Анықтамалар 4 белгілеулер мен қЫСҚартулар



бет27/31
Дата31.12.2022
өлшемі357.15 Kb.
#405238
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Disser

Деңгейлері

Бақылау тобы(58)

Тәжірибелік топ(61)

Өте төмен (1-4 балл)

5 % (3)

5 % (3)

Ортадан төмен
(5-8 балл)

15 % (9)

17 % (10)

Орташа (9-12 балл)

50 % (29)

52 % (32)

Орташадан жоғары
(13-16 балл)

25 % (14)

21 % (13)

Өте жоғары (17-20)

5 % (3)

5 % (3)



Аталған әдістеме бойынша 1-4 балға дейін жинақтаған 3 студент 5% бақылау тобында және 3 студент 5 % эксперимент тобында, ол өте төмен деген деңгейге сәйкес келеді, бұл студенттерде коммуникативтік және ұйымдастырушылық бейімділік өте төмен деңгейде көрінуімен сипатталады. 5- 8 балды иеленген 9 студент 15% бақылау тобында және 10 студент тәжірибелік топта 17 % пайызды құрайды, деңгейі ортадан төмен. Ол студенттер қарым- қатынасқа ұмтылмайды, жаңа ортада, ұжымда өзін ыңғайсыз сезінеді, жалғыздықты ұнататын адамдар. Оның таныстарының саны шектеулі, көпшілік алдында сөйлеуге, адамдармен байланыс орнатуда қиындықтар сезінеді, қоғамдық іс-әрекетте бастамашылдық жоқ, өзіндік пікірі қалыптаспаған, өз бетімен шешім қабылдаудан бас тартады. 9-12 балл жинаған орташа деңгейдегі бақылау тобында 29 студент 50 % пайызды және эксперимент тобында 32 студент 52 % пайызды құраған. Бұл сыналушылар коммуникативті және ұйымдастырушылық бейімділіктің көрінуінің орта деңгейі тән. Олар адамдармен байланысуға бейім, таныстық шегін шектемейді, өзіндік пікірі бар, өз жұмысын жоспарлай алатын, бірақта бейімділік әлеуеті жоғары тұрақтылықпен ерекшеленбейді. Бұл студенттерге коммуникативті және ұйымдастырушылық бейімділікті қалыптастыруға жоспарлы негіздегі тәрбиелік жұмыс қажет болады. 13-16 балды иеленген орташадан жоғары деңгейдегі бақылау тобында 14 студент 25 % және тәжірибелік топта 13 студент 21 % пайызды құрайды. Бұл студенттерге коммуникативті және ұйымдастырушылық бейімділіктің орташадан жоғары деңгейі тиісті. Олар жаңа ортаға еркін кіріге алатын, достық қарым-қатынасты оңай құра алатын, таныстарын көбейтуге әрдайым ұмтылысы бар, қоғамдық іс-әрекетте бастамашылдық танытатын, өзгеге көмек беруге даяр, туындаған жағдайға байланысты дербес шешім қабылдауға мүмкіндігі бар тұлғалар. 17-20 балға ие сыналушылар бақылау тобында 3 студент 5 % - ды, тәжірибелік топта 3 студент 5 % пайызын құрайды. Бұл студенттер коммуникативті және ұйымдастырушылық іс-әрекетте
қажеттілікті сезінеді және оған белсенді түрде ұмтылады. Жаңа ұжымда өзін еркін ұстайды, қиын жағдайларға тез бағдарланады, көптеген іс-әрекеттерде бастамашылдық танытады, түрлі ойындарды, іс-шараларды ұйымдастырғанды ұнатады, өзіндік қызығушылықтары бар іс-әрекеттер тұрақты орын алады. Коммуникативті және ұйымдастырушылық іс-әрекетке деген қажеттіліктерін өз бетімен қанағаттандырады.
Анықтау эксперименті бойынша бақылау және эксперимент тобындағы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің «Коммуникативті және ұйымдастырушылық бейімділікті бағалау әдістемесі (КОС-2)» нәтижелері деңгейлері бойынша пайыздық көрсеткіштерінің диаграммасы төмендегі 9 - суретте анық көрсетілген.





Сурет 9 – Анықтау эксперименті бойынша «Коммуникативті және ұйымдастырушылық бейімділікті бағалау әдістемесі (КОС-2)» пайыздық
көрсеткіштерінің диаграммасы.

Нәтижесінде студенттер екі топта да салыстырмалы негізде бірдей деңгейді көрсеткен, негізінен орташа деңгейді көрсеткен студенттер саны 75 % пайыздан жоғары. Бұл дегеніміз нысанаға алынған біздің болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріміз коммуникативтілік және ұйымдастырушылық бейімділігі орташадан жоғары, коммуникативті қарым – қатынасқа қалыпты деңгейде түсе алатын жастар. Қоғамдық іс-әрекеттерді ұйымдастыруда белсенділік, бастамашылдық таныта алады. Өзіндік пікірі қалыптасқан, өз жұмысын жоспарлай алатын, өзге адамдармен қарым – қатынасқа түсуге бейім. Дегенмен, әлі де жеткілікті деңгейде өз іс-әрекетінің субъектісі бола алмайтын және бейімділік әлеуеті тұрақтылықпен ерекшеленбейтін, жоспарланған түрдегі оқу- тәрбие жұмысын қажет етеді.


Қорыта келгенде, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығын дамытудың бастапқы диагностикасы білім беру мекемесіндегі кәсіби іс-әрекет барысында оқу-тәрбие үдерісінің нақ осы шақтағы даму ерекшеліктерін анықтап, білім алушы тұлғасының дамуына бәрінен аз әсер ететін оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың неғұрлым тиімді педагогикалық құралын, формасы мен амалдарын қолдануға мүмкіндік береді.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет