Анықтамалар 4 белгілеулер мен қЫСҚартулар


Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығын дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі



бет10/31
Дата31.12.2022
өлшемі357.15 Kb.
#405238
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
Байланысты:
Disser

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығын дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі



Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығын дамытудың басты аспектісі үдерісті моделдеу. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығын дамыту моделі белгілі қасиеттерге ие және көздеген мақсатты іске асыруды қамтамасыз ететін қағидалар негізінде құрылады. Мұндағы теориялық зерттеулердің интеграциялануы, өз кезегінде, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығын дамытуды педагогикалық әдіснамалық тұрғыдан талдау мен құрылымдық-мазмұндық моделін жасауды талап етеді. Жоғарыда жүргізілген біршама философиялық заңдар мен ойларға негізделген психологиялық білімдер мен аспектілер, педагогикаға байланысты тұжырымдар адамның дүниетанымының қалыптасу жолдары мен құралдарын жасайды. Ендеше таным үдерісінің нәтижесі теориядан танымға жету, ал әдіснамалық жағдайы оны құру тәсілі ретінде қарастырылады. Сондықтан болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығын дамытуда қарастырылған ғылыми-теориялық түсініктер, ұсыналатын моделде басшылыққа алынатын әдіснамалық тұғырлар көмегімен табылатын фактілер арқасында кеңейе түспек. Біздің теориялық ойлауымыз бен зерделеуіміздің негізінде диалектика әдісі жатыр, ол әлеуметтік
зияттылық жайлы тарихи талдау жасауға, оның дамуының заңдылықтарын табуға көмектеседі.
Жұмысымызда болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығын дамытудың әдіснамалық астарларын тереңірек талдау негізінде, әдіснама ұғымының мән-мағынасына тоқталып өтейік.
Әдіснама педагогикалық үдеріс ретінде ғылыми таным мен ғылыми таным құралының теориялық мәселелерін шешу жолдарымен айналысады. Философиялық энциклопедиялық сөздікте «әдіснама» - (грек сөзінен «methods»

  • зерттеу жолы, таным, ілім,білім; «logos» – cөз, түсінік) амалдар жүйесі және тәжірибелік теориялық іс-әрекетті ұйымдастыру және құру тәсілдері, ғылыми таным әдістері туралы оқу; қандай да бір ғылымда қолданатын әдістердің жиынтығы дегенді білдіреді делінген [133].

Психологиялық-педагогикалық сөздік бойынша әдіснама, теориялық және практикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың және құрудың принциптерінің және тәсілдерінің жүйесі.
Педагогика әдіснамасы – педагогика теориясы, педагогикалық құбылыстарды қарау принциптері, зерттеу әдістері туралы білім жүйесі, алынған білімді тәрбиелеу. Оқыту тәжірибесіне енгізу жолдарын қамтиды. Әдіснаманың теориялық жағы негізгі педагогикалық заңдылықтардың анықталуымен байланысты, ғылыми ізденудің бастапқы алғышарты ретінде, дүниетану қызметіне еніп, педагогикалық зерттеудің қандай философиялық, биологиялық, психологиялық идеялардан құрылғанын анықтап, алынған нәтижені дәлелдеп және қорытынды шығарады.
Педагогиканың әдіснамасы оның негізін, базалық сипатын анықтайды. Әдістеме негізінде әлеуметтік педагогиканың тұтастай және оның құрамдас бөліктерінің ғылыми бағытының мәні анықталады. Осыған сүйене отырып, педагогиканың теориясы мен практикасының өзекті мәселелерін зерттейді.
М.А.Данилов ұсынған педагогика әдіснамасының анықтамасы: «Дамушы қоғам жағдайында үздіксіз өзгермелі педагогикалық болмысты шынайы көрсететін, білім табу жолдары және тәсілдері принциптері туралы, педагогикалық теория негізі және құрылымы туралы, бастапқы ережелері туралы білімдер жүйесі педагогикалық әдіснама болады [134, с. 87]. Педагогиканың дамуына қосқан үлесі үшін автордың жұмыстарын педагогика әдіснамасы бойынша зерттеген ғалымдардың алғашқыларының бірі деп санаймыз.
В.И.Загвязинский «Педагогикалық әдіснама – бұл ғылыми-педагогикалық зерттеулердің бастапқы ережелері, құрылымдары, функциялары және әдістері туралы ілім». Автор:1) «Педагогика әдіснамасы бұл педагогикалық білім және оны табу үдерісі, яғни педагогикалық мәселе туралы ілім; 2) Әдіснамалық мәні бар бастапқы, шешуші, түп негізді, философиялық, жалпы ғылыми және педагогикалық қағидалар (теориялар, тұжырымдамалар, болжамдар); 3) Педагогикалық таным әдістері туралы ілім (сөздің нақты мағынасындағы әдіснама) [134, с. 96].
Ш.Т.Таубаева педагогика әдіснамасының пәнін төмендегіше бөліп көрсеткен:
-педагогиканың басқа ғылымдар арасындағы және педагогикалық зерттеулердің маңызды мәселелерінің орнын анықтау;
-педагогикалық шындық туралы оларды өзгерту және интерпретациялау әдістері, білім алудың ұстанымдары мен тәсілдері;
-педагогикалық теорияның құрылымын құру және дамытудың әдістері;
-ғылым мен практиканың өзара әрекеттесуінің тиімді шарттары, ғылым жетістіктерін педагогикалық практикаға ендірудің негізгі ұстанымдары мен тәсілдері [135].
П.И.Пидкасистый бойынша, педагогика әдіснамасының пәні білім беру аясында болатын қарым-қатынас жүйесінде болатын үдерістердің заңдылықтары болып табылады. Сонымен қатар автор білім берудің мақсаты мен мазмұнының шартталған өзара әрекеттесу тәсілдері және оны шарттайтын әдістер мен формасын жатқызады. Мұнда субъектілердің қарым-қатынасы, іс- әрекетін басқару мен ұйымдастыру механизмдері іске асып, ол субъектілердің ұжым және топта өзін-өзі ұйымдастыруы, рефлексиясы, өзін – өзі тәрбиелеуін қамтиды [136].
Б.А.Тұрғынбаева еңбектерінде «әдіснама» ұғымының мағынасын:
-ғылымды тану туралы ілім;
-сол тану жолындағы қолданылатын танымдық құралдар, әдістер мен тәсілдердің жиынтығы;
-танымдық және қайта құрушы қызметті ұйымдастырудың алғышарттары мен қағидаларын зерттеуші құралдар турасындағы теориялық білім саласы деп тұжырымдайды [132, б. 88]. Ғалымның тұжырымынан, таным үдерісін реттеу, іштей ұйымдастыру немесе практикалық өзгертудің жолдарын анықтау секілді әрекеттер әдіснаманың негізгі қызметі екендігін пайымдай аламыз.
Педагогикалық әдіснамалық негіздердің мазмұнын түзуде біз, көбінесе
«әдіс», «тұғыр», «қағида», «амал», «ұстаным», «идея», «логика», «парадигма»,
«теория» ұғымдарының өзара байланысқа түсуін аңғарамыз. Бұл ұғымдар ғылыми әдіснама категориялары болып саналады [137].
Ғылыми әдіснама категорияларының бірі – тұғыр. Тұғыр –әдіснама категориясы ретінде теориялық және практикалық мәселелерді шешуде қолданылады. Ол міндеттерді шешудегі негізгі жол, шешімдердің бағыты мен стратегиясын ашады.
Біз қарастырып отырған зерттеу жұмысы аясындағы ғылыми білімдер теориясын зерделеуде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығын дамытуда келесідей әдіснамалық тұғырларды басшылыққа алдық: жүйелілік тұғыр, синергетикалық тұғыр, тұлғалық іс-әрекеттік тұғыр, көпсубъектілі тұғыр, акмеологиялық тұғыр.
Әлеуметтік зияттылықты дамытудың жоғарыда аталған әдіснамалық тұғырлары басқа ғылымдардағы қызметтер сияқты таным құралдары мен әдістерін айқындайтын бастапқы идея, теориялық ереже дегенді көздейді.
Ендеше біз, зияттылықты дамытудың әдіснамалық тұғырларының бірі жүйелілік тұғырға тереңірек талдауда тоқталайық.
Жүйелілік тұғыр – танымдық әрекеттегі ең әмбебап құрал. «Жүйе» ұғымының грек тілінен аудармасы «құрастыру» ретінде түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
ғылым министрлігі
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
бекіту туралы
Зертханалық жұмыс
Жалпы ережелер
арналған жиынтық
болып табылады
Қазақстан республикасының
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қысқа мерзімді
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
рсетілетін қызмет
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
пайда болуы
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
әдістемелік ұсыныстар
коммуналдық мемлекеттік
қарым қатынас
қызмет стандарты
мемлекеттік мекемесі
Жұмыс бағдарламасы