Алматы энергетика



Pdf көрінісі
бет2/19
Дата21.11.2021
өлшемі1.16 Mb.
#120214
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
epp 1 (2)

Кіріспе 

 

Елдің байлығы, оның даму тұрақтылығы негізінен энергия қорының қол 

жетімділігі  және  сапасымен  анықталады.  Бастапқы  («энергетикалық 

тізбектің» басында тұрған), ең алдымен, негізгі (дәстүрлі) энергия қорларына 

жатады: көмір, мұнай, газ, ядролық және ірі өзендердің су энергиясы, сондай-

ақ,  дәстүрлі  емес  жаңартылатын  энергия  көздері  (ЖЭК).  Бастапқы  энергия 

қорларын түрлендіру (конверсиялық) жолымен екіншілік  қолданбалы энергия 

қорлары (әдетте электр энергиясын) [1,2] алынған. 

Дәстүрлі «қоңыр» энергия қорларын пайдалану қазірдің өзінде Табиғатқа 

айтарлықтай зиян келтiрді, оның үстіне, олар осы ғасырда аяқталуы мүмкін. 

ЖЭК тізіміне кіреді: күн, жел, геотермальды энергия; теңіз және мұхит 

ағымдары,  толқындары,  толуы,  теңіз  суының  температуралық  градиентінің 

энергиясы; өзендер мен  каналдар  ағынды және  құлайтын су  энергиясы;  жер, 

ауа,  су  төменгі  сұрыпты  жылуы;  энергетикалық;  жануар  және  өсімдік 

биомассасының, шымтезек, сутегі энергиясы. Осы және басқа да мәңгілік өмір 

сыйлайтын  «табиғи»  күштердің  көріністері,  Табиғаттың  үйлесімділігін 

(гармониясын)  бұзбай,  энергетикадағы  адамзаттың  сұранысына  артығымен 

қол жеткізуге мүмкіндік береді [3,4]. 



Жаңартылатын  энергия  көздеріне  (ЖЭК)  ауысу  үшін  бірінші  және 

басты серпіні - «бу ғасырының» бітуіне дайын болу (шын мәнінде, ол әлі де 

бүкіл  әлемде  қазіргі  заманғы  «қоңыр»  энергетика  негізі  -  ғаламат  жылу 

электр станциялары (ЖЭС) «атынан» жұмыс істеп жатыр). 

Табиғи  жаңартылатын  энергия  қорларын  пайдалану  арқылы  «жасыл» 

энергетикаға көшудің екінші серпіні - экологиялық апаттың алдын алу және 

болашақ ұрпақ үшін табиғатты сақтау. «Жасыл» энергетиканы дамытудың 

үшінші  серпіні  -  қолданыстағы  энергиямен  жабдықтау  жүйелерінен  шалғай 

аудандарда  тұратын  адамдарды  энергиямен  қамтамасыз  ету.  Мұнда 

пайдаланылатын  электр  станцияларының  қуаттылығы  1,0  ...  50  кВт.  Олар 

қайта  зарядталатын  батареялармен  жабдықталған  және  тұрмыстық  энергия 

тұтынушылардың  -  байланыс  құралдары,  теледидар,  электр  жарықтандыру, 

тоңазытқыштар  және  т.б.  жұмысын  қамтамасыз  етеді.  Кенттерге,  ауылдарға, 

ірі  фермаларға  қызмет  көрсететін  жергілікті  энергетикалық  жүйелерді  құру 

үшін қуаттылығы 50 ... 250 кВт болатын кешенді энергетикалық қондырғылар 

- жел, күн электр стансалары және дизель агрегаттары пайдаланылады. 

Жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамытудың төртінші серпіні 

-  дәстүрлі  энергетикалық  ресурстарды  -  мұнай,  табиғи  газ,  көмірді  иелену 

үшін  саяси  шиеленістер  және  әскери  іс-әрекеттер  деңгейін  төмендету. 

Сонымен  қатар,  жел  және  күннің  сарқылмас  энергетикалық  ресурстары 

монополиялық меншік және сауда объектісіне жатпайды, олар барлығына тең 

дәрежеде беріледі. 

 

 

 




 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді