«Ана тілім — ардағым»



Дата22.11.2022
өлшемі42.52 Kb.
#360986
Байланысты:
Ана тілім — ардағым
5-сынып қазақ ттжб (1)

«Ана тілім — ардағым»
Мақсаты:
1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір — қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал — мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, Microsoft Pover Point программасында безендірілген презентация.
1 — жүргізуші: Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда — ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.
С. Торайғыров.
2 — жүргізуші: Туған тілім — бабам тілі — өз тілім,
Туған тілім — анам тілі — өз тілім.
Туған тілім — далам тілі — өз тілім,
Туған тілім — адам тілі — өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып — ақ алыңдар.
Д. Әбілев.
1 — жүргізуші: Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері — түп қазығы, айбыны,
Туған тілі — мәңгі өнеге айдыны,
Жан байлығы, салт — дәстүрі — тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы.
М. Шаханов.
2 — жүргізуші: Тілім менің!
Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.
Тұнығым, рухани жан азығым
Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.
Ана тілім, туған тілім, бал тілім
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім
Сен өмірде таусылмайтын алтыным.
Ш. Айтматов.
1 — жүргізуші:
1. «Үміт» бекеті. Мақал — мәтелдерді жалғастыр:
Шешеннің тілі…
Бал тамған тілден…
Ақыл көркі…
Ана сүті…
Жақсы сөз…
Жақсыға сөз ілеседі…
Тілін білмеген…
Аяққа кісен салуға болар…
2 — жүргізуші:
2. «Ғалым» бекеті. Тест сұрақтары залдағы көрермендерге қойылады.
1. Тіл туралы Заң қашан қабылданды?
А) 1987ж. 17 қараша
В) 1989ж. 22 қыркүйек
С) 1990ж. 13 маусым
Д) 1992ж. 15 қазан
Е) 1991ж. 17 қыркүйек
2. Тіл білімінің негізін салған кім?
А) Ш. Уәлиханов
В) М. Жұмабаев
С) А. Байтұрсынов
Д) Ы. Алтынсарин
Е) А. Құнанбаев
3. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
А) хинди
В) араб
С) португал
Д) испан
Е) түркі
4. «Ана тілің — арың бұл, ұятың боп тұр бетте» деген өлең жолдарының авторы кім?
А) Қ. Мырзалиев
В) Ә. Тәжібаев
С) С. Торайғыров
Д) М. Шаханов
Е) М. Мақатаев
5. Ақпарат құралдарының тілі қай стильге жатады?
А) публицистикалық
В) көркем әдебиет
С) ауызекі сөйлеу
Д) ресми
Е) ғылыми


3. 1 — жүргізуші: 8В сынып оқушысы: Болатқызы Диана
«Ана тілім» — Несіпбек Айтұлы
Ана тілім,
Жүрегісің анамның.
Жүрек-ана,
Мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім,
Егер сені білмесем.
Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам,
Сенің арқаң жүзіп ішсем тұнықтан.
Туған анамды ұмытқаным емес пе,
Туған тілім,
Егер сені ұмытсам.
Сенің арқаң өзімді өзім түсінсем,
Ақыл-ойым, айбатым-сен, күшім-сен!
Қойсын маған күннің нұры түспей-ақ,
Ана тілім,
Арыңа дақ түсірсем.
Ағытатын тасқын ойдың тиегін,
Өзің ғана сыйынатын киелім!

4. 2 — жүргізуші: №1 би: Кадыр Медина
5. 1 — жүргізуші: 8В сынып оқушысы: Кенченбаева Карина

6. 2 — жүргізуші:
«Арман» бекеті. Ашық сабаққа қатысып отырған оқушыларға қойылады.
Тұрақты сөз тіркестерінің мәнін аш:
Қас пен көздің арасында (лезде)
Қара қылды қақ жару ( әділ)
Төбе шашы тік тұрды (шошыды)
Тайға таңба басқандай (анық)
Аузына құм құйылды (үндемеу)
Көзге түртсе көргісіз (қараңғы)
Тонның ішкі бауындай (тату)
Бет моншағы үзілу (ұялу)
Жарғақ құлағы жастыққа тимей (мазасыздану)
Күн тигізбей өсірген (мәпелеу)
7. 1 — жүргізуші: 8В сынып оқушылары: Кенченбаева Карина, Узденбаева Кәусар, Исман Аяулым, Халирова Аиданың орындауында «Қамажай» биі
8. 2 — жүргізуші: 8В сынып оқушысы: Нарымбай Рукия

9. 1 — жүргізуші: 8В сынып оқушысы: Атиш Арман

10. 2 — жүргізуші: 8Б сынып оқушысы: Оңалбек Қыдырәлі
11. 1 — жүргізуші: 8Б сынып оқушысы:
12. 2 — жүргізуші: 8Б сынып оқушысы:
13. 1 — жүргізуші: 8Б сынып оқушысы:
14. 2 — жүргізуші: 8Б сынып оқушысы:


15. 1 — жүргізуші: Тіл — қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.
2 — жүргізуші: Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
Ә. Тәжібаев.
Екеуі бірге қосыла: Кіршіксіз қардай сақтаңдар,
Қазақтың тілін ғаламат.
Ана тіл – арым, иманым,
Аманат, саған, аманат.
М. Әлімбаев.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені