Мәдениетке сәйкестік қағидасы. Аталған қағидаға сәйкес тұлға өз мәдени дамуына сәйкес өзіндік құндылықтар деңгейін таңдауға, өзіндік орнын анықтауға, өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндігі бар біртұтас және еркін тұлға ретінде қарастырылады. Ал мәдени мазмұн ретінде жалпыадами, жалпылама ұлттық және мекен-жайлық мәдениет құндылықтары алынады. Сонымен қатар болашақ мамандардың әлеуметтік зияттылығы дамуының тиімділігі студенттер арасында мәдениетке сәйкестік қағидасы негізінде құрылған қарым-қатынас кеңістігін құру арқылы іске асады.
Қазіргі қоғам білім беру жүйесі алдына өзекті міндеттердің бірін көрсетеді, мәдениетке сәйкестік ортасын құру, ол орта негізінде білім алушының отбасылық жағдайларының, өзіндік және қоршаған әлеуметтік орта ерекшеліктері ескерілуі аса маңызды.
Тұлғаның өзін-өзі анықтау мәселесінің Л.В. Выгодский еңбектерінде тарихи-мәдени теория аумағында қарастырылады. Тұлға өз ішкі мүмкіндіктерін тану арқылы белгілі деңгейдегі тарихи қалыптасқан формаға айналады, әлеуметтік ортада іс-әрекет негізіндегі үдерістер нәтижесінің жүзеге асуы орын алады. Өзін- өзі анықтау бұл тек үдеріс емес, ол іс-әрекет нәтижесі де бола алады. Өзін-өзі жүзеге асыра алған тұлға, өз деңгейінде белгілі бір қасиет және сапалары арқылы нәтижесі көрініс табады.
Әлеуметтік өзіндік анықтау (В.И. Журавлева, В.Л. Лебедева) нақты бір өмір сүру бағытын жүзеге асыру қажеттілігі мен қоғамда белгілі деңгейде өзіндік орнын иеленуімен анықталады.
Жүйелі іс-әрекет қағидасы. Теориялық талдау негізінде біз өзіндік әлеуметтік зияттылық анықтамасын бере алдық. Ол анықтама әлеуметтік зияттылық жүйелі түрдегі нысан екенін көрсетеді. Біз анықтаған әлеуметтік зияттылықтың өзара байланысқан құрылымдық компоненттері педагогикалық қарым-қатынасты саналы негізде басқару, өзіндік сана мен өзгені түсіну және талдау, өзіндік білімін іс-әрекет тиімділігін арттыруда пайдалану, мінез-құлық өзгерістері мен нәтижелерін тану бойынша өзіндік әрекеттерді белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін жүйелі түрде пайдалану. Бір бөлшектегі өзгеріс белгілі деңгейде барлық жүйе мен оның компоненттеріндегі өзгерістен көрінеді. Мысалы, бір топ немесе адамдар мінез-құлқын танудағы өңдеу
нәтижелерінің өзгерісі, оларға деген қарым-қатынасты өзгертеді, өзіндік мінез- құлық моделін түзетуді қажет етеді.
Белсенділік және дербестік қағидасы. Бұл қағида әлеуметтік зияттылықты дамытудың басты қағидаларының бірі. Бірінші кезекте бұл негізде еркін және терең ойлау басшылыққа алынады. Оқытушы білім алушыға өзіндік өмірлік тәжірибесін белгілі деңгейде өзіндік тұжырым жасауда пайдалануға мүмкіндік беру. Қазіргі білім беру талаптарына сәйкес білім алушылардың өзіндік жұмыс деңгейінің жоғары болуы аса маңызды. Яғни оқытушыға білім алушы бойында, ізденушілік мотивациясын, оқу қызметіндегі инновациялық ресурстарды белсендіру мен жүзеге асыра алу шеберлігін арттыру, әлеуметтік зияттылықтың даму жолында алынатын нәтиженің әлі беймәлім әрекеттерді шешудегі жауапкершілікті сезінуге дағдыландыру, өзіндік мақсатының субъектісі болуға бағыттау қажеттігі бар.
Педагогикалық қарым-қатынасты құндылықты - мәндік мазмұнмен толықтыру қағидасы. Бұл қағиданың басты ерекшелігі білім алушыға өз оқу үдерісі барысындағы қарым-қатынас негізінде өз кәсіби білімінің мәні мен құндылықтарын игеруге қажетті жағдай құру қажеттігінде.
Қарым-қатынас адамдар арасында байланыс орнатып оны дамыту бірлескен іс-әрекет қажеттілігі негізінде туындайды. Ғалымдардың пікірінше қарым-қатынас (А.А. Бодалев, Х.Т. Шерьязданова) бірлескен іс-әрекет барысында тұлға қалыптасуына өзге адамдармен жағымды өзара әрекеттесу ерекшеліктері әсер етеді [41, с. 59].
Қарым-қатынас мазмұнының диалогтық негізі қағидасы. Оқу материалы диалог негізіне аударылады. Диалог әр тұлға өз-өзіне қойған сұрақтан өзге сұрақтар қойылған мезеттен пайда болады. Сол себепті де диалогтық қарым- қатынас өзіңді ғана емес, өзгені де дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.
С.М. Жақыпов қарым-қатынас мәселесін зерттеуге пәнаралық негізден, кешенді түрде келу қажеттілігін айтып кеткен. Ғалым пайымдауынша, біріккен ой әрекетінің және біріккен диалогты танымдық іс-әрекет қалыптасуының негізгі тірегі ортақ мотивтердің және дербес іс-әрекет мақсаттарының болуына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |