Алия Молдағұлова атындағы №29 жалпы орта білім беретін мектептің



бет9/16
Дата24.12.2021
өлшемі60.76 Kb.
#148287
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
ҒЖ (1) (1)
Связанные:
Ғылыми жоба, Ғылыми жоба

Ыдыс – аяқ





Шығыс Қазақстан облысы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Тегеш

табақ


кәсе

тегене


оқтау

кәтел


Тостақ,тостаған

леген


пиала(пиалай),кесе

шара


оқтай

шелек



  1. Тұрмыста пайдаланатын заттар


Орамал

байлауыш


бұл

айыр


қақпа

ақ балшық

сіріңке

қалақша


Шашық, сүлгі

орамал


мата

бесақа


дарбаза

әк

кеуірт



қалақ


  1. Тағамдар


Қияр

бауырсақ


жұмыртқа

кілегей


шелпек

сарымсақ


Бәдірен

тоқаш


тұқым

қаймақ


қамыр

пияз



  1. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

«Жергілікті диалектілік ерекшеліктер» тақырыбы бойынша менің алдыма қойган негізгі мақсатым: Шымкент қаласы мен Түркістан облысы аудандары тұргындарының тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді жинау. Ал енді осы мақсатымды атқару үшін алдыма келесі міндеттерді белгіледім:


1. Диалектілік ерекшеліктерді барган жердің тек
байырғы түрғын адамдардың тілінен жазып алу, ал шеттен келген адамдардың тілін негізге алмау, бірақ олардың айтылған сөздеріне де коңіл бөліп, ескеру.
2. Диалектілік ерекшелігі бар сөздерді өзгертпей, қалай айтылса солай жазып алу.
3. Әрбір қызықтырған сөздің мағынасын түсіндірме, орфографиялық сөздіктерден тауып, анықтамасын сөйлем ішінде көрсету.
4. Диалектілік сөздердің әртүрлі нұсқадағы ерекшеліктерін толық алуға тырысу.
Осы мақсатым мен міндеттеріме орай мен үш жердің түргындарының тілдегі кейбір диалектік құбылыстарына көңіл болдім, Бұлар: Шымкент қаласы, өзім тұратын Қазығұрт деген қала маңындағы мөлтек ауданы, Сайрам ауданы Қызыл Әскер ауылы, Төле би ауданының орталығы Ленгір қаласы.
Үй шаруашылығына байланысты кейбір сөздердің лексикалық ерекшеліктеріне қарасақ олар көбінесе киім - кешек, төсек – орынға, ыдыс - аяққа байланысты екен. Осыған байланысты тілдік құбылыстары, әсіресе қарт адамдар мен үй шаруасындағы әйелдердің тілінде көбірек сақталған. Мысалы: Шымкент қаласы мен Қазығұртта ең үлкен тостағанды «шара» деп атаса, Төлеби ауданының тұрғындары оны «керсен» деп атайды екен. Ал сөздіктерде «сүзекі» болып жазылған сөз қала мен қала маңайында «сүзгіш» деп аталса, аудандарда «наншауле» , «кәкпір» деп атайды екен. Әйелдер көп қолданатын заттың бірі «елеуішті» қала тұрғындары көбіне «елек», десе ,Қазығұрттын кейбір тұрғындары, әсіресе жасы үлкен әйелдер (40-60 жастағы) оны «елгезер» дейді екен. Ал енді ас үйде көп қолданатын, темекі шегетін ер кісілер көп пайдаланатын зат бар, ол - сіріңке. Әдеби тілде сіріңке ретінде қолданса, біздің қаламыздың тұрғындарының бірі - «кеуірт» , бірі - «шырпы» дейді екен. Осындай айырмашылық аудандарда да байқалады.

Аяқ - киім атауларына көңіл бөлсек бір қызығы: Бүгінгі күнде мына шет жақтан Қырғыстан, Қытай елдерінен әкеліп сатылатын жазғы аяқ - киімнің бірі орыс тілінде айтқанда «шлепки» болады, ал қазақ тілінде осы сөздің ешбір сөздіктен аудармасын таппадым. Дегенмен, халық арасында бұл аяқ - киімді бір жерде «тәпішке» десе, бір жерлерде «салпылдақ» дейді екен. Ал енді мен бұл сөздің де мағынасын түсіндірме сөздіктерден таба алмай, «Абай тілі сөздігінен» «салп» деген сөздің мағынасын анықтадым. «салп ету» деген сылп етіп түсіп


кету екен. Сонда ол аяқ - киім сылп етіп, тез аяқтан
шешуге болатындықтан айтылған - ау деймін. Ал «тәпішке» деп аталатыны орыс тіліндегі «тапочки» деген сөзден шықса керек. Себебі қазақ халқы мұндай аяқ - киімді ертеде кимеген, ал кеңес заманында көптеген сөздер орыс тілінен енген болатын. Мысалы: Жамбыл Жабаев атамыз «выставка» деген сөзді «өстепке» деп
аударып , өлең де шығарған, eді ғой.

Ал енді киім - кешек атауларынан мені таң қалдырғаны «сым» деген сөз. Бұл сөз «шалбар» деген ұғымды білдіреді екен. Көбіне бұл сөзді Забадам тұрғындарынан естуге болады. Сонымен қатар осы жердің бір отбасының қариясы «терезені» «тесік» деп атайды екен. Бұл сөздің мағынасын осылай түсінетін тек отбасы мүшелері мен көршілері ғана екен.


Ал балалар арасында тілдің жергілікті ерекшеліктері аз сақталған мектепте оқып, қазіргі заманның тәрбиесін алғаннан деймін. Дегенмен, құрдастарым, сыныптастарым, достарыммен араласа жүріп кейбір сөздердің лексикалық ерекшеліктерін байқадым. Мысалы: орыс сыныптарында оқитын қазақтар «саңырауқұлақты» «қозғыйрық» (қозықұйрық) дейді, ал «жұмыртқаны» «тұқым » дейді екен. Ал «қиярды» «бәдірен» деп, «бауырсақты» «тоқаш» деп орыс емес, қазақ сыныптарында оқитын балалар да айтады. Балалармен араласу кезінде олардың кейбір сөздерінің фонетикалық ерекшелігінен айырмашылықтары бар екенін байқадым. Мысалы: біреулер «сыбыртқы» десе, ендігісі «сыпыртқы», ал үшіншісі - «сыпырғыш» дейді. Біреулері «ақта» депсөйлесе, біреулері - «әкте» дейді екен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Жалпы ережелер
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
Реферат тақырыбы
арналған тапсырмалар
арналған жиынтық
білім беретін
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
пәнінен тоқсанға
республикасының білім
сәйкес оқыту
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
оқыту мақсаттары
қазақ тілінде
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
Жұмыс бағдарламасы
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
мамандығына арналған