Алматы қаласы Түрксіб ауданы С. Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп



бет1/2
Дата02.01.2023
өлшемі91.5 Kb.
#405420
  1   2
Байланысты:
Жас маманмен жұмыс жоспары
инклюзивті білім беру Қазақстандағы , Модуль бойынша тезис лекция, №8 практикалық жұмыс, мамандық

«Бекітемін» «Келісілген»
№74ЖББМ директоры директордың оқу ісі жөніндегі
_________ М.Ш.Алтынова орынбасары _________Ж.М. Садыкова


Алматы қаласы Түрксіб ауданы С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің 2021-2022 оқу жылына арналған
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
Бірлестік жетекшісі:
Зәкариянова С.З. ___________

Алматы қаласы Түркісіб ауданы С.Сейфуллин атындағы № 74 жалпы білім беретін мектептің


ЖАС МАМАНМЕН ЖҰМЫС
ЖОСПАРЫ

Жас маман : қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асабай Балжан

Тәлімгер: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Зәкариянова Сандуғаш
Педагогтың кәсіби өсуіне мониторинг жүргізу.
Мұғалімнің кәсіби жетілуінің жеке траекториясын құруда мониторинг өзіндік бақылау мен өз бетімен ұйымдастыру шарттарын білдіреді және өзара байланысты 7 кезеңнен тұрады:
Дайындық – мұғалімнің кәсіби қызметінің нәтижелілігі туралы алғашқы жинақ және педагогикалық шеберлік деңгейін анықтау. Бұл жерде біз нәтижелелік критерийлерінің 2 тобын бөліп көрсетеміз: ғылыми-теоретикалық, психологиялық-педагогикалық дайындық деңгейі:
- пән саласындағы білімі;
- оқытудың психологиялық-педагогикалық негізі саласындағы білімдері;
- оқушылармен жұмыстың ұйымдастырушылық формаларын меңгеру;
- оқытудың жеке тәсілін жүзеге асыру қабілеті;
- оқыту мақсаттарын қалыптастыру және қызметті жоспарлау шеберлігі;
- шығармашылық тәсіл;
- кәсіби деңгейін жетілдіру жүйелілігі.

Педагогтың практикалық қызметі нәтижелерін бағалау.


Бастапқы-диагностикалық – педагогтың кәсіптік сапаларының біліктілік-кәсіптік мінездемесінің талаптарына сәйкестік деңгейін анықтау.
Нақтылаушы – педагогтың кәсіптік қызметінің нәтижелілігін анықтаушы объективті және субъективті себептерді анықтау.
Кәсіби қалыптасу мониторингі – педагогтың шеберлігін жетілдіруге бағытталған проблемалардың анықталғандарын ескере отырып, оның қызметін жоспарлау. Ұйымдастырушылық-қызметтік – жеке жоспарға сәйкес мұғаліммен жұмыс істеу.
Түзету-шығармашылық – мұғалімнің оқу жұмысындағы ақтаңдақтарды, оқушылармен қарым-қатынас орнатудағы кемшіліктерді анықтау. Педагогтың кәсіптік шеберлігін арттыруды жоспарлауға түзетулер енгізілді.
Талдамалы – жұмыс қорытындыларын шығару және талдау жүргізу. Мұғалімнің кәсіби қалыптасу мониторингі келесі басқарушылық әрекеттерді анықтайды:
- педагогтың кәсіптік қызметіндегі өзгерістерді жоспарлы түрде бақылау;
- кәсіптік шеберлікті жетілдіруге, кәсіптік ауытқушылықтарды еңсеруге бағытталған басқармашылық шешімдер;
- мұғалімнің кәсіптік шеберлігін жетілдіруге бағытталған қызметін жоспарлаудың жеке тәсілі; - педагогты жоспарлы аттестаттау рәсімдерінен өтуге қажетті қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету.
Педагогтардың тұлғалық ерекшеліктерін бағалау барысында гимназияның психологиялық-педагогикалық қызметі педагог тұлғасын зерттеудің "дәстүрлі" әмбебап әдістемелерін қолданады. Диагностика бізге педагогтың кәсіби жетілуін білімі мен аттестаттау сапасын салыстырмалы талдау арқылы анықтауға мүмкіндік береді. Мұғалімнің кәсіби қызметін басқару құралы ретіндегі мониторинг бақылауға, қадағалауға, түзетуге мүмкіндік береді. Мұғалімнің кәсіби қызметінің мониторингі басқармашылық шешімдерді қабылдауға арналған ақпараттарды ұсынады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет