Саламатсыздар ма? Ұстаздар,оқушылар. Мен сіздермен Ғабит Мүсіреповтың Аналар туралы әңгімелерінің ішіндегі Ананың анасы әңгімесі жайлы айтып бермекпін.
Ананың анасы — Ғабит Мүсіреповтің 1933 жылы жазған ана құдіреті тақырыбындағы әңгімелерінің бірі. Ел арасына кең тараған аңыздан алынған. Мұнда елді шауып, жазықсыз жас қызды зорлап алып бара жатқан батырды қыз анасының сөзбен тоқтатып, жеңгені, сөйтіп, оның қызын жау қолынан азат етуі баяндалған. Әйтілес ақсақалдың «етектей сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап» қойып өткен өмір оқиғасын баяндауынан басталады. Әңгімеде намысқа шабар білегі, әділетті таныр жүрегі бар, бірақ ел әкімдерінің алдауына түскен аңғал батыр Жалпақ балуанның Бала бидің қолшоқпары болуы, жүрегін жарып шыққан қызының тағдырына шырылдап арашашы бола білген абзал ананың өжеттігі айтылады.
«Ананың анасы» әңгімесінің мазмұны Соқыр Әйтілес қарттың әңгімесі болатын. Жалпақ балуанға еріп, Ергенектің елін шабуға аттанды. Бала бидің батыры Жалпақ балуан Ергенекті елінің екі рет шабуылдағанын. Бірінде өзі тоналып, бірінде оның қалыңдығын алғанын айтады. Сәресенбінің сәттісінде Жалпақ балуан жауға аттанады. Жолшыбайлап жылқысын төркеріп келе жатқанда, бота көзді тезек теріп жүрген бір қызды көреді де, «Сауға» деп атына салып алады. Артынша аттарды алғаның алған, жылқышының қызында нең бар, дейді – әкесі. Жалпақ Кейкіге ым жасайды. Әкесінің көкесін танытады. Аралдың басындағы бір төбеден әйел бәрін шақырады. ОЛ өзін – әйел деп таныстырады. Қолынан қыз шапшып шығып кетіп, шешесінің жанына барады. Сонар деген арбакештің қызымын, Байсары деген бай, онан соң өздерің шапқан Сары байдың қолына түстім, бәйгіге тігіліп деп басынан кешкенді айтып береді. Қызының өмірі өз өмірін қайталамауды сұрап Жалпақ балуанға түсіндіреді. Ол ананың сөздеріне жібіп босатады. Жанай балуан ылғи – шіркін, әйелдің де, әйелі еді деп айтушы еді деп сөзін аяқтады қарт.
Ғабит Мүсіреповтың Ананың анасы тақырыбындағы әңгімесін оқуларыңызға кеңес берер едім. Өйткені бұл шығарма Ана деген есімнің киелі ұғым екенін танытатын шығарма деп айтар едім.
.
Достарыңызбен бөлісу: |