Анықтамалар 4 белгілеулер мен қЫСҚартулар



бет12/31
Дата31.12.2022
өлшемі357.15 Kb.
#405238
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
Байланысты:
Disser

Көпсубъектілі тұғыр. Микросоциумды және білім беру үдерісінің субъектілері (оқытушы, студент т.б.) арасындағы қатынасты қарастыруға бағдарлайды, өйткені жеке тұлға қоршаған адамдармен қарым-қатынас жемісі мен нәтижесі болып табылады (Ш.Т.Таубаева, А.Р.Ерментаева, М.А.Абсатова т.б.).
Осы орайда М.А. Абсатованың сипаттауынша, адамның бойында төмендегідей әлеуметтік-психологиялық сапалар болуы керек:

    • «адамдарды тани білу» біліктілігі (олардың психологиялық ерекшеліктерін, күшті және әлсіз жақтарын тез және дұрыс бағалай білу қабілеті);

    • қарым-қатынасқа бейімділік (кішіпейілділік, адалдық, мейірімділік, адам бойынан жақсы қасиеттерді көре алуы, кемшіліктерге аса назар бөлмеу, қарым- қатынасқа тез түсу, такт, қарапайымдылық және қолжетімділік);

    • бастамашылдық (адаммен қарым-қатынасқа түсе алу, қалыпты мақсат қою, оларға жету жолын ұсыну, демеушілдікті белсенді түрде қол жеткізу);

    • көндіре алу, өз артына ілестіре алу;

    • демократизм (өзін-өзі басқару мен педагогикалық ұжымда өзара әрекеттестікті белсенді ету біліктілігі, топ ішілік қарым-қатынас құру) [140].

Біздің зерттеу мәселемізге қатысты көпсубъектілі тұғыр бірінші кезекте білім алушыға өзін-өзі дамыту субъектісіне айналу үшін қажет, аталған мәселе қазіргі білім беру міндеттерінің бірі ретінде, жаңашыл ғылыми негіздемелерді қажет етеді. Екіншіден, бір ағынға жеке субъектілердің дамыту үдерістерінің бірігуі дамыту ортасын түзеді, осы ортада ол өз қолданысын қазіргі таңда жаңа өзараәрекеттестік мәселесіне орай білім алушының тұлғалық дамуына бағытталған ерекше жүйелер мен технологияларда көрініс табады. Үшіншіден, білім беру ортасында оқытушыдан ерекше субъект-субъектілі қарым- қатынасты құру үшін қажетті қабілеттерді қажет етуші жағдай туындайды. Жалпы зерттеу мәселеміз болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығын дамыту болғандықтан, аталған тұғырды зерттеуімізде басшылыққа алу қажеттігі арта түседі.
Акмеологиялық тұғыр. Адамның индивид ретіндегі прогрессивті дамуындағы шығар «шыңы»; тұлға ретіндегі дамуындағы жетістіктері; еңбектегі жоғарғы жетістіктері адамның даралық дамуындағы жетістіктерінің шыңы (А.Г.Асмолов, Б.С.Братусь, Б.А.Тұрғынбаева т.б.)
Б.А.Тұрғынбаева акмеологиялық тұғырдың сипаттамасын: кәсіби қызығушылықтардың жаратушылық бағыттылығы; жаңашылдық әрекетке деген қажеттілік; инновацияға бейімділік; жалпы және кейбір арнайы зияттылықтың жоғары деңгейде болуы; ассоциациялық байланыстарды қалыптастыруға деген бейімділік; жақсы дамыған елестете алушылық; мінез-
құлық пен әрекетті реттеп отырудағы күшті жігерлілік; дербестік; өзінің психикалық жағдайын басқара алушылық, әсіресе шығармашылық белсенділігін ынталандыра білушілік, - деп түсіндіреді [141].
Біздің ойымызша кәсіби әрекетте биіктерді бағындырған маманның әлеуметтік зияттылығы жоғары деуге болады. Себебі оның жаңашылдыққа ұмтылысының артуы, дербес тұлға ретінде әрекет етуі, өз психологиялық ахуалын реттей алуы, шығармашылық белсенділігінің артуы, барлық танымдық мүмкіндіктерінің жоғары деңгейі өз кезегінде әлеуметтік зияттылығының жоғары деңгейінің айқын көрінісін береді.
Бұл сапалармен қатар болашақ мамандардың әлеуметтік зияттылығын дамыту жолында студенттің сөйлеу мәдениетінің жоғарылығы оның сапасының бір көрсеткіші бола алады. Ойын жеткізе білу, үлгі боларлықтай ерекше стилде еркін сөйлеу, әдістемелік тұрғыда ой мен сөздің, іс-әрекеттің біртұтастығы және т.б. қасиеттер болашақ маманның маман ретінде қалыптасуындағы құралдары болмақ. Бұл пікірімізді 5-кестеде көрсетуге тырыстық.

Кесте 5 – Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығын дамытудың әдіснамалық тұғырлары


.

р/с

Әдіснамалық тұғырлар

Сипаттамасы, атқаратын қызметі

1

Жүйелілік тұғыр



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
ғылым министрлігі
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
бекіту туралы
Зертханалық жұмыс
Жалпы ережелер
арналған жиынтық
болып табылады
Қазақстан республикасының
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қысқа мерзімді
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
рсетілетін қызмет
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
пайда болуы
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
әдістемелік ұсыныстар
коммуналдық мемлекеттік
қарым қатынас
қызмет стандарты
мемлекеттік мекемесі
Жұмыс бағдарламасы