Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата31.10.2020
өлшемі0.72 Mb.
  1   2   3   4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қалыптастырушы бағалауға арналған  

тапсырмалар жинағы 

 

Қазақ тілі  

(оқыту қазақ тілінде) 

6-

сынып 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Құрметті мұғалім! 

 

Аталған  тапсырмалар  жинағы  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  аясында  мұғалімдерге 



көмек  құралы  ретінде  құрастырылды.  Бұл  мұғалімдердің  ұжымдық  жұмысының 

нәтижесі.Бағалау  критерийлері  мен  дескрипторлары  бар  тапсырмалар  қалыптастырушы 

бағалауды  өткізуге,  сабақты  жоспарлауға,  ұқсас  тапсырмаларды  құрастыруға  және  іріктеп 

алуға,  оқу  мақсатына  жетуге  қатысты  сындарлы  кері  байланыс  беруге  көмектесетін  үлгі 

болып табылады.   

 

 



Жинақтың  ұсынылған  сипаты  сізге  білім  алушының  қажеттілігі  мен 

мүмкіндігін  есепке  ала  отырып,  тапсырмаларға  толықтырулар  мен  өзгерістер  енгізуіңізге, 

бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.   

 

Қосымша  материалдарды  (нұсқаулықтар,  таныстырылымдар,  жоспарлар  және  т.б.), 



форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» 

ДББҰ  smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.  



Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз! 

 

Жинақ  негізгі  мектеп  мұғалімдеріне,  әдіскерлерге,  критериалды  бағалау  бойынша 



өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.  

 

Жинақты  дайындау  барысында  ресурстар  (суреттер,  мәтіндер,  бейне  және  аудио 



материалдар,  т.б.)  қолжетімді  ресми  интернет-сайттардан  алынды.  Жинақ  коммерциялық 

емес мақсатта құрастырылған.  



 

 



Мазмұны 

1-

тоқсан ................................................................................... Ошибка! Закладка не определена. 



Бөлім «Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография» Ошибка! Закладка не определена. 

Бөлім «Ұлттық және отбасылық құндылықтар. Фонетика»Ошибка! Закладка не определена. 

Бөлім «Әлемнің жеті кереметі. Лексикография» ............ Ошибка! Закладка не определена. 

2-

тоқсан ................................................................................... Ошибка! Закладка не определена. 



Бөлім «Астана - мәдениет пен өнер ордасы. Лексика» .. Ошибка! Закладка не определена. 

3-

тоқсан ................................................................................... Ошибка! Закладка не определена. 



Бөлім  «Тарихи тұлғалар.Лексика».............................................................................................

 

Ошибка! Закладка не определена. 

Бөлім  «Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология»Ошибка! Закладка не определен  

Бөлім  «Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. Морфология»Ошибка! Закладка не определена. 

   

Бөлім«Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз. Морфология».........65 



4-

тоқсан ................................................................................... Ошибка! Закладка не определена. 

Бөлім  «Әлемдегі ірі кітапханалар. Морфология» .......... Ошибка! Закладка не определена. 

Бөлім  «Ғылым мен технология жетістіктері. Пунктуация»Ошибка! Закладка не определена. 

 

 

 

 



1-

тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары 

Бөлім «Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография» 

 

Оқу мақсаты                                        6.1.1.1-  Мәтіннің  атауын  талқылау  және  алғашқы 

бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау 

 

Бағалау критерийі                        



Білім алушы  

• 

Мәтіннің тақырыбын, келесі бөлігіндегі 



мәселені болжайды 

                                                                      



Ойлау дағдыларының деңгейі     

 

Қолдану 



 

 

Тапсырма 



 

1. 


Суреттерді  мұқият  қарап,  онда  Қазақстанның  қандай  жерлері  бейнеленгенін  жұпта 

әңгімелеңіз. Суреттер арқылы тыңдалым мәтінінің тақырыбын болжап, талқылаңыз. 



 

 

 



 

Дескриптор          Білім алушы                   

бейнеленген суреттер бойынша жұпта әңгімелеседі; 



суреттер арқылы мәтіннің тақырыбын талқылайды. 



 

2. 


Мәтіннің алғашқы бөлігін мұқият тыңдап, талқылаған тақырыптарыңызбен салыстырыңыз  

және мәтіннің келесі бөлігі не туралы болатынын болжаңыз. 

 

Қазақстанның көрікті жерлері 

1-

бөлігі 



Қазақстанда  шипалы  су  шығатын  әрі  емдік  балшығы  бар  табиғаты  ғажап,  әдемі 

жерлер көп. Қазақ жерінде табиғи емдік қасиеті бар жерлер туралы алғашқы мәліметтер ХІХ 

ғасырдың  орта  кезінде  белгілі  бола  бастайды.  1834-1880  жылдар  аралығында  Шығыс 

Қазақстандағы Рахман бұлағы, Қапал Арасан, Бурабай, көлінің, Барлық-Арасан бұлағының 

шипалы қасиеттері туралы белгілі болды. 1920-1925 жылдар аралығында Бурабай, Мойылды, 

Ауыл, Сер, Рахман бұлақтары, Шымған, Жаңақорған курорттары ашылды. 

 

2-

бөлігі 



        

Жоғарыда  аталған  демалыс  орындарының  әрқайсысының  табиғаты  ерекше.  Демалыс 

үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлердің табиғаты көркем, ауасы таза, 

суы мөлдір.  

        

Мұнда  денсаулығы  нашарлаған  адамдардың  тынығып,  күш  жинап,  ем  қабылдап,  күш-

қуатын қалпына келтіруге барлық жағдай жасалған. 

 

Дескриптор               Білім алушы                      

-  


жұпта талқылаған тақырып пен мәтінінің тақырыбын салыстырады; 

-  


мәтіннің келесі бөлігіне болжам жасайды. 

 

 



Оқу мақсаты                

6.1.4.1  - 

мәтіннің  құрылымдық  ерекшелігіне  назар  аудара 

отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау 



Бағалау критерийі                    Білім алушы  

• 

Мәтіннің құрылымдық ерекшелігін ажыратады 



• 

Сұрақтарға жауап беру арқылы негізгі ойды анықтайды 



Ойлау дағдыларының                     Қолдану  

деңгейі              

                                        



Тапсырма 

Мәтінді мұқият тыңдаңыз және құрылымдық ерекшелігіне назар аударып, сұрақтарға жауап 

беріңіз.  

 

      



Қазіргі  таңда  республикамызда  туризмнің  барлық  түрлері  дамып  келеді.  Сондықтан 

болар,  демалуға  қолайлы  ел  ретінде  Қазақстанның  танымалдылығы  күн  санап  артуда. 

Сонымен еліміздің қай жерлерін міндетті түрде көру керек? 

      


Бірінші орында кіші Швейцария – Бурабай. Ол республикамыздағы ең танымал туристік 

бағыт  саналады.  Бұл  жердің  әсем  табиғаты,  көптеген  қонақүйлері,  шипажайлары  мен 

дамыған инфрақұрылымы демалушыларға ұмытылмас әсер сыйлайды. Сондықтан болар бұл 

жер халық арасында екінші Швейцария деп аталып кеткен. Бұл жерде демалып қана қоймай, 

ем қабылдауға да бар жағдай жасалған. 

      


Бурабайда  демалып  үлгерсеңіз,  онда  Ұлы Жібек  жолы  бойымен экскурсиялық  саяхатқа 

аттануға болады. Бұл бағыт ең танымал және тарихи маңызды орындар арқылы өтеді. Жол 

бойында  қазақ  халқының  бірегей  сәулет  және  археологиялық  ескерткіштері,  атап  айтсақ, 

Айша-Бибі, Бабаджа қатын, Қарахан кесенелері орналасқан. Осы жерлерден ерекше рухани 

күш алуға болады. 

      


Қазақстанда көз тартар көрікті жерлер, тарихи мекендер жеткілікті. Атап айтсақ, Шарын 

шатқалы  мен  Шарын  өзені,  Ақсай  шатқалы,  Алакөл  мен  Балқаш  көлдері,  Шымбұлақ 

курорты,  Қорғалжын  қорығы,  Зайсан  көлі,  Марқакөл  қорығы,  Қатон-Қарағай  ұлттық 

саябағы,  Жидебай-Бөрілі  қорық-мұражайы.  Әрине,  бұл  тізімді  жалғастыра  беруге  болады. 

Халқымыздың  пейілі  сияқты  кең,  көңілі  сияқты  дархан  даламызда  жабайы  табиғатпен 

қауышып, рухани азық алып, жері, суы мен ауасының шипасын көруге мүмкіндік бар. Одан 

басқа не керек? 

 

1. 



Мәтін қанша бөлімнен тұрады?  

A) 


І 

B) 


ІІ 

C) 


ІІІ 

D) 


ІV 

 

2. 



Мәтіннің кіріспе бөлімінде не туралы айтылады? 

A) 


Демалушыларға жасалған жағдай туралы 

B) 


Еліміздің әлемге әйгілі сұлу жерлері туралы 

C) 


Еліміздің саяхат саласының өркендеуі туралы 

D) 


Тарихи маңызды орындардың өркендеуі туралы 

 

3. 



Мәтіннің негізгі ойы қандай? 

A) 


Ем қабылдайтын демалыс орындарын жетілдіру керек. 

B) 


Жер аумағы  халқымыздың ниеті тәрізді  өте кең. 

C) 


Қазақ елінде демалатын әсем жерлер баршылық. 

D) 


Тарихи жәдігерлерді қалпына келтіруге көмек қажет. 

Жауаптары: 1D       2C       3C 

 



Дескриптор           Білім алушы 

                                          -  

мәтіннің құрылымдық ерекшелігін анықтайды; 

                                          - 

сұрақтарға жауап береді; 

                                          - 

мәтіннің негізгі ойын анықтайды. 

 

 



Бөлім

 

 

«



Ұлттық және отбасылық құндылықтар. Фонетика» 

Оқу мақсаты                                                                        

6.2.2.1  - 

Ауызекі  сөйлеу  және  көркем  сөйлеудің 

стильдік  ерекшеліктерін  қолданылған  тілдік 

құралдар арқылы тану  

 

Бағалау критерийі                                     Білім алушы  

• 

Ауызекі және әдеби сөйлеу стилін, тілдік 



ерекшеліктерін анықтайды 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі                    Қолдану 

 

Тапсырма 

1. 


Мәтіндерді мұқият оқып, стилін ондағы сөздер арқылы анықтап, дәлелдеңіз. 

 

1-



мәтін 

Әке мен бала 

Бір адам он жасар баласын ертіп, егін даласынан жаяу келе жатса, жолда жатқан бір 

ескі тағаны көреді. Ол баласына: 

— 

Балам, анау тағаны ала жүр, — дейді. 



— 

Іммм, сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын? - дейді еңкейіп, тағаны  алуға ерінген 

баласы. Әкесі үндемейді, тағаны өзі иіліп алады да, жүре береді. 

Қаланың  бір  шетіне  келгенде  темірші  ұсталар  бар  екен,  соған  жеткен  соң,  әкесі 

қайырылып,  бағанағы  тағаны  соларға  үш  тиынға  сатады.  Одан  біраз  жер  өткен  соң,  шие 

сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алады. Сонымен шиені орамалына 

түйіп,  шетінен  өзі  бір-бірлеп  жеп,  баласына  қарамай,  аяңдап  жүре  береді.  Біраз  жер  өткен 

соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түсіп кетеді. Артында келе жатқан баласы жерге түскен 

шиені жалма-жан жерден алып, аузына салады. Біраздан соң және бір шие, одан кейін тағы 

бір шие, сонымен әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жейді. Ең 

соңында әкесі тоқтап тұрып: 

— 

Балам, көрдің бе, бағана тағаны жамансынып, жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға ерініп 



едің,  енді  сол  тағаға  алған  шиені  бінеше  рет  еңкейіп  алдың.  Бұдан  былай  есіңде  болсын, 

балам,  аз  жұмысты  қиынсынсаң,  көп  жұмысқа  тап  боларсың,  азды  қанағат  ете  білмесең, 

көптен де құр қаласың, - деді. 

 

2-



мәтін 

Бірде Төле би Мойынқұмдағы елдің дау-дамайын шешіп, ауылына қарай қайтқанда, 

бір топ қарақшының қолына түседі. Сонда Төле би: «Әй, сендерге керегі мал ма, жан ба, жан 

керек  десеңдер,  қинамаңдар,  тез  өлтіріңдер,  мал  керек  десеңдер,  алдарыңа  айдатып 

әкелдірейін, бізді босатыңдар», - дейді. Қарақшылар: «Бізге мал керек», - дейді. Сонда Төле 

би:  «Менде  мал  көп,  бай  адаммын.  Бірақ  сендер  сенбейсіңдер.  Сондықтан  біреуің  менің 

атыма мініңдер, киімімді киіңдер, мен хат жазып жіберейін», - дейді. Хатты былай жазады: 

«Кенже  ұлыма  құда  түстім.  Соған  40  құнан  атан,  20  бура,  8  ақбас  атанымды  осы  барған 

адамнан айдатып жіберіңдер. Бұған қоса оң босағамда тығулы алтынымды, сол босағамдағы 

күмісімді қоса беріңдер». Қарақшылар екі жігітті бидің аулына жібереді.  



Ауыл  адамдары  бидің  бұл  хатын  түсіне  алмай,  қатты  дал  болады.  Сонда  келіні 

Данагүл  былай  дейді:  «Жоқ,  би  атам  40  қарақшының  қолына  түскен  екен.  40  құнан  атан 

дегені – 40 мықты жігіт, 20 бура дегені – 20 палуан, 8 ақбас ата дегені – 8 ақсақал кісі, ал 

атаған  алтыны  мен  күмісі  –  баласы  және  келіні  –  мен  ғой.  Қой,  тез  жетіп,  би  атамды 

құтқарайық». Сөйтіп Данагүлдің ақылымен хатта көрсетілген малды екі қарақшының өзіне 

айдатып, олардың соңынан 40 жігіт, 20 палуан, 8 ақсақал, әрі Төле бидің баласы және келіні 

Данагүл көрінбестен қоса еріп отырады. Осылайша бұлар Төле би мен оның серігін босатып 

алады.  Осы  оқиғадан  соң,  Данагүлдің  ақылдылығы  мен  тапқырлығы  елге  жайылыпты. 

 

2. 


Екі мәтінді мұқият оқыңыз.  Кестеге сүйене отырып,  мәтіндерді салыстырыңыз. 

Мәтіндер 

Стилі 

Тақырыбы 



Мазмұны 

Тілдік 


ерекшеліктері 

1-

мәтін 



 

 

 



 

2-

мәтін 



 

 

 



 

 

Дескриптор                                                                                    Білім алушы 



 

-  


мәтінді мұқият оқып, стилін анықтайды, 

   


дәлелдейді;  

                                                                 - 

мәтіндерге салыстырмалы талдау жасайды.              

 

 

 

Оқу мақсаты                                                    6.3.2.1 -жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне 

сай құрылымын сақтай отырып мінездеме, 

құттықтау құрастырып жазу 

 

Бағалау критерийі                                       Білім алушы  

• 

Құттықтау,  мінездемені  жанрлық,  стильдік 



ерекшелігіне сай құрастырып жазады 

 

 



Ойлау дағдыларының деңгейі                   Қолдану 

 

Тапсырма 

Жағдаятты мұқият оқып, отбасы мүшесінің біріне арнап құттықтау жазыңыз. Құттықтаудың  

стильдік ерекшелігін, құрылымын еске түсіріңіз. Орфографиялық норманы сақтаңыз. 

 

Әке,  ана,  бауырларыңыз  -  сіздің  отбасыңыздағы  ең  құрметті  жандар.  Олардың  үйде 



орындары да ерекше. Бір қызығы, бүгін сіздің үйде бірнеше адамның туған күні қатар келіп 

тұр. Сіз біреуіне қолдан сыйлық жасасаңыз, біреуіне арнап құттықтау жазамын деп шештіңіз. 

Ендеше іске сәт. 

 

Дескриптор                                                            Білім алушы 

құттықтаудың жанрлық және стильдік 



ерекшелігіне сай құрылымын сақтап жазады; 

жағдаят негізінде құттықтау жазады. 



 

 

 

 



Оқу мақсаты                                                    6.3.6.1 - мәтіндегі  орфографиялық және 

пунктуациялық қателерді сөздіктерге,  емле 

ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау 

 

Бағалау критерийі                                     Білім алушы  

• 

Мәтіндегі  орфографиялық  және  пунктуациялық 



қателерді  сөздіктерге,  емле  ережелеріне  сүйеніп 

түзетеді, редакциялайды 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі                  Қолдану  

 

Тапсырма 

Мәтінді  мұқият  оқыңыз.  Мәтіндегі  орфографиялық  және  пунктуациялық  қателерді  түзетіп, 

дәптеріңізге  жазыңыз.  Қателерді  түзетуде  сөздіктер  мен  емле  ережелеріне  сүйеніңіз.  Екпін 

түрлерін ажыратыңыз. 

 

Ақ тілегі атаның 

Сен қосылып немерем, 

Кеңейді ғой керегем. 

Әттең қолдан келмейді, 

Айды алып берер ем. 

  

Саған терді төгер ем, 



Бар нәрсемді берер ем. 

Оның бәрін аз десең, 

Жан беруге көнер ем, 

Сен аман бол немерем! 

 

Ұрлап жатыр күн-түн-ді, 



Көп, күттім мен бұл күнді. 

Ешнәрсеге қимаймын, 

Сенің таза күлкіңді. 

 

Жатыр күлкің жаңғырып, 



Жұртты естен тандырып. 

Балғын тілің жүр менің, 

Мейірімімді қандырып. 

  

Әжеңді де жұбаттың, 



Қайғымызды уаттың. 

Қартайған да атаңды, 

Жас баладай қуанттың. 

 

Дескриптор                                                            Білім алушы 

мәтінді мұқият оқып, қателерді анықтайды, 



түзетеді; 

ережелерге сүйеніп, дәптерге түзетіп 



жазады; 

екпін түрлерін ажыратады. 



 

 



Бөлім   «Әлемнің жеті кереметі. Лексикография» 

 

Оқу мақсаты                                                  6.3.4.1- Эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац 

түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе 

бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын 

көрсетіп жазу («келісу, келіспеу» эссесі) 



Бағалау критерийі                                         Білім алушы  

• 

Тақырыптан ауытқымай, құрылымын сақтап,  эссе 



жазады       

• 

Көтерілген мәселеге өзіндік көзқарасын білдіреді   



Ойлау дағдыларының деңгейі                     Жоғары деңгей дағдылары 

 

Тапсырма 

1. 


Берілген  суреттерді мұқият қарап, аталған тақырып бойынша ой шақырып,  эссе  жазуға  

дайындалыңыз. 

 

    



Ұлы Қытай қорғаны        Колизей (Рим, Италия)    Мачу-Пикчу (Оңт.Америка) 

 

 

Петра (Иордания)       Тәж Махал (Үндістан)    Иса пайғамбар мүсіні (Базилия) 

 

                                  



Чичен-Ица (Солтүстік Америка, Мексика) 

 

2.  «



Әлемнің жеті кереметін» «Әлемнің жаңа жеті кереметі» деп уақыт өткен сайын өзгертіп 

отыру дұрыс па?». Осы мәселеге байланысты өзіндік көзқарасыңызды білдіріп, тақырыптан 

ауытқымай,  құрылымын,  мазмұнын  сақтап,  нақты  аргументтер  келтіріп,  эссе  жазыңыз. 

Орфографиялық норманы сақтаңыз. 

 

Дескриптор                          Білім алушы  

                                                                       -   

тақырыптан ауытқымай, құрылымын,  

                                                                            

мазмұнын  сақтап,  эссе жазады;        

                                                                         -  

көтерілген мәселеге өзіндік көзқарасын  

                                                                             

білдіреді.   

 



Оқу мақсаты                                                   6.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, 

детальді ақпаратты  анықтау 

 

Бағалау критерийі                                             Білім алушы  

 

• 

Мәтіннің мазмұнына қатысты детальді    



ақпаратты анықтайды 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі                  Қолдану 

 

Тапсырма  

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 

 

 

Аспалы бақты кім салдырды? 



 

Патшаның сүйікті жарының есімі кім? 

 

Бақ қай шахарда орналасқан? 



 

Бақты салуға не себеп болды? 

 

Бақтың жойылып кетуіне не әсер етті? 



 

Кім қазба жұмыстарын жүргізді? 



 

Семирамиданың аспалы бағы 

Тигр  және  Евфрат  жарыса  аққан  қос  өзен  аңғарын  жайлаған  Месопотамия  өз 

қойнауына талай кереметті жасырды. Тарихы бай Шумер мен Аккад мәдениетінің керемет 

туындысы  –  Вавилон  патшасы  Навуходоносордың  (б.з.д.  605-562)  сүйікті  жары 

Семирамидаға  арнап  салдырған  аспалы  бағы.  Оның  тарихы  былай  еді:  кәмелетке  толған 

Навуходоносор  патша  алыстағы  тау  елі  –  Мидияның  ханшасы  Шамурматқа  (грекше 

Семирамида) құда түсіп үйленеді. Сүйікті жарымен бірге Вавилон шаһарына оралады. Бірақ 

көркіне ақылы сай ассириялық ханша сол елге келгелі бір жадырап күлмейді, ешкіммен сыр 

ашып сөйлеспейді. Жатса-тұрса елін, жерін аңсайды. Көк шалғын желектері мен хош иісті 

райхан гүлдерін, кәусар бұлақ суларын сағынады. Ал Вавилон шаһарында аңызақ жел мен 

аптап ыстықтан өзге ештеңе жоқ. Күндіз де ыстық, түнде де ыстық. «Қайткенде сүйіктімнің 

бабын табамын?» деп көп ойланған патша «туған жерін көз алдына келтірем» деп, айрықша 

әсем  бақ  салуды  бұйырады.  Сөйтіп  патша  сарайының  кең  ауласында  кірпіштен  әсем 

террасалар орнатылады. Кірпіш үстіне жанартаудың лавасын құйып, оның үстіне қорғасын 

плиталар қояды, оған қоса құнарлы май топырақ төгіледі. Құнарлы топыраққа әлемдегі бар 

әдемі жасыл желекті отырғызады. Мыңдаған құлдар күн сайын төменнен жоғарыға су айдап, 

жасанды  тоғандарды  толтырады.  Бақшаның  беті  солтүстік  батысқа  қарайды,  күнбатыстан 

соққан самал жел Семирамида ханшайымның жабырқаған көңілін жадыратады. 

Вавилонның құлдырауынан кейін су тасқыны бүкіл елді шайып кетеді. Кейіннен 1898 

жылы  Роберт  Кольдевейдің  қазба  жұмыстарының  нәтижесінде  аспалы  бақтың  қалдықтары 

Ирактағы Хилла қаласынан табылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік