ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ҰЛТТЫҚ РУХАНИЯТ» ПӘНІ БОЙЫНША ОСОЖ ЖҰМЫСЫ
ТАҚЫРЫБЫ: Аймақтық әдебиеттанудың идеологиялық маңызы мен бағыт-бағдары (ЭССЕ)
Алаш арыстарына қатысты жарық көрген бар еңбекті тәуелсіз қазақ әдебиетінің ең үлкен олжасы деп айта аламын. Марқұм Т.Кәкішев, Р.Нұрғали, К.Юсуп, Т.Әсемқұл, қазіргі С.Қасқабасов, Т.Жұртбай, Т.Шапай сынды әдебиетші-ғалымдарымыздың ауыз толтырып айтуға тұрарлық еңбектері жетерлік. Әсіресе, соңғы уақытта Алаш тақырыбын құбыласына айналдырған жастардың ғылымға бет бұруы көңілге хош ұялатады.
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымының жетістігі аз емес. Дегенмен, айрықша зор жетістікке жетті деуге де әлі ерте. Жалпы, егемендік алған кез келген ел алғашқы ширек не жарты ғасырға жуық уақытын өзінің төл құндылықтарын қайта қалыптауға жұмсайды. Сол үдеріс бізде де жүріп жатыр. Өшкеніміз көп. Барымыз бұрмаланған. Советтік жүйенің тырнағы, әсіресе, ұлттың жаны – әдебиетке қатты батқан. Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиеттануының маңызды жетістігі ретінде кезінде саяси-идеологиялық тұрғыдан қасақана теріс түсіндірілген тақырыптарды қайта қарап, барынша шынайы әрі объективті түрде баға беруге деген ұмтылысын айтуға болады. Алаштықтар ақталды. Тарих қайта безбенделді. «Дүниеге тәуелсіздік көзімен қарайтын әдебиет керек», - деп Елбасы айтқан екен. Осындай әдебиеттің де, әдебиеттанудың да іргесі қаланды. Яғни дүниеге диалектикалық материализмнің, социалистік методологияның көзімен қарайтын әдебиеттану енді жоқ. Ежелгі дәуірлерден бастап ХХ ғасырдың соңына дейінгі кезеңде өмір сүрген тарихи тұлғаларымыздың шығармашылығы қайта сарапқа салынды. Аштық, репрессия, дін және кейбір тарихи тақырыптардың әдебиеттегі көріністері зерделенді. Сонымен бірге, теориялық тұрғыдан да көп ізденістер жасалды. Антропологиялық, нарратологиялық, дискурстық һәм
Әдебиет әлемі жазба әдебиеті, оның ішіндегі ежелгі дәуір әдебиеті, жыраулар поэзиясы, «алтын
ғасыр» әдебиеті, ХХ ғасыр басындағы әдебиет болып жіктелді. Осындай дәуірлеумен
жүрген ұлттық әдебиетіміз алып дарияға айналды десек артық айтқандық болмас.
Әдебиет атты дарияға арна болып құятын жаңа салалар да келіп қосылды. Сол
арналардың бірі – аймақтық әдебиеттану.
Аймақтық әдебиеттану дегеніміз не? Аймақтық әдебиеттану жалпы ұлттық
әдебиеттен алшақ жатқан ұғым емес. Ұлттық әдебиетте жазылған көркем туынды
«ұлттық тіл мәдениетінің жемісі, ұлттық дүниетанымның, тарихи-поэтикалық зерденің
арасында қалыптасқан өз ұлтының шығармашылық өкілі болып табылатын қаламгердің
туындысы»
Қазіргі тәуелсіз Қазақ елінің аумағында бірнеше аймақ бары белгілі. Ел
аймақтарының табиғаты, жер бедері, ауа райы, тұрмыстық, шаруашылық жағдайы да
әртүрлі. Тілдік, салт-саналық, әдет-ғұрыптық, әдеби-мәдени жағынан да оқшауланады.
Тұтас бір мемлекеттің жекелеген аймақтарында өмір сүріп, осы ортада
шығармашылықпен айналысқан қаламгерлер аймақтық әдебиет өкілдері болып
саналады. Аймақтық қаламгерлердің шығармаларында ұлттық әдебиетпен
тұтастыратын тұсы да, дараландыратын жағы да бар. Тұтастыратыны – көркемдік
ойлауда ұлт мінезі, ұлт мәселесінің, жалпы адамзаттық тақырыптың көтерілуі.
Ерекшелендіретіні - тілдік қолданысында, мәтіндік баяндауларда, көркемдік суреттеуде
жергілікті колориттің орын алуы.
Аймақтық әдебиеттану аясында аталған әдебиет өкілдерінің шығармашылық
өмірбаяны мен әдеби мұраларына шолу жасау, ғылыми зерделеу және терең танып-білу
аймақтық әдебиеттану ерекшеліктерін бағамдауға мол мүмкіндік берері сөзсіз. Мұның
өзі аймақтық әдебиеттану мәселелерінің өзектілігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |