– Менің солай айтқым келеді… Ол менің мо-омам ғой… Осылай деп
тұрып та бала мұның денесіне бетін басып, құшақтап, еркелеуін доғарған
жоқ.
Екеуі таңертеңгі шай үстінде тағы да қатар отырды.
Сержан туралған нандарды Есмағамбеттің алдына жақындатып
қояды. Шай құйылған кесесін Есмағамбетке алып береді. Оның кесесі
босаған сәтте қайтадан әжесіне карай ұзатады.
Шайдан соң жеңіл машина келіп, енді Есмағамбет киінуге ішкі
бөлмеге кіргенде ере кірген ол осы оңашалықты да пайдаланып:
– Қашан келесің?
– деді оны жіберуге қимағандай сезіммен әрі
Есмағамбеттің
әр тұста ілінген көйлегін, костюмін алып беріп тұрып.
– Амандық болса, ертең таңертең…
– Сосын-н?
– Сосын осында боламын…
– Сосын-н?
– Сосын жолға шығу керек.
– Сосын?
– Сен өзің “сосын, сосын” дей береді екенсің.
– Сенен үйрендім ғой, — деді бала еркелей күліп тұрып та
Есмағамбетке кеше болған әңгімелерді есіне салғандай. Сержанға керегі
“екеуіміз поезға шығамыз. Алматыға бірге кетеміз” деген сөздің тағы да
қайталануы екенін Есмағамбет білмей тұрған жоқ-ты. Атасы мен әжесінің
келісімі болмаған соң, бұл жолы айта алмай, тілін тістеп қалған. Болмаса
ол сөз алдымен-ақ көмейіне келуін келіп тұрды ғой. Ойындағы сөзі
айтылмағандықтан болар, еркелеуін еркелеп, күлуін күлгенмен,
баланың
көздері кешегідей ұшқын шашып, жүзі де бал-бұл жана қойған жоқ-ты.
Керісінше, өңіне бір кірбің… көздеріне де мұң ұялағандай еді.
Соның бәрін Есмағамбет байқаса да, байқамағандай болып, сыртқа
шыкты. Сержан да ілесіп келеді. Бірак бала осы қалпында әншейіндегі кѳп
сѳзділігінен де оқыс арылып, томаға тұйық күйге енгендей.
Есмағамбет жеңіл машинаға мінер сәтте ғана ол аз
уакыт атасының
аяғына оратылған болып, белінен кұшатады. Баланьң бұл айласы да: «Мен
туралы қайта ойлан. Уәдеңді ұмытпа» дегені сияқты еді.
Есмағамбет мұны да түсінді. Бірақ сыр берген жоқ. Үлкендерге тән
сабырлылықпен елемеген болды.
Ауылдағы туыстары арасында бір күн болып, ертеңіне мініп келген
кѳлігімен аудан орталығына қайтып келе жатқанда Есмағамбеттің кѳңіл
күйі жұбаулау еді. Сондай күйге түсуінің де себептері болды. Бұл соқпаған
төрт жылдьң ішінде тай-кұлындай тебісіп ѳскен төрт-бес қатары дүниеден
озыпты. Есмағамбетті кѳрген соң, олардың әйелдері мен бала-шағалары
ебіл-дебіл боп жылап қалды. Есмағамбеттің де кәдімгідей кѳңілі босап, көз
жасына ерік берген сәттері болды. Бір топ шалдармен бірге барып әулиеге
Құран окыды. Ол арада жатқан әке-шешесі... ѳміріне, тағдырына қатысы
бар ѳзге де жақын-жуықтар оны бей-жай қалдырған жоқ. Анау үй, мынау
үйден шай ішіп, ас жеген кездеріндегі әңгімелер де ауылдағылардың мұң-
мұқтаждарының төңірегі еді. Қанша дегенмен, ѳзі туып-ѳскен ауылы емес
пе, күндіз есіткен әңгімелерінің әсерімен ананы-мынаны ойлап, түн
жарымына дейін ұйықтамағандықтан болар, ертеңгілікте қарадай шаршап,
кѳңілсіз оянған.
Ауыл әсерінен, марқұм болған достарын ойлаудан машина ішінде де
құтыла алған жоқ. Тіпті қайсыбір сәтте ѳз-ѳзінен кѳңілі босап та калды.
Балмағамбеттің үйіне жеткен соң да машинадан кѳңілсіз түсті.
Інісінің
қабағын аңдаған Балмағамбет те:
– Е, бәленше, түгеншелердің үйіне бардың. Содан кѳңілің бұзылған
ғой,
– деп ѳзінше бәйек болып жүр. Жеңгесі де қонағы қорадан кіргелі
самаурынға су кұйып, қазан жуып ѳзінше әбігер. Араларындағы кѳңілді
жан Сержан ғана еді. Есмағамбет атасының машинадан түсіп жатқанын
алдымен кѳріп, жүгіріп келіп кұшақтап, қолын алып жүрген де сол. Алас-
қапаста жолға киетін шалбары мен кѳйлегін түн ішінде дайындап
қойғанын да айтып үлгірді. Бірақ бала сѳзіне
мән берген Есмағамбет
болмады. Бала аяғына оралып, құшақтап, қолын алып жүргенде де
басынан сипады ма, сипамады ма, анығы есінде жок,. Оның үстіне, үйге
кірген бойда-ақ Балмағамбеттің:
Достарыңызбен бөлісу: