесте.
Достарыңызбен бөлісу: |