Анықтамалар 4 белгілеулер мен қЫСҚартулар


Зерттеу мәселесі бойынша жүргізілген қалыптастырушы эксперименттің нәтижелері



бет29/31
Дата31.12.2022
өлшемі357.15 Kb.
#405238
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Disser

Зерттеу мәселесі бойынша жүргізілген қалыптастырушы эксперименттің нәтижелері


Әлеуметтік зияттылықтың жетілу шамасына қарай, субъектінің сыртқы, елеусіз, таза мінез-құлықтан шығатын жүріс-тұрысының сипаттамаларына бағдарлануы ішкі әрекеттерінің әрдайым саналы бола бермейтін мотивтеріне бағдар алуымен алмасып тұрады.
Р.Селман әлеуметтік зияттылықтың бес негізгі даму кезеңін бөліп көрсетеді. Жас бала ішкі, психологиялық және сыртқы, мінез-құлықтың физикалық қағидаларын ажырата алмайтын нөлдік, әлеуметтікке дейінгі кезеңі өзге адамдардың және өзінің меншікті ойлары мен сезімдері дербес шынайылыққа бөлініп шығып, бала қызығушылықтары қатарына қосылғанда аяқталады.
Әлеуметтік зияттылықтың дамуындағы алғашқы кезең: сыртқы және ішкі дүниенің саралану кезеңі – түрлі көзқарастарды, ниеттерді, әрекеттері келістіру кезеңімен алмасады. Әлеуметтік зияттылықтың екінші кезеңінде басқа адамның көзқарасымен қарауға әрекет жасап, серіктесіне өз көзқарасын өзіне өлшеп көруді ұсынады. Әлеуметтік зияттылықтың дамуындағы үшінші кезеңде жеке адамдар жүріс-тұрысындағы өзара тәуелділікті, өзара алғы шарт болатын түрлі, кейде қайшы мақсаттарды түсіну, адами әрекеттесу туралы түсінік құрылымға ие болып, бір жүйеге түзіледі. Әлеуметтік дамудың төртінші кезеңінде адами жақындықтың түрлі деңгейлерін ұғыну және жақындықтың түрлі деңгейлерінде қатынастарды құрудың амалдарына икемділік немесе қабілет пайда болады.
Әлеуметтік зияттылықтың дамуындағы осы жоғары деңгейіне жету үшін білім алушының интеллектуалды дамуының ең жоғары кезеңіне жеткені әрине көңілге қонымды жағдай орын алуы керек. Әлеуметтік міндеттерді шешу қабілетінде қатаң бір мәнді сәйкестік болмайды. Жүріс-тұрыс қиыншылықтары бар білім алушылар жиі жағдайда жалпы зияттылыққа арналған тапсырмаларда жоғары табысқа жетеді де, әлеуметтік зияттылықтың дамуындағы деңгейді өлшейтін тапсырмаларға икемсіз болады.
Қалыптастыру экспериментінің мақсаты – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің осы қасиет – сапаларын олардың тұлғасының әлеуметтік зияттылық факторы ретіндегі өзіндік іс-әрекетінің субъектісі болуы.
Біз оқу жоспарына енгізген элективті курс аяқталғаннан кейін өзіндік іріктеп алынған әдістемелерімізді бақылау және эксперимент топтарына қалыптастыру экспериментінен кейінгі өзгеріс нәтижелерін талдау мақсатымен қайта жүргіздік. Соның нәтижесінде В.Э. Мильманның тұлғаның мотивациялық құрылымының диагностикасын анықтау әдістемесінің көрсеткіштері төмендегідей 18 – кестеде берілген.

Кесте 18 – Қалыптастыру эксперименті В.Э. Мильманның әдістемесі бойынша зерттелуші топтардың пайыздық көрсеткіштері.







Шкалалар атауы

Экспериментке дейін

Эксперименттен кейін

Бақылау тобы

Эксперимент
-тік топ

Бақылау тобы

Эксперимент- тік топ

1.

Өмір
қамсыздандыру

12 (21%)

12 (20%)

10 (17%)

8 (13%)

2.

Саялылық

11 (19%)

11 (18%)

10 (18%)

8 (13%)

3.

Әлеуметтік
мәртебе

10 (17%)

10 (16%)

9 (16%)

8 (13%)

4.

Қарым -
қатынас

11 (19%)

10 (16%)

9 (15%)

11 (18%)

5.

Жалпы
белсенділік

5 (9%)

7 (11%)

8 (14%)

9 (15%)

6.

Шығармашылы
қ белсенділік

3 (5%)

5 (9%)

6 (10%)

8 (13%)

7.

Әлеуметтік
пайдалы іс- әрекет

6 (10%)

6(10%)

6 (10%)

9(15%)

В.Э. Мильманның тұлғаның мотивациялық құрылымының диагностикасы нәтижесінде экспериментке дейін және эксперименттен кейін жинақталған көрсеткіштерге сәйкес төмендегідей шкалалалар бойынша талдау жасай аламыз, бізде тәжірибелік топта 61 студент қатысты оның ішінде пайыздық үлеспен есептегенде өмір қамсыздандыру шкаласы бойынша 8 студент 13 % пайызын, саялылық шкаласы бойынша 8 студент 13 % пайыздық көрсеткішті, әлеуметтік мәртебе бойынша 8 студент 13 % пайызды, қарым – қатынас шкаласынан 11 студент 18 %, жалпы белсенділік шкаласынан 9 студент 15 %, шығармашылық белсенділік бойынша 8 студент 13 % пайызды көрсетті, әлеуметтік пайдалы іс-әрекет шкаласы бойынша 9 студент жалпы топ санының 15 % құрады. Біз анықтау эксперименті кезінде білім алушылардың бойында «жалпы өмірлік бағыттылық» профилінің басымдығын көрген едік, ал «жалпы кәсібилік бағыттылық» профилінің деңгейі төмен еді. Біздің зерттеуіміз білім беру мекемесінің қабырғасында өткендіктен, біз үшін «жалпы кәсібилік бағыттылық» профилі аса маңызды болды.


Аталған әдістеме барысында мотивациялық құрылымның жоғары деңгейі болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылық деңгейінің жоғары деңгейін көрсетеді деп айта аламыз. Яғни қалыптастыру экспериментінде болашақ бастауыш сынып мұғалімерінде әлеуметтік зияттылығын дамытуға деген мотивациялық- құндылық қатыстың, танымдық, әлеуметтік мотивтердің артуына барынша күш салынды.
Әдістемелердің нәтижесіне сәйкес әлеуметтік зияттылықтың орташа деңгейінің басым болуы, білім алушылар бойынан төмендегідей белгілерді көруге мүмкіндік берді: кәсіби мінез-құлықтың, іс-әрекеттің, қарым- қатынастың әлеуметтік маңыздылығы бар екендігі, жалпы курс барысындағы теориялық білімдердің толық деңгейдегі меңгерілуі, күнделікті өмірдегі қарым- қатынас жақсаруынан көрінді, рефлексиялық мәдениеттің болуы өз кезегінде аса құнды деп есептейміз.
Жүргізілген әдістемелер негізінде қысқаша қорытынды жасайтын болсақ зерттеу барысында эксперименттен кейін болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің бойында орташадан жоғары деңгейді көрсеткен қатысушылар саны артты, ол дегеніміз болашақ педагогтар өзін қоршаған адамдардың әрекеттерін болжай алу қабілеті бар, өз бетімен алдын ала мүмкін болатын қарым-қатынас нәтижесін көре алады. Болашақ мамандардың өзіндік бағасы жоғары, вербалды және вербалды емес қарым-қатынас көріністерін дұрыс негізде қабылдап және түсіне алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
ғылым министрлігі
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
бекіту туралы
Зертханалық жұмыс
Жалпы ережелер
арналған жиынтық
болып табылады
Қазақстан республикасының
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қысқа мерзімді
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
рсетілетін қызмет
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
пайда болуы
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
әдістемелік ұсыныстар
коммуналдық мемлекеттік
қарым қатынас
қызмет стандарты
мемлекеттік мекемесі
Жұмыс бағдарламасы