Алматы энергетика



Pdf көрінісі
бет7/19
Дата21.11.2021
өлшемі1.16 Mb.
#120214
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
epp 1 (2)

 

 

2  Зертханалық  жұмыстарды  орындау  бойынша  әдiстемелiк 

нұсқаулықтар 

 

2.1    Зертханалық  жұмыс  №1.  Жел  генераторының  қозғалу 

жылдамдығын өлшеу 

 

Жұмыстың мақсаты: зертханалық стендтің жұмыс істеу принципімен 

танысу, жел генераторының жылдамдығын өлшеу. 

 

2.1.1  Жұмыстың бағдарламасы. 



2.1.1.1  Зертханалық 

құрылғымен  және  зертханалық  жұмыстың 

сипаттамасымен танысу. 

2.1.1.2  Жел  электр  қондырғысының  мнемосұлбасын  зерттеу  және 

басқару элементтерін тағайындау. 

2.1.1.3  Жел генераторының соғу жылдамдығын өлшеуді жүргізу. 

2.1.1.4  Тәжірибелік  тәуелділіктерді  тұрғызу,  зертханалық  жұмыс 

бойынша есеп беруді жасау. 

 

2.1.2  Жұмыстың сипаттамасы. 



Зертханалық жұмысты жүргізу кезінде синхронды жел гернераторы бос 

жүріс  режимінде  болуы  керек.  Ол  үшін  жұмысты  бастамас  бұрын  стендпен 

сөндірілген  автоматты  ажыратқыш  QF1  стендті  қоректендіру  модулі  кезінде 



10 

 

келесі тапсырмаларды орындау қажет: 



-  аккумуляторлы  батарея  АКБ  модулінің  клеммаларының  ауыстырып 

қосқышын «ОТКЛ» жағдайына қою; 

-  «Жүктеме»  модулінің  ауыстырып  қосқышы  SA1  –  SA5  төменгі 

жағдайға қою; 

-  жел 

жылдамдығының  беріліс  блогының  «Пуск»  ауыстырып 

қосқышын төменгі жағдайға қою. Бұл кезде жиілік түрлендіргішінің жұмысы 

блокталады. 

-  жел  жылдамдығының  беріліс  потенциометрі  сағат  тіліне  қарсы  ең 

шеткі жағдайға қою. 

Зертханалық  жұмысты  өлшеуіш  аспаптардың  көрсеткіштерін  тіркей 

отырып  жүргізуге  болады.  Сондай-ақ  жел  электр  қондырғысының 

параметрлерін өлшеу үшін дербес компьютерді пайдалануға болады. Ол үшін 

компьютерді  қосып,  Windows  толық  жүктелуін  күтіп  және  «DeltaProfi» 

бағдарламасын  қосу  қажет,  оның  жұмыс  белгісі  қондырғыны  орнату  кезінде 

жұмыс  үстеліне  қойылған.  «Работы»  мәзірінде  №1  жұмысты  таңдау  керек, 

одан кейін «Пуск» батырмасын (немесе F5) басу арқылы мәліметтерді жинау 

процесін қосу керек. 

Жел  генераторының  соғу  жылдамдығын  өлшеу  тәжірибесі  синхронды 

генератор жылдамдығының жел жылдамдығына тәуелділігін алу арқылы іске 

асады  n

r

=f(n



k

).  Тәжірибені  жүргізу  үшін  2.1  суретке  сәйкес  сұлбаны  жинау 

қажет. 

 

 



 

2.1 сурет – Жел генераторының соғу жылдамдығын алу бойынша 

тәжірибе жүргізу сұлбасы 

 

Синхронды  жел  генераторының  статорлық  тізбегінің  А,  В,  С 



шығыстары  «Түзеткіш»  модулінің  кірістері  А,  В,  С  қосылады.  Түзеткіштің 

шығысындағы  кернеу  U1  вольтметрмен  өлшенеді.  Асинхронды  электр 

қозғалтқыш  жиілік  түрлендіргіштің  шығысына  қосылады  (сұлбада 



11 

 

көрсетілмеген). 



Тәжірибе келесі ретпен орындалады: 

-  стендті  қоректендіру  модулінің  QF1  автоматты  ажыратқышын  қосу 

арқылы стенд элементтеріне кернеу беру

-  желдің  беріліс  блогының  «Сеть»  батырмасын  қосу  арқылы  жиілік 

түрлендіргіштің  кірістеріне  кернеу  беру.  Түрлендіргіш  қосымшаға  сәйкес 

скалярлы басқару режиміне бағдарламалануы тиіс

-  желдің  беріліс  жылдамдығы  потенциометрінің  бірқалыпты  өзгеріс 

жағдайы  арқылы  келтірілген  асинхронды  қозғалтқыштың    айналу 

жылдамдығының өзгерісін 0-ден максималды мәнге дейін өзгерту. Бұл кезде 

генератордың  айналуы  іске  асатын  жел  жылдамдығын  табу  керек.  Жел 

генераторының  жылдамдығы  «Жел  генераторы»  модулінің  беткі  панелінде 

орналасқан  сандық  индикаторда  бейнеленеді.  Көрсеткіштерді  тіркеу 

қондырылған  жұмыс  режиміне  жұмыс  жүйесінен  шыққаннан  кейін  жүргізу 

керек.  Бұл  өлшеу  үшін    жүйенің  кейбір  параметрлерін  бірнеше  уақыт 

өткеннен  кейін  ғана  іске  асырған  дұрыс.  Зерттеулер  нәтижесін  2.1  кестесіне 

енгізу керек. 

 

2.1 кесте – Жел жылдамдығы және генератордың айналу жылдамдығы 



 

Кіруші тармақ 

n

ж

, м/с 



 

 

 



 

 

 



n

r

, айн/мин 



 

 

 



 

 

 



 

Шығушы тармақ 

n

ж

, м/с 



 

 

 



 

 

 



n

r

, айн/мин 



 

 

 



 

 

 



 

Генератор  максималды  жылдамдыққа  өткеннен  кейін  тармақтың 

сипаттамаларын  енгізу  керек,  ол  үшін  желдің  жылдамдығын  максималды 

мәнінен  нөлге  дейінгі  мәніне  төмендетіп  және  көрсеткіштерді  2.1  кестеге 

енгізу керек.  

Тәжірибені  жүргізгеннен  кейін  жел  жылдамдығының  беріліс 

потенциометрін  сағат  тіліне  қарсы  ең  шеткі  жағдайға  қою,  желдің  беріліс 

блогының  «Пуск»  ауыстырып  қосқышын  төменгі  жағдайға  қою,  дербес 

компьютер  арқылы  мәліметтерді  жинауды  «Стоп»  батырмасын  (немесе  F6) 

басу  арқылы  тоқтау  керек.  Одан  кейін  стендті  қоректендіру  автоматты 

ажыратқышын QF1  өшіру керек.  

 

2.1.3 Зертханалық жұмыс туралы есеп дайындау. 



Тәжірибелер 

нәтижесі  бойынша  жел  генераторының 

айналу 

жылдамдығының  сөнуші  желдеткіштің    айналу  жылдамдығын  желдің  өсуі 

және  азаюы  кезіндегі  тәуелділігін  тұрғызу.  Генератордың  айналу 

жылдамдығын анықтау. 

 



12 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді