Қайырбеков Әділғазы (1955 ж.) – ақын, әдебиетші, журналист, ғалым-филолог, қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.1955 жылы 10 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Жәнтікей (қазір Қожагелді) ауылында дүниеге келген. С. М. Киров атындағы ҚазМУ (1978, қазір әл-Фараби ат. Қаз ҰУ) бітірген, кандидаттық диссертация қорғаған. С. Мұқанов әдеби-мемориалды мұражай-үйінде экскурсовод (1978), «Жастар» қазақ телередакциясының редакторы (1979-1981), тілші, кейін «Жас алаш» газетінде бөлім меңгерушісі (1981-1991), «Халық кеңесі» газетінде руханият бөлімінің меңгерушісі (1991-1996), «Қазақ елі» газетінің бас редакторының бірінші орынбасары және «Шалқар» газетінің қосымша редакторы қызметтерін атқарған. 2000 жылдан бері – С. Мұқанов және Ғ. Мүсірепов әдеби-мемориалды мұражай кешенінің директоры.
2015 жылы 10 томдық шығармалар жинағы «TST Company» баспа компаниясынан жарық көрді. Алғашқы үш томға – өлеңдері, толғаулары, балладалары мен поэмалары, 4-томға – С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің өмір жолдары, шығармашылық байланыстары туралы жазылған эсселер, ғылыми-зерттеу мақалалар, ғылыми баяндамалар, ой-толғамдар, 5-томға – әдебиет, мәдениет, өнер, ғылым және қоғамдық-әлеуметтік мәселелерге қатысты жазылған мақалалар, 6-томға – сыр-сұхбаттар, 7-томға – эсселер, әдеби портреттер, естеліктер, 8-томға – «Тәуелсіздік және қазақ поэзиясы» монографиясы, мақалалар, 9-томға – деректі әңгімелер, очерктер, күнделік, әріптестер лебізі, 10-томға – мақалалар және библиографиялық көрсеткіштері топтастырылды.
Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің грамотасы (1987), «Астанаға - 10 жыл»мерекелік медалімен, ҚР Ұлттық бизнес-рейтингінің «Даңқ жұлдызы» орденімен марапатталған. Жыр байқауларының лауреаты, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының иегері (1999).«Бастау» (1980), «Ақ тұма» (1984), «Шамшырақ» (1987), «Сөз бен іс» деректі әңгімелер мен очерктер («Слово и дело»), «Саға» (2003), «Ардакүрең» (2008), «Тұлғалар тағылымы» эссе және ой-толғамдар (2014), «Бөртостаған» (2005), «Сұлутал» (2009), «Жандауа» (2012) өлеңдер мен поэмалар жинақтарының, «Тәуелсіздік және қазақ поэзиясы» зерттеуінің авторы (2011).
Ә. Қайырбековтың кітаптары
Книги А. Кайырбекова Поэзия Қайырбеков, Ә. Шер шертер [Мәтін] : жыр кітабы / Ә. Қайырбеков. - Алматы : Ана тілі, 1998. - 224 б. Қайырбеков, Ә. Бөртостаған [Мәтін] : жыр кітабы / Ә. Қайырбеков. - Алматы : Жазушы, 2005. - 192 б.Қайырбеков, Ә. Сұлутал [Мәтін] : жыр кітабы / Ә. Қайырбеков. - Астана : Астана полиграфия, 2009. - 160 б.Қайырбеков, Ә. Жандауа [Мәтін] : жыр кітабы / Ә. Қайырбекова. - Алматы : TST company, 2013. - 480 б.Қайырбеков, Ә. Он томдық шығармалар жинағы [Мәтін] : балладалар, толғаулар, өлеңдер. - Алматы : TST company, 2014. - 352 б.
Ғылыми басылымдары – Научные издания
Қайырбеков, Ә. Саға [Мәтін] : эссе, әдеби сын-зерттеу, ой-толғам / Ә. Қайырбеков. - Астана : Фолиант, 2003. - 296 б.Қайырбеков, Ә. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясы: ізденістер, проблемалар (1991-2001 ж.ж.) [Мәтін] : филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты / Ә. Қайырбеков. - Алматы, 2004. - 28 б.Қайырбеков, Ә. Ардакүрең [Мәтін] : эссе, әдеби сын -зерттеу, сыр-сұхбат, ой-толғам / Ә. Қайырбеков. - Алматы : Дәуір, 2008. - 480 б.Қайырбеков, Ә. Тәуелсіздік және қазақ поэзиясы [Мәтін] : зерттеу кітабы / Ә. Қайырбекова. - Алматы : TST company, 2011. - 216 б.Қайырбеков, Ә. Тұлғалар тағылымы [Мәтін] : эсселер, ғылыми-зерттеу мақалалар, ой-толғам, сыр-сұхбат / Ә. Қайырбеков. - Алматы : Айғаным, 2014. - 286 б
Достарыңызбен бөлісу: |