Не үлкен? Ойын барысы:Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды. Орындықтан не үлкен? Балалар кезекпен заттарды атайды. Ойын ойнаған кезде жүргізушіге атаған заттарды қайтадан айтуға болмайды және балаларға қайталауға болмайды. Кім екі рет шатасса ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады.
Ине мен жіп Ойын барысы: Жүргізуші мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер.Сендер менің артымнан бір-бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.
Есте сақтау қабілетін арттыруға арналған ойындар
Жоғалған зат Үстелдің үстіне бірнеше зат қойылады. Бала оларға мұқият қарап алған соң, теріс қарап тұрады. Үстелден бір зат алып тасталынады. Оқушы қай заттың жоғалып кеткенін табу керек. Заттардың санын ақырындап өсіруге болады.
«Мен 10 заттың атауын білемін…»
Бұл топтық ойын. Оқушылар шеңберге отырғызылады. Допты шеңбер бойынша бір-біріне бере отырып, әр оқушы бір сөзден айтады: «Мен… ағаштардың… 10… атауын… білемін… қайың – бір, самырсын – екі, емен – үш» деп ары қарай жалғастырады. Жалғастыра алмаған оқушы ойыннан шығады
Алфавит жаттығуы Алфавитті дұрыс және керісінше ретпен айтып еске түсіру керек.
«Қанеки, есіңе түсір!» Оқушыларға сұрақтар қойылады. Мысалы: «Бұл ғимаратта неше қабат бар?», «Дәліздегі перделердің түсі қандай?» «Бүгін Мәди не киіп келді?» т.б. Бәріне нақты жауап берген оқушы жеңімпаз атанады. Бұл ойын бір жағынан баланың зейінінің артуына да көмектеседі
Шкафқа жасыру Сірінкенің бос қорабынан шкаф жасаймыз. Ең қарапайым шкаф: үш қорапты бір-біріне жабыстыру. Ең күрделі шкаф: 6 қорапты тігінен орнатып және 5 қорапты жалпағынан орнату.
Қандай да бір кішкентай затты, мысал үшін моншақты баланың көзінше кез-келген қорапшаға саламыз. Содан кейін шкафты айналдырып, балалардан сұраймыз: «Моншақ қай сөресінде жатыр?». Жаттығуды игеру үшін түрлі-түсті заттарды әр сөреге салуға болады. Сұрақтар: «Жасыл шар қай сөреде?», «Көк түйреуіш қай сөреде?» т.б.
Басынан баста Жұпсыз суретті карточкалар топтамасы жоғары алынады. Бірінші ойыншы карточканы алып ауызша атап, суретімен төмен қарай қояды. Екінші ойыншы келесі карточканы алып, бірінші карточканы атап, содан кейін өз карточкасын атап, бірінші карточканың үстіне қояды.
Келесі ойыншы келесі карточканы алып, бірінші және екінші карточкаларды атап, өзінің алған карточкасын екінші карточкасының үстіне қояды. Осы ретпен барлық ойышы ойынды жалғастырып, есінде сақтауға тырысады. Ойынға екі не одан да көп ойыншы қатыса алады. Кім де кім карточка ретінен жаңылысса, ойыннан шығарылады.