4. Колледждің біртұтас әдістемелік проблемасы: «Білім беру үдерісін жетілдіруде инновациялық технологияларды қолдану және жаңашыл маман даярлаудың сапасын арттыру факторы ретінде практикалық оқытудың ролін күшейту» Әдістемелік проблеманың негізгі кезеңдері:
1.Инновациялық педагогикалық технологиялардың және практикалық оқытудың ғылыми – теориялық негіздерін зерделеу (2015-2016 ж.ж.);
2.Инновациялық технологияларды енгізуді жетілдіру негізінде практикалық оқытуды теориялық – практикалық жағынан пайымдау. (2016– 2017 ж.ж.).
3.Инновациялық педагогикалық технологияларды байқаудан өткізу (2017 – 2018 ж.ж.)
4.Білім беру үдерісінде инновациялық педагогикалық технологияларды жетілдіруді және практикалық оқытудың ролін күшейтуді пайымдау және практикада жүзеге асыру (2018-2019 ж).
5.Инновациялық педагогикалық технологияларды жетілдіруді практикалық оқытудың ролін күшейтуді пайымдаудың нәтижелілігіне талдау жүргізу (2019-2020 ж.ж.)
4.2 Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанның қазіргі замандағы дамуы кезеңінде өтіп жатқан жаңалықтар, елдің ақпараттық кезеңге өтуі – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін түбірлі өзгерістер жасауға әкелді. Жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарды және терең таным мен ойлауды меңгерген құзыреттілігі бәсекеге төтеп бере алатын мамандар қалыптастыруға қабілетті жаңа педагогикалық технологияларға тез арада көшудің қажеттілігі туды. ҚР ЖММБ Стандартына сәйкес кәсіптік практикаға міндетті оқытудың жалпы оқу уақыты көлемінің 40 % -нан төмен емес уақытын қамту талабын жүзеге асыру мамандардың кәсіби құзыреттілігі мен еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады
4.3. ПЦК-ның жеке әдістемелік тақырыбы: «Қазіргі білім беру үрдісінде Аction research тәсілін қолдану, білім беру мен білім алуда болашақ тіл мамандарының құзыреттіліктерін арттыру, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, функционалдық сауаттылықтарын дамыту. 4.4. Оқытушының жеке әдістемелік тақырыбы: Оқу үдерісін ұйымдастыруда жаңартылған білім беру негізінде қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану жолдары.