Анықтамалар 4 белгілеулер мен қЫСҚартулар


Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығын дамыту жаңартылған мазмұн жағдайындағы оның субъектілігін жетілдіру құралы ретінде



бет8/31
Дата31.12.2022
өлшемі357.15 Kb.
#405238
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
Байланысты:
Disser

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығын дамыту жаңартылған мазмұн жағдайындағы оның субъектілігін жетілдіру құралы ретінде



Бүгінгі күнде Қазақстанда жаһандық мәселелерге жауап бере алатындай деңгейде ұлттық мәнмәтіндегі жұмыстар кезең-кезеңмен жүзеге асырылуда. Жаңартулар жағдайында түзілген жаңа мазмұндағы білім беру бағдарламалары ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар болашақ мамандардың білім сапасына қызмет атқаратындай жағдайды көздеп отыр. Сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді міндеттейді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін дайындалып, ол өз кезегінде талап пен сұранысты қанағаттандыру жағдайында өзгертулермен толықтырылып келеді.
Осы орайда қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі жаңартулар, өзгерістер мен жаңалықтар мұғалімнің өткені мен бүгіні, келешегі жайлы ойланып, жаңа идеялармен жұмыс жасауға негіз болуда.
Мұндай жағдайларда білім алушыны өмір сүруге дайындау үшін академиялық білім, функционалдық дағдылар, жеке тұлғалық қарым- қатынастар мен құзыреттіліктер жеткіліксіз. Жаңа сапаның категориясы білім беру саласында қайта өзгеру үдерісінің жетістігін сипаттайды. Сонымен қатар әлемдегі қарқынды өзгерістер өзгеру феноменін түсіндіруді, дамудың болжамын, ғылыми тұрғыда жаңаны және инноватиканы адамның қабылдау заңы туралы жаңаны жобалау талап етілді.
Ендеше білім сапасын арттыруда ЖОО өзі даярлайтын маманның деңгейін, қабілетін, дарынын алдын-ала анықтау мен болашақта жүргізілетін жұмыстарын жоспарлауда бастауыш білім мазмұнын жаңартудың алғышарттарын басшылыққа алады:
- Қазақстан Республикасының бастауыш білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартының негізінде жаңартылған бастауыш білім беру мазмұнының тұжырымдамалық негіздері;
-Қазақстан Республикасының бастауыш білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын ендіру жағдайында білім беру процесін жобалаудың функционалдық негіздері; бастауыш мектеп педагогтерінің кәсібилігін дамытуда психологиялық-педагогикалық ілеспелеудің қазіргі бағыттарына жаңа көзқарастың туындауы.
Жаңартылған білім мазмұнына көшуде нормативтік-құқықтық базаның біршама өзгертулермен толықтырылғанын білеміз. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген ЖББМЖМС білім алушылардың дайындық деңгейіне берілетін жалпы ережелердің бірі ретінде дескрипторлар (descriptors) «студенттердің жоғары оқу орнындағы білімнің тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламаларын аяқтағанда игеріп шығатын білім, білік, дағды және құзыретінің деңгейлері мен көлемінің сипаттамасы», - деп көрсетіледі.
ЖОО-да болашақ педагог мамандарды даярлауда көрсетілген талаптар ЖББМЖМС білім алушылардың дайындықтың бірінші деңгейіндегі дескрипторларында берілген:
- білім алушы өзіндік алған білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана алуы;
-өзіндік пайымдаулар жасауға қажетті ақпараттар мен интерпретациялауды іске асыру үшін әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескерудің қажеттігі;
-мамандарға және маман еместерге ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.
Жалпы алғанда, жаңартылған білім мазмұнының негізгі идеясы - озық экономика білім беру мақсаттарын «білетін адамнан» «шығармашылықпен ойлайтын, әрекет ететін, өзін-өзі дамытатын адамға» ауыстыруды бағыттайды. Қандай жағдаяттар болмасын, адамды өздігінен шешуге ниетінің болуына, өмір сүруге бейімділігінің артуына, өзін-өзі білімдендіру мен өзін-өзі іске қосуға жетелейді.
Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу білім алуға конституциялық құқықтарды іске асыруды қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға және білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерін көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталып отыр.
Жоғарыдағы міндеттерден болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің жаңа мазмұндағы білім беру жүйесінде даярлануы іске асуда. Оның нәтижесінде Қазақстан Республикасының ЖОО бастауыш білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын ендіру жағдайында болашақ мамандардың кәсіби құзыреттіліктері жетілдіріледі.
Жаңартылған білім беру мазмұнын меңгерту мақсатында мектеп мұғалімдері біліктіліктерді көтеру курстарынан, қысқа мерзімді дайындық курстарынан өткізілуде, бірақ болашақ педагогтар тек Типтік бағдарламамен бекітілген оқу пәндерінің мазмұнын меңгеруде.
Осы сәйкессіздіктерді шешу мақсатында ЖОО оқытушы-профессорлық құрамы да біліктілікті жетілдіру курстарынан өткізілді, бірақ ол оқытушылар осы курстық білімдерін өз пәндерін оқытудың жаңа бір әдістемесі ретінде пайдалануда.
Сонымен жаңа педагогикалық парадигманы жүзеге асыруда педагогикалық жаңаша ойлауға, педагогикалық іс-әрекет әдіснамасына едәуір түзетулер енгізуді талап етеді. Қолданысқа ене бастаған, жаңаны құрушы білім

  • ұлт пен мемлекеттің инновациялық әлеуетіне ауысу динамикасының стратегиялық талабы. Бұл ЖОО-да болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығын дамытумен тікелей байланысты. Бірнеше дербес әдістемелік пәндер бойынша әдістемелік біліммен қамтамасыз етілуде жаңашылдықтың авторы бола алу жаңа білімді іске асырудағы субъективті идеялар болады. Бұған қойылатын көрсеткіш ретінде білімнің жаңа мазмұны бойынша студенттердің жаңа өзгерістерге даярлығын, жаңашылдықтың қажеттілігін түсіну, сол жаңашылдықтың құрамына стратегиялық негіздер құрастыру арқылы әр істің субъекті болуын, өзгертілген іс-әрекеттің озық үлгілерін ойлап шығаруын айтуға болады.

Қазақстандық білім беру жүйесін жаңарту жағдайында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби-педагогикалық даярлаудың тиімділігін арттырудың жолдарының бірі олардың әлеуметтік зияттылығын дамыту екені күмән келтірмейді. Оны іске асыру келесі құрамдас бөліктерді құрайды:

    • коммуникативтік-әрекеттік құрамдас бөлігі білім беру үдерісінде оқытушы мен студенттің субъектілік өзара әрекеттестік қабілетін ашатын белсенділікке ұмтылушылық;

    • мағыналы-құндылық құрамдас бөлігі - субъектілердің ойлау жүйесі мен қарым-қатынасы.

Бізге тәжірибе көрсеткендей және жоғарыдағы ойды қорыта кетсек, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығын дамыту арқылы келетін әлеуметтік аспектісі субъект-субъектілік педагогикалық әрекеттерді бірлесіп шығармашылықпен ұйымдастыру біліктілігі, өзін-өзі дамытуы, өзін-өзі ұйымдастыруы, өзін-өзі шығармашылықпен жүзеге асыруы, кәсіби тұлғалық өсуі бола алады.
Осы орайда ЖОО-дағы білім беру үдерісінде студенттердің әлеуметтік зияттылығын дамыту жағдайында оқытушы мен білім алушының арасындағы субъективтілік әрекеттің орын алуына әкеліп соқтырады.
Сонымен қатар тарихи-педагогикалық білім, ғылыми-педагогикалық, кәсіби-педагогикалық кейбір жағдайларда субъектілік сипат алатынына тоқтала келе, оған тұлғаның субъектілік көзқарасын, субъектілік рефлексиясын, авторлық жеке пікірін және т.б. жатқызуға болады. Егер де біз, зияттылықты студенттердің субъектіліктің шарты ретінде қарастырсақ, одан шығатын қорытынды – бұл жерде зияттылықтың көпжоспарлы, оның формалды сипаттамасы – қабілет, ал мазмұнды сипаттамасы – танымдық іс-әрекети пен іскерлік деуге болады. Кәсіби-педагогикалық дайындықтың кез-келген жүйесінің теориялық негізі кәсіби шеберліктің біртұтас тұжырымдамасы, оның негізі компоненттерін айқындауда басты бағдар болып табылады.
Болашақ педагогтардың әлеуметтік зияттылығын дамытуда іс-әрекеттің субъектісі оқытушы мен студент бола алады. Ал енді біз, субъект, субъектілік түсініктері жайлы кеңірек тоқталайық.
«Субъект» ұғымы (латынша – subiectum - бастаушы) – болмысты тану мен өзгертудің бастауы ретіндегі индивид немесе топ; белсенді жеткізуші деп аударылады. Ол жайындағы ғылыми түсінік сана мен тұрмыстың, руханилық пен материалдықтың бөлінуі тұрғысындағы Дидро (1713-1784) заманынан бастау алады. Субъектінің өз «өмірлік кеңістігі» болады. Ол тұлғаның әрекетінің қозғаушы күші болып табылатын мотивациялық құрылымына енетін ұмтылыстары, ниеттерінен тұрады.
Субъект мақсат қояды, жоспарлайды, ұйымдастырады және оған жету жолын бақылайды. Демек, субъект іс-әрекет мазмұны мен формасын анықтайды. Бұл тұста біздің зерттеп отырған мәселеміздің жағдайында студенттердің ішкі мотивациясы негізінде белсенділігінің бастамасымен байланысты болады.
ҚР білім мазмұнын жаңарту аясында өмірге еніп отырған бағдарламаның басты ерекшелігі, бастауыш сынып оқушысын тұлға ретінде тәбиелеу және оқушыны алған білімін өмірде қолдана білуге, проблемаларды шеше білуге дағдыландыру. Осы орайда бастауыш сынып мұғалімдеріне, үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дамыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған білім беру бағдарламасы – субъектілікке апаратын білім кепілі болып отыр.
Білім берудің жаңа парадигмасы бойынша субъектілік мына төмендегі үш кіріккен мәнді сапалармен сипатталады:
-өзін-өзі детерминалдандыру – өзінің ішкі өзгерістеріне және сыртқы белсенділігіне өзі себеп бола алу қабілеттілігі; өзіндік ресурстарды белсендіру мен іске қоса алу. Бұл қызмет тұлғаның ерік-жігерін ретке келтіре алуымен байланысты;
-өзін-өзі ұйымдастыру – өзінің ұмтылыстарының, армандарының жүйесін жасай алуға қабілеттілік, өзінің әлемді түсінуін қадағалай алуы. Бұл сапаның қызметі мақсаткерлікпен байланысты;
-өзін-өзі дамыту өзінің ішкі дүниесі мен қоршаған ортаның сандық өзгерістерден сапалық өзгерістерге өтуіне ықпал етуге қабілеттілік. Нағыз субъект өзі қатысқан іс-әрекеттің мотивтері мен мақсатын ұғынудан бастап нәтижесіне дейінгі құрылымына толықтай ие болады. Рефлексия негізінде өз әрекеттерінің барысын бағалай, түзете алады. Педагог мамандар өзіне тән өзіндік сана-сезімі және дербестігімен субъект болады, өйткені ол мәдениет көлеміне, кәсіби іс-әрекет тәсілдеріне, адамдармен мәдени қарым-қатынас түрлеріне ие болып, өзінің адами болмысын түсінеді. Ал бұл білімсіз мүмкін емес.
Бұл тұста әлеуметтік зияттылықты дамыту субъектіліктің құралы бола алады. Өзіндік психологиялық-педагогикалық ерекшелік тұстары да бар. Мысалы, субъект –оқытушы, субъект- студент санасындағы бейне, түрткі, сезім, мақсат және т.б. Оқытушы мен білім алушының іс-әрекеттеріндегі даму нәтижесінің болуы шарт, белгілі бір қайтарымдар арқылы рефлексиялық мәдениетке жол ашады. Сонымен қатар, субъектілерге әлеуметтік қоршаған ортаның әсерінің нәтижелері көмек берері анық.
И.Андреевтің пікірінше: «Өзін-өзі дамыту үрдісі жеке тұлғаның барлық өріс-түрткілерін (қажеттіліктерін) де, зияткерлікті де, көңіл-күйлік те, еріктікті де қамтиды, ал, ең бастысы, ол (өзін-өзі дамыту үрдісі) «өзіндік» үрдістерге: өзін-өзі тану, шығармашылықпен өзін-өзі айқындау, өзін-өзі басқару, шығармашылықпен өзін-өзі көрсету, өзін-өзі жетілдіру т.б. негізделіп, әрқашан оларды қызмет етудің жаңа деңгейіне көтереді, яғни оларды күшейте түседі».
Әлеуметтік зияттылықты және зияттылықты өздігінен ұйымдастыруға қабілеттіліктің маңызды детерминанты ретіндегі мотивтің іске асуына ерекше назар аударуымыз қажет. Әлеуметтік зияттылықтың дамуында және өзін-өзі тануға және өзін-өзі реттеуге қабілеттіліктің дамуында маңызды рөлді мотивациялар тетігі атқаратыны сөзсіз.
Даму мен өзін-өзі дамыту бір-бірінің қайнар көзі бола тұра, бірін-бірі байыта түседі. Болашақ мамандарда өзін-өзі дамыту әрекеті пайда болатын шабыт арқылы адамның рухани күштерінің ширығып өрлеуі, жоғары белсенділік танытуы, әрекеттің өнім беруімен әлеуметтік зияттылық дамуы жолында эмоциялық шомудың ұштасуымен сипатталады. Бұл жағдайда болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің субъективтілігі дамудың ең жоғары шегінде болса, олардың дамытпалы нәтижесі берері белгілі.
Жоғары білім берудің жаңа парадигмасы нәтижеде білім алушылардың құндылықтар жүйесін қайта қарауға әкелетін білімге бағытталып отыр. Өйткені білімнің өзінің құндылықтар жүйесі – субъектілердің өзін-өзі өзгертіп, өзін-өзі дамытуында мақсаттарға жетіп, бәсекелестік заңдарына шыдамдылық танытып, табысты өмір сүруге дайындау болып саналады.
Сондықтан заманауи қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуде маманның жеке тұлғасының өзін-өзі дамытуының мәні аса зор.
Жеке тұлғаның даму үрдісі оның кіретін сан алуан әлеуметтік қатынастарында жүзеге асатындығы белгілі. Бұл қалыптасу ережелерін қоғам белгілеп қойса да, жеке адамның өз ойын білдіру, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі таныту, өзін-өзі айқындау, өзін-өзі көрсету қабілетінің маңызы зор. Ал өзін-өзі дамыту дегеніміз – жеке тұлғаның ішкі белсенділігі арқасында орын алған даму.
Философиялық мағынасында субъект дегеніміз - сыртқы және ішкі дүниені мінсіз және нысандық-тәжірибелік іс-әрекетте танып, түрлендіретін саналы белсенділіктің иесі. Нағыз субъект өзі қатысқан іс-әрекеттің мотивтері мен мақсатын ұғынудан бастап нәтижесіне дейінгі құрылымына толықтай ие болады.
Зияттылықты ойдың иесі ретінде өзіндік пікір қалдырған А.Шопенгауердің тұжырымдамасында адам ерік пен зияттылықтың бейнесі ретінде қарастырылып, оның назарына адамның субъектілігінің сезімдік астарларынан гөрі ерік күші басымырақ келеді, -делінген. Бұдан шығатын қорытынды, ғалымның ойынша, әлеуметтік зияттылығы дамыған бастауыш сынып мұғалімінде кәсіби түрткінің болуы өзін-өзі дамытуға ұмтылыс берері анық.
А.А.Ухтомский адам өмірінің негізі – үздіксіз өзін-өзі жетілдіруінде, ол адамның доминантты мінез-құлығынан бастау алады деген ой түйеді. Оның жетекші идеясы – адамның зияттылығының дамуы. Бұл болжам бойынша шешім қабылдауда мидың әрекетті таңдау еркіндігі мен субъектінің ықтияр бостандығына сүйенеді. Ендеше болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өзін-өзі жетілдіруі – оның зияттылығы мен педагогикалық-психологиялық үдерістердің қызметі арқылы жүзеге асады.
Болашақ педагог маманның кәсіби іс-әрекеті тікелей қарым-қатынасқа байланысты, әрбір педагогикалық үрдісте үнемі өзараәрекеттестік орын алады. Оқытудың өзі білім алушы мен оқытушының бірлескен іс-әрекеті ретінде қарастырылады.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығын дамытуда субъективтілікті құрау жаңартылған білім берудің негізгі ерекшеліктерін талдап өтуді шарттайды. Олар:
-пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі;
-Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;

    • бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі;

-оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру;
-оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру;
-білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою;
-бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы;
-оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
ғылым министрлігі
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
бекіту туралы
Зертханалық жұмыс
Жалпы ережелер
арналған жиынтық
болып табылады
Қазақстан республикасының
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қысқа мерзімді
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
рсетілетін қызмет
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
пайда болуы
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
әдістемелік ұсыныстар
коммуналдық мемлекеттік
қарым қатынас
қызмет стандарты
мемлекеттік мекемесі
Жұмыс бағдарламасы