Алматы облысы Балқаш ауданы «№1 Бақанас орта мектебі» мкм тарих пәнінің мұғалімі



Дата10.09.2017
өлшемі25.02 Kb.
#19874
Алматы облысы Балқаш ауданы

«№1 Бақанас орта мектебі» МКМ

Тарих пәнінің мұғалімі

Құлынбай Ажар Қалиқызы
Тақырыбы: «ХІІІ-ХҮ ғасырлардағы ғылым мен мәдениеттің дамуы»

Заман талабына сай білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бүгінгі мектеп оқушылары ертең өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуы керек. Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысын дамытуда, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор екенін тілге тиек еткендей. Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Қазіргі заманғы сыни тұрғыда ойлау технологиялары педагогикалық және психологиялық ілімдер негізінде құрылған дамытушы, тұлғалық бағдарлы, мақсатты технология болып табылады.

Оқушының тұлғалық дамуына бағытталған технологиялардың бірі- сыни тұрғыда ойлау технологиясы екені анық. Сабақтың сапалы, тиімді өтуі күнтізбелік жоспарды құруға байланысты. Күнтізбелік жоспарды жасау мен оқушылардың өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, Сыни тұрғда ойлау технологиясы өте тиімді. Бұл технологияны қолдану білімді демократияландыруға, ізгілендіруге, оқыту сапасын арттыруға ықпал етеді.

Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру да тыңдаушының дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау етеді. Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіреді. 

Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өтуін негізге алып, 6 деңгейге жіктейді және сұрақтар арқылы белсенді әрекетке жетелейді.

Курстағы өздік жұмысымның тақырыбы: «ХІІІ-ХҮ ғасырлардағы ғылым мен мәдениеттің дамуы» атты тақырыпта 7 сынып Қазақстан тарихында оқытылады.



Жобаның мақсаты:

ХІІІ-ХҮ ғасырлардағы Қазақстанның рухани мәдениеті дамуының ортақ белгілерін, тарихи мәнін, оның сабақтастығы мен жаңашылдығын салыстыра отырып оқушылардың бойында Қазақстандық потратизм жаң жақты бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру.



Жобаның нәтижесі:

  • Оқушылар Б.Блум таксономиясына негізделген сыни тұрғыда ойлау стратегиясымен жұмыс істеуді үйретеді;

  • Оқушы құзіреттілігіне жол ашыу;

  • Ойлау мәдениетін қалыптастыру;

  • Өзіндік шешім қабылдауға дағдыландырады,

Бұның барлығы өз негізінде оқушы бойындағы моралдық, адамгершілік, тірбиелік және білімді тұлғалық қасиетіне анықтауға да мүмкіндік береді.

Түрі

Берілген тапсырмалар мен сұрақтар

Білу

1.Рухани мәдениет деп қандай мідениетті айтамыз? (Белгілі бір кезеңде өмір сүрген халықтың жан-дүниесінің көрнісі.)

2.ХІҮ –ХҮ ғасырларда қазақ тілі түркі тілдерінің қай тобынан бөлініп шықты? ( Қыпшақ тобынан). 3.Алтын Орданың өмір сүрген бастапқы кезеңінде ХІІІ ғасырда Дешті Қыпшақта қандай дін жоғары тұрды? (Христиан, ислам, тәңіршілдік кең таралған.) 4.Шағатай мемлекетінде, одан кейін Моғолстанда қандай дін үстемдік етті? ( Ислам кеңінен таралған.) 5.ХІҮ-ХҮ ғасырларда Қазақстанда мекендеген ру-тайпалардың әдеби шығармалары ауызша таралды, оны ғалымда қалай аталады? (Фольклор деп аталады .) 6.Қандай аңыз-әңгімелерде аспан денелері туралы баяндалады. («Күннің баяны», «Темірқазық пен Жетіжарғы».) 7.ХІҮ-ХҮ ғасырларда қыпшақтар арасынан шыққан Кутбтың әдеби шығармасын ата. («Хұсрау мен Шырын.»)




Түсіну

1.Монғолдан кейінгі кезеңде исламның басымдылық алуына қандай оқиғалар себеп бол,ан? (1312 жылы Алтын Ордада Өзбектің, 1348 жылы Моғолстанда Тоғылық Темірдің исламды мемлекеттік дін негізінде енгізу.) 2. Ауыз әдебиеттің қандай жанырларын білесіндер? ( «Құламерген», «Жоямерген», «Жерден шыққан Желім батыр", «Ертөстік», «Керқұла атты Кендебай».) 3.ХІҮ ғасырдың басындағы қыпшақ тілінің ең жарқын ескерткіші «Кодекс куманикус» болып табылады. Ол қандай мақсатта жазылған? Бұл кітап бізге несімен құнды? (Халықаралық қатынаста сөздік ретінде құнды.)

4. Алтын Ордада неліктен тұрмыстық қарым- қатынас негізінен қыпшақ тілінде жүргізіп, әдебиет осы тілде жазылды? (Дешті Қыпшақтың негізгі тұрғындарын қыпшақтар құрады, қыпшақтардың мәдени рөлі монғолдарға дейін де жоғары болды .) 5.ХІҮ-ХҮ ғасырлар аралығында белгілі өзбек ақыны Хорезмидің әдеби шығармасын қандай? ( «Мухаббатнама».) 6.Сүйіспеншілік, әдептілік тақырыбында жазған Дубектің поэмасы. («Жүсіп Зылиха».) 7.ХІІІ-ХҮ ғасырлардан аттары бізге аңыз болып жеткен аызша поэзия өкілдерін ата. (Кетбұға, Сыпра, Қотан, Асан қайғы.)



Қолдану

1.Мақал – мәтелдердің жалғасын тап:
Ғылым - теңіз, білім - қайық.
Ақыл азбайды, білім тозбайды.
Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы.

2. Аты аталған жыраулардың қайсысы Әбілқайырға қарсы күресте Жәнібек пен Керейді қолдады? А) Сыпыра жырау; В) Асан қайғы; С) Қодан тайшы; Д) Кетбұға.

Жауабы: В) Асан қайғы.

3.Сөйлемді аяқта: «ХІІІ-ХҮ ғасырлардағы ауыз әдебиеті шығармалары әр түрлі жанрларда дамыды: Бұл жанырлар ақын-жыраулар мен сурыпсалма ақындар, халық ән-жырларымен, мақал-мәтелдермен ерекшеленді. 4.Қалып қойған сөздерді орына қой. ХІІІ-ХҮ ғасыр басында көшпелілер арасында дәстүрлі дін ______________ үстемдік етуі жалғасты.

Жауабы: тәңіршілдіктің



5. Көшпенділердің көзқарасына негізгі орынның бірін алған________

сиыну өз маңызын жоғалтқан жоқ.

Жауабы: ата-баба аруағына

6.Батый хан тұсында барлық мемлекеттік құжаттар_____________

тілінде дайындалды.

Жауабы: қыпшақ тілінде.

7.Қодан Тайшы дала жұртына белгілі жырау және арғын тайпасын басқарған саяси қайраткер. Ол _________мен_______________ сұлтандарды белсенді түрде қолдады.

Жауабы: Ұрұс ханның ұрпақтары- Жәнібек пен Керей.







Талдау

Венн диаграмасы

1. ХІІІ-ХҮ ғасырлардағы және ҮІ-ІХ ғасырлардағы рухани мәдениет арасындағы ұқсастық қандай?

2.ХІІІ-ХҮ ғасырлар ғалымы және оның шығармашылығының тақырыбы.

1) Хусам ад-дин

А)Қалалар, жергілікті әулеттер, билеушілер, ғалымдар туралы мәліметтер.

2) Низами

В) «Оның арабша шығармалары шешендігімен, парсыша сөз тапқырлығымен, түрікше шынайлығымен және қарапайым сөз саптауымен ерекшеленеді».

3) Жамал Карши

С) Оның шығармасын қыпшақ тілінде ақын Құтб аударды.

Жауабы: 1) А; 2) С; 3)В;

3.Жыраулардың есімдері және олардың сипаттамасы.

1) Сыпыра жырау

А) Арғын тайпасын басқарған дала жұртына белгілі жырау, саяси қайраткер, Әбілқайыр ханның қарсыласы.

2) Қотан тайшы

В) Өз жырларын Тоқтамыстың Темірге қарсы күресі мен Алтын Ордадағы ішкі қырқыстарға арнады.

3) Асан қайғы

С) Найман тайпасынан шыққан аты аңызға айналған жырау, оның Жошы өлімі туралы жыры бар.

4) Кебұға

Д) Қазақ хандығының тұңғыш жырауы ретінде халыққа бірлікке, бабалар өсиетіне адал болуға шақырады.

Жауабы: 1) В; 2) А; 3) Д; 4 ) С;

4.Эпос және оның мазмұны.



1) «Қобыланды батыр»

А) Халық батыры ретінде бейнеленген Батый хан ерліктері туралы.

2) «Едіге батыр»

В) ХІІІ ғ. Соңында қыпшақтардың Парсы шахымен соғысы жайында

3) «Ер Сайын»

С) ХІҮ ғ. соңында Едіге мен Тоқтамыстың билік үшін күресі туралы

Жауабы: 1) В; 2) С; 3) А;

Жинақтау

І.Тест тапсырмасы:

1. ХІІІ-ХҮ ғасырларда жақылған әдеби ескерткіштер мен дамыған халық ауыз әдебиетінің тілі

А) өзбек; В) ұйғыр; С) ноғай; Д) қыпшақ

2. Қыпшақ тіліндегі жазба әдебиеттің өркендеген кезі.

А) ХҮ-ХҮІ ғасырлар; В)ХІҮ-ХҮ ғасырлар;

С) ХІІІ-ХІҮ ғасырлар; Д)ХҮІ-ХҮІІ ғасырлар;

3.Қыпшақ тілінде жазылып, көптеген сюжеттері кейін қазақ халық ертегілері желісін құраған шығарма.

А) «Қисса ул-әнбиа»; В) «Дуан-и Хикмет»;

С) «Құтадғу білік»; Д) «Тарихи-и-Рашиди»;

4. Әзірбайжан ақыны Низамидің шығыста кең тараған қыпшақ тіліне аударылған поэмасы.

А) «Қыз Жібек» ; В) «Хұсырау мен Шырын»;

С) «Едіге батыр»; Д) «Мұхаббатнама»;

5. Қыпшақтардың парсы хахымен соғысы туралы әңгімеленген ХІІІ ғасырдың соңы – ХІҮ ғасырдың басындағы эпосы.

А) «Қобыланды батыр»; В) «Алпамыс»;

С) «Едіге батыр»; Д) «Айман-Шолпан»;

6.ХІҮ-ХҮ ғасырларда халықаралық қарым қатынастарда сөзді ретінде пайдаланған еңбектің аты.

А) «Қисса ул-әнбиа»; В) «Дуан-и Хикмет»;

С) «Құтадғу білік»; Д) «Кодекс куманикус»;

7. Халық аңыздары Жошы өлімі туралы, оның әкесі Шынңысханға арналған жырдың авторы:

А) «Асан Қайғы»; В) «Қотан тайшы»;

С) «Кетбұға»; Д) «Сыпыра жырау»;

Жауабы: 1) Д; 2) С; 3) А; 4) В; 5) А; 6) Д; 7) С;



Бағалау

Сен қалай ойлайсын?

1.ХІІІ-ХҮ ғасырлардағы ғылым мен мәдениетке сенің көнілің толама?

2.Асан Қайғының «Жер ұйығы» іздеуіне сенің көз қарасын қандай?

3.ХІІІ-ХҮ ғасырларда сен өмір сүрсен ғылым мен мәдениетті қалай дамытар едін?




Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Қазақстан тарихы, Ж. Артықбаев, Жоғарғы білім, Алматы 2013 жыл.

2.Қазақстан тарихы ІІ том, V томдық Алматы 2004 жыл.

3.Қазақ мәдениетінің Ұлы қайраткерлері ІХ-ХІХ ғасырлар ғұламалар тағылымы. Авт. Сарбаева А.М. «Клешек-2030» 2011жыл.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша

педагог мамандар біліктілігін арттыру институты

Өздік жұмыс

Деректерді оқытуға арналған тапсырмалар құрастыру

«ХІІІ – ХҮ ғасырлардағы ғылым мен мәдениеттің дамуы»



Орындаған: Құлынбай Ажар

Балқаш ауданы №1 Бақанас орта мектебінің тарих пәні мұғалімі


Тексерген: Д.Ж.Нургалиева

Алматы 2014 жыл
Каталог: 2015
2015 -> Алгоритмнің анықтамасы Алгоритмнің қасиеттері
2015 -> Бекітілді утвержден
2015 -> Бекітілдіутвержден
2015 -> Рахымқұлов Дәуітхан Айтжанұлы Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты (574). 06
2015 -> Атты II халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады. Конференцияның мақсаты
2015 -> Сабақ тақырыбы: Ноғай Ордасы. Жалпы мақсат
2015 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау
2015 -> Қазақстандағы экологиялық зерттеулер
2015 -> Негізгі бөліністер
2015 -> №37 Жалпы орта білім беру мектебінің директоры Л. Б. Жүсіпова 2015-2016 о ж


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді