Алматы энергетика



Pdf көрінісі
бет9/19
Дата21.11.2021
өлшемі1.16 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Бақылау сұрақтары 

 

1.  ЖЭС  өндірген  электр  энергиясының  нормаланған  құнын  төмендету 

жолдары. 

2. ЖЭA деген не? 

3. Жел қозғалтқышы деген не? 

4. ЖЭҚ деген не? 

5. ЖЭС деген не? 

6. ЖЭС генераторының роторының жылдамдығы неге тәуелді болады? 

7. Мультипликатор деген не? 

8. ЖЭҚ тісті беріліс санын анықтаңыз. 

 

 

 



 


15 

 

 



2.3  Зертханалық жұмыс №3. Генератордың бос жүріс сипаттамасын 

зерттеу 

 

Жұмыстың  мақсаты:  синхронды  жел  генераторының  бос  жүріс 

сипаттамасын алу. 

 

2.3.1  Жұмыстың бағдарламасы. 



2.3.1.1  Зертханалық  құрылғымен  және  зертханалық  жұмыстың 

сипаттамасымен танысу. 

2.3.1.2 

Жел  электр  қондырғысының  мнемосұлбасын  зерттеу  және 

басқару элементтерін тағайындау. 

2.3.1.3  Жел генераторының бос жүріс сипаттамасын алуды іске асыру.  

2.3.1.4 

Тәжірибелік  тәуелділіктерді  тұрғызу,  зертханалық  жұмыс 

бойынша есеп беруді жасау. 

 

2.3.2 Жұмыстың сипаттамасы. 



Зертханалық  жұмысты  жүргізу  кезінде  синхронды  жел  генераторы  бос 

жүріс  режимінде  болуы  керек,  ал  батарея  тұрақты  ток  шинасынан 

ажыратылуы  керек.  Ол  үшін  жұмысты  бастамас  бұрын  стендпен  сөндірілген 

автоматты  ажыратқыш  QF1  стендті  қоректендіру  модулі  кезінде  келесі 

тапсырмаларды орындау қажет: 

аккумуляторлы батарея АКБ модулінің клеммаларының ауыстырып 



қосқышын «ОТКЛ» жағдайына қою; 

«Жүктеме»  модулінің  ауыстырып  қосқышы  SA1  –  SA5  төменгі 



жағдайға қою;  

жел  жылдамдығының  беріліс  блогының  «Пуск»  ауыстырып 



қосқышын  төменгі жағдайға қою. Бұл кезде жиілік түрлендіргішінің жұмысы 

блокталады. 

жел  жылдамдығының  беріліс  потенциометрі  сағат  тіліне  қарсы  ең 



шеткі жағдайға қою. 

Зертханалық  жұмысты  өлшеуіштік  аспаптардың  көрсеткіштерін  тіркей 

отырып  жүргізуге  болады.    Сондай-ақ  жел  электр  қондырғысының   

параметрлерін өлшеу үшін дербес компьютерді пайдалануға болады. Ол үшін 

компьютерді  қосып,  Windows  толық  жүктелуін  күтіп  және  «DeltaProfi» 

бағдарламасын  қосу  қажет,  оның  жұмыс  белгісі  қондырғыны  орнату  кезінде 

жұмыс  үстеліне  қойылған.  «Работы»  мәзірінде  №1  жұмысты  таңдау  керек, 

одан кейін «Пуск» батырмасын (немесе F5) басу арқылы мәліметтерді жинау 

процесін қосу керек.  

Генератордың  бос  жүріс  сипаттамасын  алу  тәжірибесі  генератордың 

ЭҚК  оның  айналу  жылдамдығы  жел  қондырғысысының  тұрақты  ток 

тізбектеріндегі  жүктеме  жоқ  кезінде  тәуелділігін  алу  арқылы  іске  асады 

U

1

=f(n



r

). Тәжірибені жүргізу үшін 2.3 суретке сәйкес сұлбаны жинау қажет. 

 



16 

 

 



2.3 сурет – Жел генераторының бос жүріс сипаттамасын алуға 

арналған сұлба 

 

Беруші  желдеткіш  асинхронды  электр  қозғалтқыш  арқылы  іске 



қосылады,  ол  кернеуді  инвенторлы  типті  жел  жылдамдығының  береліс 

блогында орналасқан жиілік түрлендіргішінен алады (суретте көрсетілмеген). 

Синхронды генератор статоры (А, В, С фазалары) «Түзеткіш» модуліне (А, В, 

С  клеммаларына)  қосылады.  «Түзеткіш»  модулінің  тұрақты  ток  шиналарына  

«+» және «-» өлшеуіштік аспаптар қосылған, олар түзеткіштің шығысындағы 

ток және кернеуді өлшейді.  

Тәжірибені жүргізу келесі ретпен орындалады: 

стендті  қоректендіру  модулінің  автоматты  ажыратқышы  QF1  қосу 



арқылы стендтің қажетті элементтеріне кернеу беру; 

«Сеть»  батырмасын  қосу  арқылы  жиілік  түрлендіргішіне  кернеу 



беру;  

беріліс  жылдамдығының  потенциометрінің  жағдайын  бірқалыпты 



өзгерте  отырып,  жел  жылдамдығын  арттыру.  Тұрақты  ток  шинасындағы 

кернеудің  генератордың  айналу  жылдамдығынан  тәуелділігін  тұрғызу 

U

1

=f(n



r

). Нәтижелерді 2.3 кестеге енгізу. 

 

2.3 кесте - Жел генераторының бос жүріс сипаттамасының параметрлері  



n

r

, айн/мин 



 

 

 



 

 

 



U

1

, В 



 

 

 



 

 

 



 

Тәжірибені  жүргізгеннен  кейін  жел  жылдамдығының  беріліс 

потенциометрін  сағат  тіліне  қарсы  ең  шеткі  жағдайға  қою,  желдің  беріліс 

блогының  «Пуск»  ауыстырып  қосқышын  төменгі  жағдайға  қою,  дербес 

компьютер  арқылы  мәліметтерді  жинауды  «Стоп»  батырмасын  (немесе  F6) 

басу  арқылы  тоқтау  керек.  Одан  кейін  стендті  қоректендіру  автоматты 

ажыратқышын QF1 өшіру керек. 



17 

 

2.3.3 Зертханалық жұмыс туралы есеп дайындау. 



Тәжірибелер  нәтижесі  бойынша  тұрақты  ток  шинасындағы  кернеудің 

генератордың айналу жылдамдығынан тәуелділігін тұрғызу. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік