Акциялар түрлері



бет2/7
Дата02.01.2022
өлшемі86 Kb.
#147722
1   2   3   4   5   6   7
3
Связанные:
1513872939
Жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал (жай және артықшылықты акциялар) және қоғамның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды қоғам кез-келген уақытта өз ойынша пайдалана алады.

         Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайту және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден-бір түрі.

Акция бір жағынан, бір акционерден басқаға беру тәсілі бойынша атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе, екінші жағынан, қоғамды басқаруға қатынасу құқығы бойынша – жай және артықшылықты акция деп те екіге бөлінеді. Қоғам тек өзінің жартысында бекітілген акцияларды ғана шығара алады.

         Атаулы акция – иесі міндетті түрде қоғамның реестрінде тіркелуі тиіс акция. Акционерлер кітабында оны қанша және қай уақытта алғандығы туралы жазылған акция иесі ғана акционер деп есептеледі.

         Ұсынушы акциясы – иесінің аты-жөні қоғам кітабында тіркелмеген акция. Кітапта ұсынушы акциясының жалпы саны ғана көрсетіледі.

         Қоғамға басқару жағынан қолында атаулы акциясы бар акционерлер қолайлы. Себебі ол акционерлік капиталдың және бағалы қағаздардың қозғалысын, сонымен қатар бағалы қағаздардың кейбір акционерлердің қолында шоғырлануын, олардың бұл мемлекеттен кеткенін реттеп және бақылап отыруға мүмкіндік береді. Акционерлердің көзқарасы тұрғысынан қарағанда, әсіресе, қысқа мерзімді мүддені көздеген акционерлер ұсынушы акциясын қолдайды. Себебі еш жерде тіркелмеген бұндай акцияларды екінші нарықта еркін сатуға болады. Ал атаулы акцияны еркін қолма-қол ақшаға айырбастауға болмайтындықтан олардың өтімділігі акционерлерге кейбір жағдайда қолбайлау туғызады.

Акцияның осы екі түрін айналымға түсіру жолдары да әртүрлі:

Біріншіден, сату механизмі бойынша. Атаулы акцияның иесі оларды қоғамнан сатып алғанын куәландыратын барлық акция саны толтырылған бір сертификат алады. Бұл акцияларды сатқанда сертификаттың сырт жағында екі жақтың қолы қойылған «индоссамент» белгісі қойылады. Содан соң акционерлердің тізіміне өзгеріс енгізу үшін сертификат қоғамға жіберіледі. Содан кейін ғана акциялардың жаңа иесі акцияларға жаңа сертификат алады.

Ұсынушы акциясын сатқанда оны иемденушілер тікелей, яғни қолма-қол сатып алушыға береді.

Екіншіден, акцияның осы екі түрінің жаңа данасын(тиражын) иемденушілер құқығын белгілеу тәртібі де әртүрлі. Бұл туралы атаулы акция иесі қоғамнан хабарландыру хат алса, ал ұсынушы акциясына бұндай механизм жүруі мүмкін емес. Ұсынушы акциясыснда кесіп алатын купоны(талоны) болады. Соны толтырғаннан кейін қоғамға жіберіп, өзінің меншік құқығын іске асырады.

Үшіншіден, ұсынушы акциясының номиналы тым жоғары болмайды, бірақ ол өте көп тиражбен шығарылады, ал атаулы акцияның номиналы әртүрлі мөлшерде бола береді.

Қоғамды басқаруға қатынасу құқығы бойынша акция жай және артықшылықты болып бөлінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Жалпы ережелер
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
Реферат тақырыбы
арналған тапсырмалар
арналған жиынтық
білім беретін
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
пәнінен тоқсанға
республикасының білім
сәйкес оқыту
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
оқыту мақсаттары
қазақ тілінде
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
Жұмыс бағдарламасы
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
мамандығына арналған