Ана
Көктемде көңілді,
Құстар кеп жатқанда.
Құлпыртып өңірді,
Гүл ектік бақтарға.
Гүл ектік аулаға,
Көктемде көңілді.
Бақта да аула да,
Ақ гүлдер өрілді.
Біз доспыз гүлдермен,
Бекерге жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден,
Анаға сыйлаймыз.
Әжемнің шәйі
Мен барған сайын,
Дастархан дайын.
Қояды құртын,
Тосады майын.
Ля-ля-ля әжемнің шәйі
Тұрады жайнап,
Құманы қайнап.
Қалампыр сеуіп,
Қатады қаймақ.
Ля-ля-ля әжемнің шәйі
Дейді әжем жаным,
Тәтіп көр дәмін.
Шынында шәйдің,
Біледі бабын.
Ля-ля-ля-ля әжемнің шәйі.
Ұнатып дәмін,
Ішкен соң шәйін.
Әжемнің менде,
Ойлаймын жайын.
Әжемнің шәйі.
Достарыңызбен бөлісу: |