Алгоритмді құру

Loading...


Дата13.04.2020
өлшемі0.68 Mb.
түріОқулық

Алгоритмді құру


Информатика

8 сынып

Оқу мақсаттары:
  • алгоритмнің өрнектелу жолдарын салыстыра отырып, блок-схема құру және алгоритмдік тілде жазу.
  • «алгоритм» ұғымын талдау және оның қасиеттеріне мысал келтіру, қарапайым алгоритмдерді құру дағдысын қалыптастыру.

«Алгоритм» сөзі ІХ ғасырдағы Орта Азияның ұлы математигі әл-Хорезми атының algorithmi – латынша жазылуынан шыққан. Әл-Хорезми алғашқы рет арифметикалық амалдарды орындау ережелерін жазған. Алгоритм – алғашқы берілген мәліметтерді пайдаланып, қойылған мақсатқа жетуге немесе мәселені шешуге (есеп шығаруға) бағытталған әрекеттердің орындалуын жүзеге асыратын атқарушыға түсінікті және нақты нұсқаулар тізбегі.

Алгоритмді орындаушы – құрастырылған алгоритммен басқарылатын объект немесе субъект. Алгоритм ұйғарымдары команда деп те аталады. Орындаушы орындауы мүмкін командалар жиынтығы орындаушының командалар жүйесі деп аталады.


Оқулық

143 бет

Алгоритмдік тіл – алгоритмдерді бірыңғай, анық жазуға және оларды орындауға арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі. Алгоритмдік тілдің өзінің сөздігі болады. Оның негізін осы тілдің командалары болатын сөздер құрайды. Алгоритмдік тілде мағынасы мен қолдану әдісі өзгермейтін сөздер пайдаланылады. Олар қызметші сөздер деп аталады.

Бірінен кейін бірі орындалатын бірнеше командалардың тізбегі серия деп аталады. Шамаларға қатысты әрекеттерді «:=» командасымен белгілейміз. С:=А+В «:=» белгісінің көмегімен жазылған алгоритм командасы меншіктеу командасы деп, ал «:=» белгісі меншіктеу деп аталады. Алгоритмнің жалпы көрінісі: алг алгоритмнің аты басы алгортим командалары (серия) соңы

Мысалы: Y=(AX-B)(CX+D) формуласы бойынша у мәнін есептеу. 1-тәсіл: алг ЕСЕПТЕУ басы * А-ны Х-ке көбейту; нәтижесін R1 деп белгілеу; * R1-ден В-ны азайту; нәтижесін R2 деп белгілеу; * С-ны Х-ке көбейту; нәтижесін R3 деп белгілеу; * R3 пен D-ны қосу; нәтижесін R4 деп белгілеу; * R2-ні R4-ке көбейту; нәтижесін У мәні деп есептеу; соңы.

2-тәсіл алг ЕСЕПТЕУ басы R1:=A·X R2:=R1-B R3:=C·X R4:=R3+D Y:=R2·R4 соңы

Мысалы, қарапайым есеп қарастырайық.    Зауытта жұмыс жасайтын N жұмысшының айлық жалақы-ларының мөлшері берілген. Осы жұмысшылардың арасынан ең аз және ең көп жалақы мөлшерін анықтаңдар. Ең көп, ең аз жалақы алатын жұмысшылардың айлықтарындағы айырмашылығын табыңдар. Зауыт жұмысшыларының орташа жалақысын есептеңдер.  


Есепті шешуде бізге қажет болатын алгоритмдер:

Оқулық

144 бет

Оқулық

145 бет

Есептің программа кодын жазуда үш алгоритмді қолдандық. Есептегі әрбір тапсырмаға жеке циклдер қолданбай, барлығын бір цикл денесінде орындаған дұрыс. Бұлай жасау программа жұмысында уақытты үнемдеуге көмектеседі. ​write(s/n:0:2) қатарында 0:2 жазбасы бөлшек санды 0,01 дәлдікпен экранға шығарады. Егер s/n мәні 4.45252256855 тең болса, онда 4.45 саны экранға шығады.



Оқулық

144 бет

Тақырыпты бекіту


Үй тапсырмасы.§5.2 сұрақтары (Оқулық 149 бет)

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
бойынша жиынты
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
ауданы кіміні
жалпы білім
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мерзімді жоспар
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
директоры бдиев

Loading...