Айдарбекова А. М тексерген: Музаппарова А. Б



бет1/5
Дата30.12.2022
өлшемі1.34 Mb.
#404965
  1   2   3   4   5
Байланысты:
практическая работа2 анатомия и физиологоия человека
Реферат Дыбыстық акустика

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
КАСПИЙ ҚОҒАМДЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«ГЕОЛОГИЯ, МҰНАЙ-ГАЗ ІСІ ЖӘНЕ
ІТ ИНСТИТУТЫ»

ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС №2
ТІРЕК ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІ МЕН ҚЫЗМЕТІ
ОРЫНДАҒАН:Айдарбекова А.М

ТЕКСЕРГЕН: Музаппарова А.Б.
А ЛМАТЫ 2022


Жоспар
I. Кіріспе.
1.1 Адамның тірек – қимыл жүйесі қызметінің ерекшеліктері
II. Негізгі бөлім.
2.1 Кеуде сүйектері
2.2 Иық белдеуі.
2.3 Жамбас белдеуі.
2.4 Бас сүйегі.
III. Қорытынды.
3.1 Сүйектердің өзара байланысу түрлері
3.2 Сүйектердің өзара жалғасуы
3.3 Сүйектің құрамы
3.4 Сүйектің өсуі

АДАМНЫҢ ТІРЕК-ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Барлық тірі организмдерге тән қасиет – қимыл-қозғалыс. Қимыл-қозғалыс организмнің өсіп, дамуына әсер етеді. Оның адам денсаулығын сақтаудағы маңызы аса зор.Адамның күнделікті отырып - тұруы, жүруі т.б осы секілді қимылдарды тірек - қимыл жүйесі атқарады.
Тірек - қимыл жүйесі қаңқа мен бұлшық еттен тұрады. Тірек-қимыл жүйесі тіректік, қозғалтқыш және қорғаныш қызметтерін атқарады.
Адамның қаңқасында 200-ден астам сүйек бар. Қаңқаны омыртқа жотасы, кеуде қуысы, бас сүйек, иық, жамбас белдеулері, аяқ-қол сүйектері құрайды.
Сүйектің пішіні және оның үлкен-кішілігі, олардың орналасуына және атқаратын қызметіне байланысты. Сүйектердің кейбіреулері мүшелерді қозғалысқа келтіретін иін, екінші біреулері тірек қызметін атқарады. Сүйектердің бір-бірімен дәнекер ұлпасы арқылы немесе шеміршекпен байланысуын жалғасу дейді. Омыртқа жотасы бір-бірімен осылай байланысады. Дәнекер ұлпаның иірімделген жұқа қабаты сүйекті өзара тығыз, мықты етіп байланыстырады. Олардың аралығындағы шеміршек адам жүргенде, жұмыс істегенде, дене селкілдегенде тиетін соққыны бәсеңдетеді.
Адам қаңқасыомыртқа жотасынан, қабырғалардан және төстіктен тұрады. Омыртқа жотасы немесе омыртқа бағаны – мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйымшақ болып бөлінеді. Адамның омыртқа жотасы 4 иілімнен тұрады: оның екеуі алға қарай, екеуі- артқа қарай иіледі.
Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан құралады. Әрбір омыртқа денеден және бірнеше өсіндіден тұрады. Омыртқалар бірігіп, жұлын жолын немесе жұлын өзегін түзеді. Омыртқа жотасындағы өзекке жұлын орналасады. Омыртқа доғасында бірнеше өсінді болады: артқы, екі қарама-қарсы, екі жоғарғы және төменгі буын өсінділері.
Омыртқа жотасының бірінші омыртқасы ауыз омыртқа (атлант) деп аталады. Ауыз омыртқасында дене және өсінділер болмайды, сондықтан оның пішіні сақина сияқты. Оның екі ойығы бар, олар арқылы бас сүйегіне жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет