Академиялық адалдық кодексі қарағанды, 2019 ж. Анықтамалар Академиялық адалдық



бет11/11
Дата20.09.2021
өлшемі32.24 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
4.8 Әкімшілік-басқару персоналы:

1) Академиялық адалдық Кодексін орындау;

2) Кодекстің нормалары бұзылған кезде осы Кодексте көзделген шараларды қабылдау жөніндегі жұмысты үйлестіруге;

3) білім беру үдерісіне қатысушылардың академиялық адалдығын сақтауын бақылау және мониторинг жүргізуге;

4) барлық қызметкерлер мен білім алушыларға қатысты әдептілікті сақтауға;

5) осы Кодекске, білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес сондай-ақ, қолданыстағы заңнамаға сәйкес академиялық адалдықты бұзу фактілерін анықтау барысында туындайтын даулы жағдайларды шешуге;

6) академиялық адалдық Кодексін бұзудың кез келген мүмкіндігіне кедергі жасауға және олардың мүлтіксіз сақталуын, оның ішінде білім беру ұйымы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес қамтамасыз етуге;

7) академиялық адалдық Кодексін бұзудың әрбір жағдайын қатаң есепке алу;

8) Кодекс нормаларын және ішкі тәртіп ережелерін сақтауға міндетті.
5. Рәсімдер
5.1 Осы Кодексті бұзған жағдайда білім беру үдерісінің қатысушыларына (білім алушылардың, оқытушылар құрамының, әкімшілік-басқару және оқу-көмекші персоналдың) бұзылу сипаты және тәртіптік ықпал ету шаралары туралы хабарлама жіберіледі;

5.2 Білім беру үдерісіне қатысушылар Академиялық адалдық Кодексін бұзуға немесе тәртіптік ықпал ету шарасымен келіспеген жағдайда шағым арыз түрінде ресімделуі және академиялық адалдық кодексін бұзу фактісі тіркелген сәттен бастап бір тәулік ішінде тіркелуі тиіс.

Әкімшілік апелляцияға ұсынылған материалдардың объективті қаралуына жауапты болады.

  • Плагиатты болдырмау үшін оқушылардың жазбаша жұмыстарының барлық түрлері (курстық, дипломдық, диссертациялық) жұмыстың түпнұсқалық дәрежесін анықтау үшін тексеруден өтеді. Тексеру тәртібі мен рәсімін білім беру ұйымы айқындайды.


6.Жауапкершілік
6.1.Академиялық адалдықты бұзу мәселелерін ұжымның кез келген мүшесі – білім алушы, оқытушы, қызметкер қоя алады, ол үшін әділдік және сапалы оқыту мен зерттеулердің құндылықтары қызметте басты басымдық болып табылады.

6.2. Академиялық адалдықты бұзудың кез келген көтерілген мәселесін әкімшілік қарауы тиіс, ол мәселені жан-жақты зерделеу және академиялық адалдықты бұзу фактілерін әділ бағалау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті.

6.3. Білім алушылар мен қызметкерлер оқуға немесе жұмысқа орналасу кезінде осы Кодекспен жазбаша танысуы тиіс.

Кодекстің нормаларын білмеу оларды сақтамағаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.

6.4 Осы Кодекстің нормаларын бұзған қызметкерлерге қатысты ішкі еңбек тәртібінің ережелеріне және еңбек шартына сәйкес тәртіптік сипаттағы шаралар қолданылады.

6.5 Осы Кодекстің нормаларын бұзған білім алушыларға қатысты осы Кодекстің ережелеріне және оқу шартына сәйкес шаралар қолданылады.

6.6 Әкімшілік білім алушы мен қызметкер үшін академиялық адалдықты бұзудың алдын алу және болдырмау, оның ішінде консультациялар арқылы қолайлы жағдай жасайды.

6.7. Жауапкершілік түрлері және жазаны қолдану тәртібі

Білім алушыға қолданылатын жауапкершілік түрлері:

ауызша ескерту;

жұмысты және/немесе қойылған бағаны жою;

бағаланатын жұмыстарды, оның ішінде жобаларды қорғауға жібермеу;

теріс қылық көрсеткен үшін қоғамдық айыптау;

білім беру ұйымынан шығару.

Әрбір жағдайды қарау жөніндегі материалдар хаттамамен ресімделуі және білім алушының жеке ісінде немесе қызметкердің жеке ісінде сақталуы тиіс.

7. Қорытынды ережелер

Осы Кодекс бекітілген сәттен бастап қолданысқа енгізіледі және жаңа кодекс қабылданған сәтке дейін қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде