«Айнымалы тоқ» Толтырылған: Оңласын Айбану Топ: тфп22-041 Тексерген: Алмабаева Нұрғайша 1-тапсырма



бет1/3
Дата18.03.2023
өлшемі55.39 Kb.
#502811
  1   2   3
Байланысты:
Оңласын Айбану 9 бөж физика копия
СРС 2 семестр, БӨЖ 1 Дания, Физикалық орта факторларынан туындайтын ауру Орындаған Джолдас



БӨЖ №9
«Айнымалы тоқ»
Толтырылған: Оңласын Айбану
Топ: ТФП22-041
Тексерген: Алмабаева Нұрғайша

1-тапсырма Реография әдісін сипаттаңыз
Реография - ағзалар мен дене бөліктерінің қанға толуына байланысты, оған жоғары жиілікті тоқпен әсер еткенде байқалатын тканьдер кедергісінің тербелісін (өзгерісін) зерттеу әдісі. Кедергінің өзгерістері тканьдердің систола және диастола кезіндегі қанға әр түрлі толуына байланысты болады. Систолада тканьдердің қанға толуы ұлғаяды да, кедергісі азаяды, ал диастола кезінде - керісінше.
Реография арнаулы аспап – реографтың көмегеімен жасалады және оның қисық сызығы реограмма деп аталады.Реграфияда 40-500 кГц жиілік тіркеледі, ток күші 10 мА-ден аз болады.
Зерттеу мақсатына байланысты реографияны интегралдық реография және аймақтық реография деп қарастырады. Интегралдық реография әдісі арқылы жүректің систолдық, яғни минуттық көлемі анықталады. Бүкіл дене үшін немес белгілі бір аймақтардағы базалық импеданс өлшенеді. Аймақтық импедансты анықтауда зертелінетін жерлерге электродтар қойылады. Аймақтық реографияны анықтауда Хоффер және Кедров әдістері кеңінен қолданылады.Электродтардың орналасуына байланысты аймақтық реография реоэнцефалография (бас миы тамырларының жағдайын сипаттайды), реокардиография (жүрек тамырларын), реовазаграфия (көк тамыр жүйесін, тамырлардың тонус жағдайын бағалады), реопульмонография (өкпедегі қан алмасуды бағалайды: өкпе артериясының реографиясы, қосымша әдістер арқылы өкпенің артериялды қысымын анықтайды), реогепатография (бауырдың оң және сол бөліктерінің қанға толуын бағалайды).

2-тапсырма: Хоффер формуласы және сипаттамасы
Аймақтық реографияны анықтауда Хоффер әдісі (1970) қолданылады. Оның тұжырымы бойынша интегралдық импеданс пен ағзадағы судың арасында сызықты байланыс бар, ол келесі формуламен өрнектеледі:
В = 0,4 + 14
Мұнда В—су көлемі, (л); Н—адам бойының биіктігі, (см); Z—дене импедансы, (Ом).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет