Анықтамалар 4 белгілеулер мен қЫСҚартулар



бет17/31
Дата31.12.2022
өлшемі357.15 Kb.
#405238
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31
Байланысты:
Disser

-жалпы эрудиция (нақты индивидте бар адами қатынастардың дамуы мен мәдениетіне қатысты сенімді және жүйеге келтірілген гуманитарлық білімдердің қоры).
-ғылыми әдістер (коммуникативтік құзыреттіліктердің барлық қайнар көздерінің интеграциясын, тұлғааралық өзара әрекеттесуді сипаттау, тұжырымдау, түсіндіру және болжамдау мүмкіндіктерін ашып, келесіде жеке тұлға, топ және ұжым, сонымен қатар қоғамның деңгейінде коммуникативтік құзыреттілікті көтерудің практикалық құралдарын әзірлеуді көздейді).
Ғалым атап көрсеткеніндей, коммуникативтік құзыреттілік нұсқасы мен мазмұны бойынша жеке тұлғаның орындап жүрген әлеуметтік рөлдерінің ерекшеліктеріне қатысты, сонымен қатар кәсіби коммуникативтік қабілеттілікті және жалпы коммуникативтік қабілеттілікті ажыратқан тиімді.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығын дамытуда теориялық сипаттағы әдістер нақты педагогикалық үдерістің талдауынан шығады, олардың қандай да бір анықталған даму көздерінің нәтижелі жұмыс жасауын қамтамасыз ететін себептерді түзеді. Оларға, ең алдымен моделдеу, деңгейлерін айқындау жатады.
Әлеуметтік зияттылық танымдық үдерістерді іске асырады, яғни әлеуметтік объектілер бейнесімен байланысты – адам қарым-қатынас, іс-әрекет, адамдар тобы бойынша әріптес ретінде. Әлеуметтік зияттылықтың даму деңгейі көп негізде топтағы өзара әрекеттестік ерекшелігін анықтап және ұжымды қалыптастырады. Әлеуметтік зияттылық – бұл интегралды зияткерлік мүмкіндік, ол қарым-қатынас және әлеуметтік бейімделу тиімділігін анықтап, әлеуметтік объектілерге қатысты көрінетін танымдық үдерістерді біріктіріп және реттейді [146].
Керекті арнайы мүмкіндіктермен қатар, білім және білік, сонымен қатар мінез-құлық сипаттамасы мен жағымды мотивацияға сәйкес әлеуметтік зияттылықты тиімді ойлау жүйесінің даму алғышарты ретінде, оқыту және кәсіби практикалық пен ғылыми іс-әрекетті орындау бағытында және тұлғаның әлеуметтік дербестігі ретінде қарастыруға болады.
Р.Селманның (1995) әлеуметтік зияттылықтың даму кезеңдеріне арналған зерттеулері көрсетіп отырғанындай, соңғысының жетілу шамасына қарай, субъектінің сыртқы, елеусіз, таза мінез-құлықтан шығатын жүріс-тұрысының сипаттамаларына бағдарлануы ішкі әрекеттерінің әрдайым саналы бола бермейтін мотивтеріне бағдар алуымен алмасады.
Р.Селман әлеуметтік зияттылықтың бес негізгі даму кезеңін бөліп көрсетеді. Жас бала ішкі, психологиялық және сыртқы, мінез-құлықтың физикалық қағидаларын ажырата алмайтын нөлдік, әлеуметтікке дейінгі кезеңі өзге адамдардың және өзінің меншікті ойлары мен сезімдері дербес шынайылыққа бөлініп шығып, бала қызығушылықтарының қатарына қосылғанында аяқталады [12, с. 45].
Әлеуметтік зияттылықтың дамуындағы алғашқы кезең: сыртқы және ішкі дүниенің саралану кезеңі – түрлі көзқарастарды, ниеттерді, әрекеттері келістіру кезеңімен алмасады. Әлеуметтік зияттылықтың екінші кезеңінде басқа адамның көзқарасымен қарауға әрекет жасап, серіктесіне өз көзқарасын өзіне өлшеп көруді ұсынады. Әдетте жасөспірім жасы алдында жететін әлеуметтік зияттылықтың дамуындағы үшінші кезеңде жеке адамдар жүріс-тұрысындағы өзара тәуелділікті, өзара алғы шарт болатын түрлі, кейде қайшы мақсаттарды түсіну, адами әрекеттесу туралы түсінік құрылымға ие болып, бір жүйеге түзіледі. Әлеуметтік дамудың төртінші кезеңінде адами жақындықтың түрлі деңгейлерін ұғыну және жақындықтың түрлі деңгейлерінде қатынастарды құрудың амалдарына икемдер немесе қабілеттерді көздейді.
Әлеуметтік зияттылықтың дамуындағы осы жоғары деңгейіне жету үшін (Р.Селман бойынша) баланың интеллектуалды дамуының ең жоғары кезеңіне жеткені әрине көңілге қонымды жағдай, бірақ міндетті емес. Автор формальды- қисынды және әлеуметтік міндеттерді шешу қабілеті арасында қатаң бір мәнді сәйкестіктің болмайтынын атап көрсетеді. Осылайша, жүріс-тұрыс қиыншылықтары бар балалар жиі жағдайда жалпы зияттылыққа арналған тапсырмаларда жоғары табысқа жетеді де, әлеуметтік зияттылықтың дамуындағы деңгейді өлшейтін тапсырмаларға икемсіз болады [12, с. 47].
Көптеген ғалымдардың жұмыстары әлеуметтік зияттылықты дамыту мәселесін басым жағдайда коммуникативтік құзыреттілік қырынан көрсетеді (Н.А.Аминов, М.В.Молоканов, М.И.Бобнева, Ю.Н.Емельянов, А.А.Кидрон, А.Л.Южанинова), сонымен қатар әлеуметтік зияттылықтың болжамды құрылымы мен функциясын сипаттайды. Әлеуметтік арнайы зерттеудің пәні ретінде ең алдымен отандық әдістемелік талдамалардың болмауы салдарынан шықпады.
В.А.Лабунская (1989) әлеуметтік зияттылықтың дамуын экспрессивтік жүріс-тұрысты «оқудың» дәлдігі ретінде қарастырады, ол жағдайда оның қалыптасуын тұлғааралық қатынастар қамтамасыз етеді.
Осылайша, әлеуметтік зияттылық — бұл жеке тәжірибесінде икемдер мен дағдылардың, әлеуметік әрекеттер мен қатынастардың шыңдалуын жеңілдететін жеке нышандар, қасиеттер, қабілеттер. Әлеуметтік зияттылығының деңгейі жоғары тұлғаның ерекшеленетін сипаттамалары мен белгілері ретінде оның барлық аспектілеріндегі жеткілікті әлеуметтік құзыреттілік шығады [147].
Өзін құрметеу деңгейіне қатер төндіретін, кенеттен болатын дағдарыстарды, ұзақ мерзімді күйзелістерді, жағдайлардан асып өтуге көмектесетін әлеуметтік зияттылықтың мобилизациялық функциясы өте маңызды.
Әлеуметтік зияттылық адамға тұлғааралық оқиғаларды болжамдауға көмектесіп, түйсікті, көрегендікті шыңдап, психологиялық төзімділікті қамтамасыз етеді.
Жалпы зияттылықтың құрылымынан ерекше, әлеуметтік зияттылықтың құрылымында өзін-өзі танудың жеке тұлғалық қасиеттері мен сипаттамалары үлкен рөл атқарады, ол жасықтық пен психологиялық қорғаныстың тосқауылдарымен көп қиындатпаған, «астарланбаған» болуы тиіс. Сондықтан өктемшіл адамның әлеуметтік зияттылығы дамуындағы жоғары деңгейлеріне жетуі сирек, ол адамдармен қарым-қатынаста көп түсіне бермейтін қиыншылықтарға ие, адамдарды, әсіресе басқа жынысты адамдарды түсіне бермейді (жиі жағдайда - қорқады), жиі оларға қандай да бір ниеттер мен мотивтерді алмастырады. Ондай адамның өзіндік санасы жеке құндылықтардың жетілмеуі, қалыптаспауы, конформдылықтың жоғары болуы, агрессивтік сипаттағы санасыз мотивацияның басым келуі салдарынан жасықтарға тола болады. Яғни өктемшілдік басымдық танытатын тұлға бойында әлеуметтік зияттылық сапасын дамыту мүмкіндігі жоқ. Бірінші кезекте өктемшілдікпен жұмыс жасаған абзал.
Агрессивтілік адамдармен қалыпты өзара қатынастардың қалыптасуына тосқауыл болып, кернеу тудырып, күдік себеді, шалағай сыншылықта, мойынсынбауда, қызғанышта, өкпе-реніште көрініс табады. Өктемшілдік пен басқыншылық - адамдармен тіл табысу икемдерінің, өзара қатынастарда бағдарлануының дамуы үшін коммнуикативтік дағдылар мен икемдердің жетілмеуіне, ұялшақтық пен тұйық мінез пайда болуына әсер етеді. Өзара қатынастардың дамуы орын алмаған жағдайда, әлеуметтік зияттылық дамуының деңгейі төмен болады. Агрессия әлеуметтік зияттылық дамуында көптеген кедергілерді тудырады.
В.Н.Куницынамен жүргізілген зерттеу әлеуметтік зияттылықтың дамуында бірнеше деңгейді ажыратып көрсетуге болатынын көрсетті. Әлеуметтік зияттылықтың дамуында төрт деңгей анықталған, олар: төмен, орташа жоғары және ең жоғары. Неғұрлым әлеуметтік зияттылық деңгейі жоғары болса, өзін- өзі реттеу қабілеті, өзіне сенімі, өзгеге ықпал ету икемі соғұрлым жоғары
болады. Неғұрлым әлеуметтік деңгей төмен болса, онда соғұрлым ұялшақтық, агрессияшылық көбірек көрініс тауып, адамның онысымен жалғыздықтан зардап шегуі, оның өзін-өзі бағалау деңгейінің төмен болуы, даулылық, психикалық зорығу көрінісі болуы да мүмкін [95, с. 82-85].
Әлеуметтік зияттылықтың дамуындағы ең жоғары деңгейді адамгершілік бағдарлану ерекшелендіреді: оның иесі әлеуметтік жетілген тұлға, оның өзін- өзі бағалауы барабар, ол өзіндік тұлғасында жеткілікті, жақсы бейімделген, оның өзін құраметтеу сезімі жоғары дамыған, әлеуметтік әлеуеті жоғары болып, өзгелерге ықпал етуде оң қабілеттерінде көрініс береді.
Әлеуметтік зияттылықтың жоғары деңгейі қатынастардың табыстылығын қаматамaсыз ететін үлкен коммуникативтік-тұлғалық әлеуетімен, жақсы қалыптасқан қасиеттердің болуымен, теріс қасиеттердің айқындылығы төмен болуымен сипатталады.
Әлеуметтік зияттылықтың ең жоғары деңгейі ғалым зерттеулеріндегі деректер бойынша қарым-қатынасқа, жақын ортасындағы қатынастармен толық қанағаттануымен, өзін бағалау, өзін-өзі құрметтеу сезімінің жақсы дамуымен аталады. Бұл деңгей сонымен қатар жоғары икемділікпен, креативтілікпен, өзін-өзі реттеу, бейімделу қабілетінің өте жақсы көрсеткіштерімен ерекшеленеді.
Жоғарыда келтірілген ғалымдардың еңбектеріндегі теориялық тұрғыдан тұжырымдалған деңгейлер, бізге болашақ бастауыш сынып мұғалімінің әлеуметтік зияттылығын дамытудағы жоғары, орта, төмен деңгейлерін анықтауға көмегін тигізеді.
Автор әлеуметтік зияттылықтың ең ұтымды деңгейі әлеуметтік жетілген тұлғаны және оның рухани дамуындағы жоғары сатыны сипаттайды.
Біздің зерттеудің мақсаттары мен міндеттері айқындамаларынан М.Л.Кубышкинаның (1997) әлеуметтік зияттылық пен әлеуметтік табыс арасындағы байланысты зерделеуге арналған еңбегі қызығушылық тудыратыны күмәнсіз. Автор адамдардың алты ерекшеленетін типтерін бөліп көрсетіп отыр [148]:
А — «шабуылшы» - әлеуметтік табыс мотивтерінің және танымал болуға, бәсекелестікке ұмтылыстың басым болуы. Ондай адамдар гипербелсенді, агрессивті, қымсынбайды, тәуекелге бейім, өзін бағалау деңгейі жоғары, әлеуметтік зияттылығы орташа.
В — «қорғанушы» -әлеуметтік табыс мотивінің үшеуі де әлсіз білінеді; ондай адамдардың өзіне сенімі жоқ, ұялшақ, әлеуметік зияттылығы ең төмен.
С — «жауапты» - жетістіктер мен бәсекелестік жоғары, адамдарға қызығушылығы жоқ, манипулятор болуға бейім.
Э — «әлсіз мотивациямен» - эмоционалдық тұрақсыз, өзін-өзі реттеу қабілеті дамымаған жауапкершілігі өте төмен. Оларды өзін-өзі бағалауға қабілеті төмен, энергетикалық көрсеткіштері жеткіліксіз.
Е — «сақ» - көп жағдайда тұтас топ бойынша орта көрсеткіштерге жақын, оларды тұрақтылыққа, сақтық пен мұқияттылыққа ұмтылыс ерекшелендіреді.
Р - «үйлесімді» - эмоционалдық тұрақтылық, өзін-өзі жақсы құрметтейді, дербестілік, өзін бағалауы сайма-сай. Әлеуметтік зияттылық үлесімділікпен дамыған.
Осылайша, ғылымда әлеуметтік зияттылықтың әлеуметтік ақпаратты өңдеумен байланысты ментальдық қабілеттердің анық және үйлесімді тобын, іргелі түрде едәуір «формальды» ойдың негізінде жататын, «академиялық» зияттылықтың тестерімен тексерілетін қабілеттердің тобын білдіретіні туралы пікір қалыптасқан.
Әлеуметтік зияттылықтың нақты уақыт кескіні үшін болуы тиіс әлеуметтік өзара әрекеттесудің барабарлық пен табыстылықтың жүйке-психикалық күйі мен әлеуметтік-орта факторларының деңгейі ретінде анықталып, сонымен қатар оны энергия мен эмоционалдық күйзелістерге, күйзелістердегі психологиялық жайсыздыққа, төтенше жағдайларда, тұлға дағдарыстарында қарсы тұрудың шоғырлануын талап ететін шарттарында оны сақтауға мүмкіндік береді [149].
Осыған орай, біз – әлеуметтік зияттылықты адамдарды түсінуге және олармен өзара әрекеттесуге мүмкіндігі, адамдар туралы дұрыс пікір алуға, олардың мінез-құлығын тұлғааралық өзара қарым-қатынастарға сайма-сай бейімделуді қамтамасыз ету мақсатымен болжамдауға қабілеті деп белгілеуді дұрыс деп санаймыз.
Зияттылық, әлеуметтік зияттылық ұғымдарына берілген анықтамалар, жаңартылған білім мазмұнына сәйкес болашақ бастауыш сынып мұғалімінің моделін құру, әлеуметтік зияттылықты субъекттілікке жетудің құралы ретінде қарастыру, ғалымдардың еңбектеріндегі әлеуметтік зияттылық даму кезеңдері, деңгейлері, қызметтері бізге болашақ бастауыш сынып мұғалімінің әлеуметтік зияттылығын дамыту ұғымының анықтамасын нақтылауға мүмкіндік тудырады. Сонымен болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығын дамыту - қарым-қатынастық деңгейі мен импровизация негізінде әлеуметтік-қоғамдық тәжірибенің, бастауыш білім мазмұнындағы дербес әдістемелік пәндер бойынша шеберлігін және академиялық ұтқырлығын, өзін-өзі субъективтендіру үшін ішкі ресурстарына әсер ету қабілеттілігін шарттайтын, педагогикалық жаңа тәсілдемелер арқылы білімді қамтамасыз ететін, болашақ педагогтің өз кәсібінің субъектісі ретінде адам-адам мамандығына икемді болуын, тактикалық және стратегиялық бағыттарда табысты өзара әрекеттесудің ағымды міндеттерін шешуге бағытталған үдеріс.
Әлеуметтік зияттылықты зерттеу тарихында теориялық – әдіснамалық негізде анықталған, эмпирикалық негізде тексерілген нақты берілген тұжырым табу аса қиындық тудырады. Біз О.В. Лунева зерттеулеріне сүйеніп әлеуметтік зияттылық дамуының негізгі моделдерін ұсынамыз. Ғалым зерттеулері әлеуметтік зияттылық мазмұны мен құрылымдық компоненттерін ашуға бағытталған. Біз автор зерттеуінде көрсетілген әлеуметтік зияттылық моделін 6- шы кесте негізінде сипаттауды жөн деп санаймыз.
Кесте 6 – Әлеуметтік зияттылықтың негізгі моделдері (О.В. Лунева зерттеулері негізінде)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
ғылым министрлігі
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
бекіту туралы
Зертханалық жұмыс
Жалпы ережелер
арналған жиынтық
болып табылады
Қазақстан республикасының
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қысқа мерзімді
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
рсетілетін қызмет
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
пайда болуы
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
әдістемелік ұсыныстар
коммуналдық мемлекеттік
қарым қатынас
қызмет стандарты
мемлекеттік мекемесі
Жұмыс бағдарламасы