Өзараәрекеттестік қағидасы. Әлеуметтік зияттылықтың мазмұнының толықтырылуы және оның дамуы тұлғаның өзге адамдармен, топтармен өзараәрекеттестік үдерісі негізінде іске асады. Өзараәрекеттестік адамда әлеуметтік шынайылықтың бейнесін, сезімдердің туындауы мен сезімдермен алмасудың, ой мен пікір алмасудың, өзге де қарым-қатынас ерекшеліктер сипаттамасын түзету және көрінуінің көзі болып табылады. Өзараәрекеттестік әлеуметтік зияттылықты талдаудың әдіснамалық негізі, және сол талдаудың басты бірлігі екенін айтқан жөн.
Өзін-өзі дамыту қағидасы. біз бұл қағиданы құндылық тұрғысынан қарастырсақ, құндылықтың негізгі төрт аясын атап өтуге болады, олар дұрыстық, қанықтылық, таңдау жасай алуы, ынтызарлық. Педагогикалық үдерісте маңызды құндылықтардың бірі әлеуметтік, яғни педагогикалық еңбек маңыздылығы, оқушыларының алдындағы мұғалім жауапкершілігі, мұғалім
өзін-өзі іске асырудағы шығармашылық мүмкіндіктердің кеңдігі; және де психологиялық: өз әріптестерімен, оқытушылармен, білім алушылармен бірлескен шығармашылық әрекет, педагогикалық қарым-қатынастағы өзіндік орны, балаға деген мейірімділік, педагогикалық қоғамдағы өзіндік орны; сонымен бірге кәсіби-педагогикалық: өз заманына сай жаңа технологияларды игеру, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндігі.
Теңбе – теңдік қағидасы. Бұл қағиданы ұстану әрбір адам құндылығын қабылдауды көрнекі түрде көрсетеді, әр тұлғаның қайталанбастығы және бірегейлігі, ол эмпатияның көтерілуін, эмоционалды қосылуы және жұмысқа деген ынтаның пайда болуына әсер етеді;
Шынайылық және ашықтық қағидасы. Студенттердің бірлескен іс-әрекет барысындағы аңқылдақтығы, өзгеден және өзгеге шынайы кері байланыс орнатуға, яғни әр топ мүшесі үшін қажетті тұлғааралық қарым-қатынасты іске қосушы механизмді қозғалтушы ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
Сана және іс-әрекет бірлігі қағидасы. Аталған қағида адам мінез-құлқын және оның тұлғалық сипаттамаларын шынайы өмірде, өзге адаммен қарым- қатынас барысында зерттеуге мүмкіндік береді.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығын дамытудың кәсіби білім беруге сәйкестік қағидасы. Әлеуметтік зияттылықты дамыту тиімділігі арту үшін білім алушылардың оқу-тәрбие үдерісінің ерекшеліктері, әр білім алушы құндылықтары мен қажеттіліктері ескерілу негізінде, әр кәсіби іс-әрекетке негізделген болуы керек. Әрбір дамытуға алынған әдіс-тәсілдер мен құралдар ғылыми тұрғыда шартталған және жаңа білім мазмұнына сәйкес толықтырылған болуы маңызды.
Біздің зерттеуімізде қарастырылған қағидалар болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығын дамытуда зерттеу мәселесінің маңызды тұстарын айқындауға, олардың шешімін табу траекториясын құру мен негізгі әдіс-тәсілдерді таңдауға, әлеуметтік зияттылық даму бағытын белгілеуге мүмкіндік берді.
Біз өз зерттеуімізде көптеген ғалымдардың еңбектерін теориялық- әдіснамалық негізде талдап, саралай келе «зияттылық», «әлеуметтік зияттылық» ұғымдарына анықтама бере алдық, оның негізінде осы тұста даму ұғымына тоқталғымыз келеді.
Даму аталған ұғым белгілі бір өзгерісті, жаңа бір қабілеттердің туындауын, жетілуін қамтамасыз етеді. Я.Н. Лернер [143] өз зерттеулерінде «даму» ұғымын тұлғаның қиындықтар негізінде туындаған түрлі мәслелерді шешуге деген даярлығы негізінде анықтаған. Біз тікелей даму ұғымын зияттылықпен байланыстарытын болсақ көп деңгейлі танымдық үдерістерді игеру, психикалық белсенділіктің өзіндік реттеуші факторының, белгілі бір ақпаратты қайта өңдеу, іс-әрекетті танып білуге қызығушылық, бағыттылық таныту қабілеті, ойлаудың белсенділігі мен жылдамдығы, яғни жоғарыда аталғандар белгілі деңгейдегі қиындықтарды шешуге даярлықтың бар болуынан көреміз.
А.Ж. Аяғанова өз ғылыми зерттеу жұмысында зияттылық дамуды мына негізде анықтаған, зияттылық даму тұлғаның ақыл әрекетінің нәтижесі, ал
белгілі бір тапсырмаларды орындау тұлғаның ақыл әрекетінің нәтижесі, ол тұлғаның зияттылық дамуын қамтамасыз етсе, өзіндік бағалау эмоциялық қатынасын білдіреді. Зияттылық даму мен өзіндік бағалау өзара байланыста болады және қалыптасқан этнопсихологиялық түсініктер оларға жағымды ықпал етеді [144]. Автор анықтамасынан біз зияттылық дамудың белгілі бір іс- әрекет нәтижесі екенін, және оған сырттан көптеген факторлар арқылы әсер етуге мүмкіндік барын көре аламыз.
Ресей ғалымы А.Емельянов әлеуметтік зияттылықтың дамуындағы келесі қайнар көздерін бөліп көрсетеді [145]:
-өмірлік тәжірибе (коммуникативтік құзыреттіліктің дамуында оған жетекші рөл беріледі) және тұлғааралық қатынастардың тәжірибесі. Оның сипаттамалары келесідей: ол әлеуметтенген, оның құрамына нақты қоғамдық ортаның интериордық нормалары мен құндылықтар кіреді; ол жеке даралығына ие, яғни жеке өмірінде жеке қабілеттері мен психологиялық оқиғаларға негізделеді.
-өнер – адамды екі жақтан байытатын эстетикалық қызмет: ол бұл жағдайда шығармашыл адамның рөлінде де, өнер туындыларын қабылдап ұғынатынның да рөлінде шығады (коммуникативтік икемдерді дамыту қабілеті).
Достарыңызбен бөлісу: |