Анықтамалар 4 белгілеулер мен қЫСҚартулар



бет30/31
Дата31.12.2022
өлшемі357.15 Kb.
#405238
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Disser

ҚОРЫТЫНДЫ


Қоғамның қазіргі даму жағдайында білім беру жүйесіне, оның ішінде маман дайындау сапасына және көбінесе жоғары оқу орнында іргетасы қаланатын кәсіби маңызды қасиеттердің қалыптасу деңгейіне жоғары сұраныстардың қойылуы – заңды құбылыс. Өйткені қазіргі жоғары оқу орны өз кәсіби іс-әрекетінде және әлеуметтік өмірде табысты, бәсекеге қабілетті болашақ мамандарды даярлауы қажет.


Осы орайда қоғам мүшелерімен тұлғааралық қарым-қатынасқа бейім, қарым-қатынас стратегиясын өзінің іс-әрекетіне, шығармашылыққа бағыттай алуға қабілетті, әлеуметтік білімге ие болашақ маман даярлаудың алатын орны ерекше.
Зерттеу жұмысымыздың мақсат, міндеттерін орындаудағы теориялық талдаулар барысы мен алынған тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар негізінде төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:

  1. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығын дамытуды анықтауға байланысты түрлі отандық және шетелдік психологиялық- педагогикалық теорияларға, тұжырымдамаларға және ғылыми зерттеулерге талдау жасау арқылы диссертациялық жұмыстың теориялық-әдіснамалық негіздері анықталды. Зерттеуде бірнеше әдіснамалық тұғырлар негізге алынды. Олар: жүйелілік, синергетикалық, көпсубъектілі, тұлғалық іс-әрекеттік, акмеологиялық. Әдіснамалық тұғырлар өз кезегінде қарастырылып отырған мәселедегі құбылыстар мәнін бейнелейді.

  2. Зерттеу барысында «зияттылық», «әлеуметтік зияттылық» ұғымдарының категориялық аппараты түзіліп, «зияттылық – ой – өрісінің тереңдігін көрсететін, қарым-қатынас негізінде дамушы қабілет ретінде анықталып, ойлау өрісі кең ауқымдағы, ой белсенділігі және жылдамдығымен ерекшеленген адам ретінде, өзіндік мотивацияның жоғары деңейі арқылы қарым-қатынас негізінде үнемі даму үстінде болатын құбылыс деп, ал

«әлеуметтік зияттылық – тұлғаның кәсіби жетістікке жетуін, әлеуметтік мінез- құлық пен әлеуметтік ақпарат интерпретациясын шарттайтын, өз өмірінің белсенді құрылысшысы ретіндегі жоспар құра алуын, бәсекеге қабілетті маман иесі болуын, сапалы білім меңгеруге арналған тиімді іс-әрекетті жүзеге асыруын қамтамасыз ететін тұлғалық-кәсіби құрылым» деп нақтыланды.

  1. Теориялық-әдіснамалық негіздерге бағдарлану арқылы әлеуметтік зияттылықты дамытуға, анықтауға және зерттеуге мүмкіндік беретін болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығын дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды. Бұл құрылымдық-мазмұндық моделді құруда болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығын дамытудағы оның компоненттері (мотивациялық, мазмұндық, рефлексивті-бағалаушылық) өлшемдері, көрсеткіштері анықталып, оның жоғары, орта, төмен деңгейлері сипатталды.

  2. Болашақ мамандардың әлеуметтік зияттылығын дамыту бастауыш білімнің жаңа мазмұны жағдайында субъективтілікті жетілдіру құралы ретінде

танылуы - озық экономика білім беру мақсаттарын «білетін адамнан»
«шығармашылықпен ойлайтын, әрекет ететін, өзін-өзі дамытатын адамға» ауыстыруды бағыттайды. Жаңартылған білім мазмұнының нормативтік базасына сәйкес әдіснамалық, пәндік-теориялық, әдістемелік компоненттерден тұратын болашақ бастауыш сынып мұғалімінің моделі ұсынылды.

  1. Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің әлеуметтік зияттылығын дамытудың әдістемесі дайындалды: «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығын дамыту» элективті курсы және «Педагогикалық шеберлік» клубының ережесі мен бағдарламасы жасалынды.

Зерттеу нәтижелерін жүргізіп, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығын дамыту мақсатында төмендегідей ұсыныстар берілді:

«Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығын дамыту» атты элективті курсты, сонымен қатар зерттеу барысында жинақталған материалдарды пән мазмұнына енгізу;
-зерттеу тақырыбы аясында болашақ бастауыш сынып мамандарының ғылыми-жобалық іс-әрекетінде курстық және дипломдық жұмыстардың тақырыптары аясын кеңейту;

  • зерттеу тақырыбы бойынша болашақ бастауыш сынып мамандарының үздіксіз педагогикалық практика өту кезінде мұғалімдер үшін авторлық мектептер ашу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, авторлық бағдарламалар жасау, оқу-әдістемелік кешендер даярлау.

Зерттеу жұмысымызда осы мәселелер толық шешімін тапты деуге болмайды. Келешекте зерттеу мәселесі осы жұмыстағы ұсынылған теориялық- әдіснамалық негіздерді қолдана отырып, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығын дамытуды оқыту мәселесін қарастыру бағытында жалғасын табуы тиіс деп санаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет