Анықтамалар 4 белгілеулер мен қЫСҚартулар



бет26/31
Дата31.12.2022
өлшемі357.15 Kb.
#405238
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Disser

Субтест атаулары

Бақылау тобы

Тәжірибелік топ

1

Жалғастырылған оқиғалар

5,375

5,95

2

Экспрессия топтары

6,44

5,94

3

Вербалды экспрессия

4,5

4,5

4

Толықтырылған оқиғалар

3,81

3,92

5

Композиттік баға

20,125

20,31

Берілген кестеге сәйкес біз Гилфорд-Салливен әдістемесінің субтесттері мен композиттік бағасының, бақылау және тәжірибелік топтағы орташа мәндік көрсеткішін көреміз. Осыған сәйкес бірінші «Жалғастырылған оқиғалар» субтестінде жоғары көрсеткішке ие болған студент мінез-құлық нәтижесін болжамдап таниды. Олар адамдардың кейінгі іс-әрекеттерін қарым-қатынастың шынайы жағдаяттарын талдау негізінде, коммуникативті қарым-қатынас қатысушыларының ойларын, сезімдерін түсіну арқылы көре алады, болжайды. Олардың болжамдары қалыпты қарым-қатынас жағдайларынан ерекшеленген кезде қате болуы мүмкін. Мұндай адамдар өзіндік мақсатқа қол жеткізу үшін өз іс-әрекетін нақты құра алады. Субтест бойынша жоғары көрсеткішті көрсеткен білім алушылар коммуникативті қарым-қатынас қатысушыларының вербалды емес қарым-қатынас түрін жақсы түсінеді, сонымен қатар адамдардың мінез- құлқын реттеуші қалыпты рөлдік моделдер мен ережелерді білуімен сипатталады. Бұл субтестке қатысты жоғары деңгейді көрсеткен білім


алушылар бізде жоқ. Ал орташадан жоғары деңгейді көрсеткен білім алушылар 10 % құраған, орташа деңгейді көрсеткендер саны 33 %, орташадан төмен деңгей 26 %, төмен деңгей 31 % құрайды. Біздің жағдайымызда екі топ қатысушылардың басым бөлігі орташадан төмен деңгейдегі көрсеткішті иеленді. Яғни орташадан төмен иеленген студенттер саны 57 % пайызды құрағандықтан, біз бұл субтест бойынша нәтижелерді осы негізде сипаттай аламыз. Бұл субтест бойынша төмен деңгейдегі бағаға ие қатысушылар мінез- құлық пен оның нәтижесі арасындағы байланысты дұрыс түсіне алмайды. Мұндай адамдар жие қателіктерге жол беріп, кикілжің жағдайларға көп ұшырайды, себебі өз іс-әрекеттерінің немесе өзгелердің әрекеттерінің нәтижесін дұрыс болжай алмайды. Олар жалпы қабылданған ережелерге сәйкес нашар бағдарланған. Сонымен аталған субтест бойынша жақсы нәтиже төмендегі психологиялық ерекшеліктермен дұрыс корреляцияланады:

  • сурет арқылы бейтаныс адам тұлғасын толық және дәл сипаттай алу мүмкіндігі;

  • вербалды емес хабарларды түсіну;

  • зияткерлік және еріктік сипаттамаларды түсіну, тұлғаның рухани ерекшеліктеріне сипаттама бере алу. Бұл негізде қалыптастыру экспериментінде біздің мақсатымыз орташа және орташадан жоғары көрсеткіштерге ие студенттер санын арттыру үшін, вербалды емес қарым- қатынас түрлеріне, оны тану ерекшеліктеріне, ерік сапаларына, тұлға теориясына қатысты мәселелерге басымдық таныту.

Екінші «Экспрессия топтары» субтестіне сәйкес, жоғары баға көрсеткен білім алушылар адамдарды вербалды емес көрсеткіштеріне, ым-ишараға қарай сезімдеріне, күйлеріне дұрыс баға бере алады. Мұндай адамдар көп жағдайда вербалды емес қарым-қатынасқа көп көңіл бөледі, вербалды емес экспрессияға сезімталдылық өзге адамдарды түсіну мүмкіндігін арттырады. Мұндай адамдардың интуициясы аса дамыған. Екінші субтест нәтижелерін атап өтер болсақ, жоғары деңгейді көрсеткен білім алушы жоқ. Ал орташадан жоғары деңгейге ие болған білім алушылар 31,25 %, орташа деңгейдегі бағаны иеленген 18,75 % құрады, бұл дегеніміз орташа және орташадан жоғары бағаға ие болған студенттер 50 % құрайды. Бірінші субтестпен салыстырғанда 7% жоғары көрсеткіш берген. Орташадан төмен нәтижеге 37,5 %, ал төмен деңгейге 12,5 % білім алушылар ие болған. Бірінші субтестпен салыстыратын болсақ, 18,5 % пайызға жоғары нәтиже берген. Бұл субтест нәтижесінде төмен деңгейді иеленген студенттер ым-ишара тілін дұрыс түсіне алмайды, қарым- қатынас барысында көп жағдайда вербалды қарым-қатынасқа бағдарланады. Адамдардың сөздерін дұрыс түсінбеуі мүмкін, себебі сөзді сипаттаушы вербалды емес қарым-қатынас сигналдарын дұрыс көре алмайды.
Бұл субтесттен оң нәтижемен өткен студенттер төмендегідей психологиялық сипаттамалармен корреляцияланады:

  • адамды сурет арқылы тану кезінде икемділік, толыққандылық және дәлділік танытады;

  • іскерлік қарым-қатынас кезінде өзгелердің эмоционалды күйлеріне сезімталдылық;

  • қарым-қатынас кезінде түрлі экспрессияға ие болады;

  • қарым-қатынас кезінде достық, мейірімділік танытуы;

  • эмоционалды негізде тұрақты;

  • қарым-қатынастағы кері байланысқа сезімталдылық, сынға төзімділік, ұят сезімінің басымдылығы;

  • өзін қалыпты негізде қабылдай алады және өзіндік бағалауы жоғары;

  • тұлға белсенділігі мен ерік сапаларының қанықтылығымен сипатталады;

  • рефлексия тереңдігімен ерекшеленеді;

  • қарым-қатынас барысында өзінің эмоционалды күйі өзгелермен қалай қабылдануын түсіну, ол коммуникативті қарым-қатынас бейімділігін, өзіндік презентацияға мүмкіндігін көрсетеді;

  • эмпатия, вербалды емес қарым-қатынас сезімталдылығын көрсетеді.

Аталған субтест бойынша жоғары деңгейге ие болған білім алушы жоқ болғанымен, орташадан жоғары және орташа деңгейді иеленгендер саны басымдық көрсетеді. Тағы да аса қызығушылық танытар тұсы бірінші субтест бойынша орташадан жоғары көрсеткіш берген студенттер екінші субтест бойынша төмен деңгейге ие болған, бұл дегеніміз әр білім алушының өзіндік бір қарым-қатынас түріне бейімділігін танытады.
Үшінші субтест «Вербалды экспресия» нәтижелері бойынша сипаттама беретін болсақ, бақылау тобы мен тәжірибелік топ қатысушыларының көрсеткіштері тең дәрежеде. Бұл субтест бойынша жоғары бағаға ие болған студенттер адамдар арасындағы өзараәрекеттестік белгілеріне және сипатына жоғары деңгейдегі сезімталдылық көрсетеді, ол оларға белгілі бір жағдайға байланысты адамдардың бір-біріне айтқанын тез әрі дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Мұндай адамдар түрлі жағдаят аясында керекті қарым-қатынас байланысын табуға мүмкіндігі бар, сонымен қатар көптеген рөлдік мінез-құлық ерекшеліктерін игерген. Ал төмен деңгей көрсеткен студенттер адамдар арасындағы қарым-қатынас түріне байланысты вербалды хабарлар түрлі мағынада қолданылуын дұрыс түсіне бермейді. Біздің жағдайымызда білім алушылар аталған субтест бойынша жоғары деңгейдегі көрсеткіш жоқ, орташадан жоғары деңгей 18,75 %, орташа деңгей 25 %, орташадан төмен деңгей 6,25 %, төмен деңгей 50 % құраған. Жоғарыда сипаттама берілген екі субтест бойынша салыстырмалы негізде қарайтын болсақ, бұл субтест нәтижелері төмен деңгейі басымдық танытады. Субтест барысында білім алушыларға жағдаятқа байланысты сөз тіркесі мағынасын табу ұсынылған болатын, яғни топ мүшелерінің басым бөлігінде вербалды қарым-қатынас түріне бейімділіктің төмен екендігін көреміз. Бұл субтест бойынша жақсы нәтиже көрсеткен білім алушы жоғары деңгейлі эмпатияға мүмкіндігін көрсетеді.
Төртінші «Толықтырылған оқиғалар» субтестінің нәтижесін талдайтын болсақ, аталған субтест бойынша екі топ қатысушылары да ең төмен деген орташа көрсеткіш берген. Яғни пайыздық сипаттамаға сәйкес, жоғары деңгейлі
нәтиже көрсеткен және орташадан жоғары нәтиже көрсеткен білім алушы жоқ. Орташа көрсеткішке ие болған білім алушылар саны 43,75 % құраған, орташадан төмен деңгей 18,75 %, төмен деңгейлі білім алушылар саны 37,5 % пайыз. Бұл нәтижелерден көретініміз өсу бағытындағы тұлғааралық қарым- қатынас құрылымын танушы, адамдар арасындағы күрделі өзараәрекеттестік жағдайларын талдай алатын, олардың даму логикасын түсінетін, қарым- қатынас барысына өзге қосылған қатысушыларға байланысты жағдаят мәнінің өзгерісін түсіне білетін студенттер жоқ. Бұл субтест бойынша тұлғааралық өзараәрекеттестік жағдайларын талдау барысында қиындық сезінетін, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа тез бейімделе бермейтін білім алушылар саны басым. Осы тұста біздің көретініміз логикалық ойлау негізінде өзараәрекеттестіктің жетіспеуші тетіктерін мүмкін болу нәтижеге сәйкес болжай алатын, белгілі бір мінез-құлық ерекшелігі себебін түсіне білетін, коммуникативті қарым-қатынас барысындағы қатысушылар қажеттілігін, мақсаттарын білетін білім алушы сынды нәтижеге қол жеткізу үшін қалыптастырушы эксперимент мазмұнын ескеру қажеттігі бар. Осы тұста айта кетер жайт, субтест нәтижелі орындалуы төмендегідей сипаттамалармен жақсы корреляцияланады: өзге адамды сурет арқылы сипаттау кезінде икемділік танытып, толыққанды және дәл сипаттама бере алады, өзін – өзі қалыпты негізде қабылдайды, терең деңгейлі рефлексияға ие, әлеуметтік жағдайларға аса қызығушылық танытады, қоғамдық ортада белсенді, барлық қорытынды бақылаулардан жоғары нәтиже көрсетеді.
Гилфорд – Салливен әдістемесі бойынша композиттік баға жалпы әлеуметтік зияттылық деңгейін көрсетеді. Композиттік бағаның жоғары деңгейін жинаған білім алушы әлеуметтік зияттылығының деңгейі де жоғары деп айта аламыз. Жоғары деңгейлі әлеуметтік зияттылыққа ие студенттер бойында төмендегідей сипаттамалар болады. Әлеуметтік зияттылығы жоғары білім алушы адамдар мінез-құлқы жөнінде мүмкіндігінше көп ақпарат жинақтай алады, вербалды емес қарым-қатынас тілін түсінеді, адамдар туралы тез әрі дәл пікірлер білдіреді, берілген жағдайға орай олардың әсерлерін дәл табады, өзге адамдармен қарым-қатынас болашағын көре біледі, ол өз кезегінде тиімді әрі сәтті әллеуметтік бейімделуге алып келеді. Сонымен қатар жоғары деңгейлі әлеуметтік зияттылыққа ие тұлғалар табысты коммуникативті қарым- қатынас иесі, оларға ашықтық, байланысқа тез түсушілік, мейірімділік, қарым- қатынас кезіндегі психологиялық жақындық тән. Жоғары деңгейлі әлеуметтік зияттылық әлеуметтік мәселелерге қызығушылық танытушы адамдарға тән. Өзге адамға әсер ете алу қасиеті жоғары деңгейдегі дамыған ұйымдастырушылық қабілетпен қатар жүреді. Әлеуметтік зияттылығы дамыған тұлғалар өзіндік танымға құштар және рефлексиялық қабілеті дамыған болады. Әлеуметтік зияттылықтың жоғары көрсеткіші болашақ кәсібі бойынша тез бейімделіп, сәтті жұмыс істеуіне әсер етеді. Сонымен қатар ұжымға тез бейімделіп, дұрыс психологиялық хал-ахуалды қамтамасыз етеді, жұмысқа аса қызығушылық танытады.
Әлеуметтік зияттылығы төмен тұлғалар өзге адамдардың мінез-құлқын

болжау мен түсінуде
қиындық сезінеді, ол өз кезегінде
әлеуметтік бейімделу

деңгейін төмендетіп және өзара әрекеттестікті қиындатады. Төмен деңгейлі
әлеуметтік зияттылық белгілі деңгейде кей психологиялық сипаттамалармен орны толуы мүмкін, мысалы: жоғары деңгейлі эмпатия, қарым-қатынас

стилдерімен, коммуникативті қабілеттермен, сонымен оқу-тәрбие үдерісінде түзетілуі мүмкін.
қатар белсенді түрдегі

Біздің зерттеуіміздің аясында студенттерден әдістеме алу арқылы, оның композиттік бағасын шығарып, біз аталған екі топта әлеуметтік зияттылықтың орташа мәндік көрсеткішінің орташадан төмен деңгейде екенін көре алдық.

Соның нәтижесінде
біз екі топ бойынша субтесттер
мен композиттік баға


Бақылау тобы Тәжірибелік топ


көрсеткіштерін диаграмма арқылы сипаттама беруді 7-сурет арқылы беруді жөн деп санаймыз.

Сурет 7 – Гилфорд – Салливен әдістемесі бойынша субтесттер мен композиттік бағаның салыстырмалы көрсеткіштері

Бұл суреттен көретініміз жалпы субтесттер бойынша таным


көрсеткіштерінің және композиттік баға бойынша леуметтік зияттылық
деңгейі орташадан төмен деңгейге тең, ол өз кезегінде бізге қалыптастыру
экспериментінің траекториясын анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан

болашақ бастауыш
сынып мұғалімдерінің әлеуметтік
зияттылығын арнайы

түрде дамыту керек. Сонымен, эксперименттік зерттеудің бұл бөлігінде

Гилфорд-Салливен
әдістемесі бойынша болашақ
бастауыш сынып

мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығының даму деңгейлері анықталды.
Диагностикалау барысында анықтау экспериментінің мақсатына сәйкес
жүргізілген әдістемелердің нәтижесі оқу әрекеттері негізінде бақылау және

тәжірибелік топтардың арнайы өлшемдері бойынша әлеуметтік зияттылықтың даму деңгейі мына негізде анықталады.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығын дамыту моделінің компоненттеріне арналған жоғарыда талданған әдістемелер жүйесінен біз әлеуметтік зияттылық күрделі құрылым екенін көреміз, дегенмен осы тұста нақты Гилфорд – Салливен әдістемесі бойынша әлеуметтік зияттылықтың қалыптастырушы экспериментке дейінгі деңгейін диаграмма негізінде пайыздық көрсеткішпен береміз (Сурет 8).





Сурет 8 – Гилфорд – Салливен әдістемесі бойынша болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығының дамуының пайыздық
көрсеткіштегі деңгейі.

Бұл суреттен көретініміз әлеуметтік зияттылығының жалпы деңгейі орташа, барлық субтест бойынша орташа нәтиже байқалады. Әлеуметтік зияттылығы төмен немесе жоғары деңгейдегі нәтиже көрсеткен студенттер саны аз. Бұл өз кезегінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінде әлеуметтік зияттылығын дамытуға деген мотивациялық-құндылық қатыстың, танымдық, әлеуметтік мотивтердің, «зияттылық», «әлеуметтік зияттылық», «әлеуметтік зияттылықты дамыту» ұғымдары жайында теориялық білімнің, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығын дамыту арқылы


«субъективтілікке» қол жеткізудің қажеттілігін туындатады.
Сонымен қатар біз өз зерттеуіміздің аясында ұлты қазақ болашақ педагогтардың әлеуметтік зияттылығының құрылымындағы құқықтық-рөлдік, гендерлік, динамикалық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған авторлық бірлестікте жасалған зерттеуге қатыстық. Зерттеу барысында көптеген салыстырмалы негіздегі шамалар алынды, Гилфорд-Салливен бейімделген әдістемесінің нәтижесінде жоғары курс студенттерінің бойында әлеуметтік
зияттылық деңгейі төменгі курс студенттерімен салыстырғанда жоғары екенін көре алдық. Зерттеу еліміздің көптеген ЖОО - нда жүргізілгендіктен, бізде зерттеу базамызға сәйкес 5В010300 Педагогика және психология, 5В010200 – Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандықтарын қамтыдық. Осылайша, біз болашақ педагогтар жоғары курстарда коммуникативті үдерісте жетістікке жиі жетеді, олар адамдарды жақсы түсініп және түрлі өзара әрекеттестік жағдайларына сәйкес олардың әрекеттерін болжай алады. Дегенмен де, зерттеу барысында байқағанымыздай әлеуметтік зияттылық деңгейі орташа көрсеткішті көрсеткен [153].
Коммуникативті және ұйымдастырушылық бейімділікті бағалау әдістемесі (КОС - 2). Бұл әдістеме коммуникативті және ұйымдастырушылық бейімділікті бағалауға арналған, ол дегеніміз адамдармен тез әрі нақты іскерлік және достық қарым-қатынас құра алу, байланыстар аясын кеңейтуге деген талпыныс, топтық іс-шараларға қатысуға бейімділік, адамдарға әсер ете алу мүмкіндігі және т.б. Бұл әдістеме барысында коммуникативтілікке 20 сұрақ, ұйымдастырушылыққа
20 сұрақ беріледі. Берілген сұрақтарға «ия» немесе «жоқ» деп жауап беру қажет. Әр «иә» немесе «жоқ» жауаптарына 1 балл беріледі.
Нәтижелерді өңдеу және талдау. Әдістеме шкалалары бойынша кілтпен сәйкес келген жауаптарды есептеп алған соң, бағалау коэфиценті мына формула бойынша есептеледі: К=0,05*С, мұнда: К- бағалау коэфицентінің шамасы, С – кілтпен сәйкес келген жауаптар саны. Бағалау коэфиценті 0 мен 1 арасында ауытқуы мүмкін, 1 ге жақын көрсеткіштер жоғары деңгейді, 0 ге жақын көрсеткіштер төмен деңгейді көрсетеді.
Бастапқы көрсеткіштер балдық шамаға ауыстырылады, олар зерттелуші біліктіліктердің түрлі деңгейін көрсетеді.

Кесте 12 - Коммуникативті бейімділік





Деңгей

Бағасы

Көрсеткіштері

1 – төмен

1

0,10-0,45

2 – орташадан төмен

2

0,46-0,55

3 – орташа

3

0,56-0,65

4 – жоғары

4

0,66-0,75

5 – өте жоғары

5

0,76-1

Кесте 13 - Ұйымдастырушылық бейімділік





Деңгей

Бағасы

Көрсеткіштері

1 – төмен

1

0,20-0,55

2 – орташадан төмен

2

0,56-0,65

3 – орташа

3

0,66-0,70

4 – жоғары

4

0,71-0,80

5 – өте жоғары

5

0,81-1

Әдістемені жүргізу кезінде 1 деген бағаға ие болған білім алушылар коммуникативті және ұйымдастырушылық бейінділіктің төмен деңгейіне ие болады.
Коммуникативті және ұйымдастырушылық бейінділігі орташадан төмен деңгейге зерттеу кезінде 2 деген баға алған білім алушылар ие. Олар қарым- қатынасқа ұмтылмайды, жаңа ортада өздерін қолайсыз сезінеді, жеке дара уақыт өткізуді қалайды, өз танысу аясын оқшаулайды, көпшілік алдында сөйлеу кезінде және өзге адамдармен байланыс құру кезінде қиындық сезінеді, таныс емес жағдайда нашар бейімделеді, өзіндік көзқарасын қорғай алмайды, лезде ренжігіш келеді, қоғамдық ортада бастамашылдық таныту деңгейі мүлдем төмен, көп әрекеттер барысында дербес шешім қабылдаудан бас тартады.
Зерттеу кезінде 3 деген баға алған студенттерге коммуникативті және ұйымдастырушылық бейінділіктің орташа деңгейі тән. Олар адамдармен қарым-қатынасқа түсуге бейім, өз таныстарының ортасын шектемейді, өзіндік пікірін қорғай алады, өз жұмысын жоспарлай алады, дегенмен олардың бейінділіктерінің әлеуеті жоғары деңгейлі тұрақтылықпен ерекшеленбейді. Коммуникативті және ұйымдастырушылық бейінділіктерін дамытуды қажет етеді.
4 деген бағаға ие болған білім алушылар жоғары деңгейлі коммуникативті және ұйымдастырушылық бейінділікке ие топқа кіреді. Олар жаңа ортада өздерін еркін сезінеді, достық қарым – қатынасқа тел түседі, өз таныстарының ортасын үнемі кеңейтіп тұрады, қарым-қатына кезінде бастамашыл, қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруға еркін қатысады, қиын жағдайларда өзіндік шешім қабылдай алады. Осы іс-әрекеттер білім алушының өзіндік ішкі талпынысы негізінде іске асады.
Зерттеу кезінде 5 деген баға алған білім алушылар өте жоғары коммуникативті және ұйымдастырушылық бейінділікке ие тұлғалар. Олар қарым-қатынас қажеттілігін сезінеді және үнемі оған ұмтылады, қиын жағдай туындаған кезде лезде бейімделеді, жаңа ортада өздерін еркін сезінеді, көп жағдайда бастамашыл, қиын жағдай кезінде өзі дербес шешім қабылдауды жөн деп есептейді, өзіндік пікірін қорғайды және оны өзгелер қабылдау үшін әрекет етеді, жаңа ортаның ұйытқысы бола алады, көптеген іс-шаралар, ойындар ұйымдастыруды ұнатады. Өзіне қызықты іс-әрекеттерге тұрақтылық танытады, өзіндік коммуникативті және ұйымдастырушылық бейінділіктерін қанағаттандырушы әрекеттерді іздестіреді.
Коммуникативті және ұйымдастырушылық бейімділікті бағалау әдістемесі (КОС-2) Алматы университетінің бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 58 студенттеріне және тәжірибелік топ құрайтын Абай атындағы ҚазҰПУ – дің бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 4 курс 61 студенттеріне жүргізілді.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік және ұйымдастырушылық бейімділігін анықтауға арналған әдістеме мәліметтері
жоғарыда көрсетілген шкалалар арқылы өңделеді және оның нәтижелері 14 – кестеде сипатталады.

Кесте 14 - Анықтау эксперименті бойынша коммуникативті және ұйымдастырушылық бейімділікті бағалау әдістемесі (КОС-2) бойынша алынған нәтижелер







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
ғылым министрлігі
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
бекіту туралы
Зертханалық жұмыс
Жалпы ережелер
арналған жиынтық
болып табылады
Қазақстан республикасының
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қысқа мерзімді
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
рсетілетін қызмет
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
пайда болуы
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
әдістемелік ұсыныстар
коммуналдық мемлекеттік
қарым қатынас
қызмет стандарты
мемлекеттік мекемесі
Жұмыс бағдарламасы