Айдаһар байырғы наным-сенім бойынша бірнеше басты алып жыртқыш, адам баласына өлім әкелетін дүлей күш, жалмауыз. Айдаһар әлем халықтарының фольклорында жиі кездесетін кейіпкер

Loading...


Дата21.09.2021
өлшемі16.5 Kb.

От шашқан айдаһар

Айдаһар — байырғы наным-сенім бойынша бірнеше басты алып жыртқыш, адам баласына өлім әкелетін дүлей күш, жалмауыз. Айдаһар — әлем халықтарының фольклорында жиі кездесетін кейіпкер. Әсіресе, батырдың айдаһармен соғысу сюжеті мол. В.Я. Пропптың анықтауынша, айдаһар отырықшы-диқан, қалалық мәдениетте болған халықтарда қалыптасты. Айдаһар қазақ ертегілерінде қауымнан ауыр салық алып тұратын дүлей күш жалмауыз ретінде бейнеледі. Ол «борандатып, дауылдатып» келеді, алдын ала адамдардың дайындап қойған малын, кісісін тірідей жұтиды. Әсіресе, қыздарды жалмайды, тіпті патшаның қызын жұтам деп, жұрттың үрейін ұшырады. Онымен шайқасуға бел буған батыр-аңшыны айдаһар жұтқан кезде, ол қырық құлаш семсерін сертке ұстап ішіне кіріп, қақ жарады да, жұртты азат етеді, айдаһарды өлтіргенінің белгісі ретінде жонынан таспа тіліп алады. Бұдан қазақтағы айдаһар стадиялық даму сатысына сай өзіндік ерекшелікке ие екенін байқаймыз. Қытай, Мысыр, Үндістандықтар тәрізді диқап халықтар айдаһарды аузынан от шашқан, қанаты, төрт сирағы бар, жаңбыр жауғызып, кейде құрғақшылық жасап, елге апат төндіретін, найзағай ойнататын бейне.



Кейбір қазақ ертегілері мен хикаяларында әйел кейде айдаһардың етіне жерік болады және ол тотемдік сенімнің қалдығы, ал айдаһардың адамды жұтуы кәмелеттік сынақ салтының ізі екендігі фольклортану ғылымында анықталып отыр. Қазақтардың төл түсінігінде айдаһар жыланның алып түрі ғана. Сан қатпарлы осы күрделі бейнені жан-жақты талдаған академик С.А.Қасқабасов: «Айдаһар түптеп келгенде ғаламат алып жылан» деп пайымдайды. Қазақ ертегілерінде айдаһар «алып жылан» түрінде кей ертекте, халықаралық сюжеттерде кездесетіндей, сумен қатысты бейнеленеді. Мысалы, әйел бейнесінде құбылып жүріп, жігітке тұрмысқа шығады, шөлге шыдамсыз, түнде тұрып ап, үйдің шаңырағынан мойнын созып, өзеннен су ішкендігі айтылады («Айдаһар»), Кейде ысқырып, аспаннан жаңбыр жауғызады («Айдаһар қатын»), Шөлден қаталап жарылып өлгенде күн бұзылып, жаңбыр жауып кетеді («Арғы мерген»), Әлбетте, бұл сарындар диқаншы, отырықшы халықтарда кездеседі. Айдаһарды жауын-шашын, су иесі деген ұғым қазақ этномәдениетіне сыртқы отырықшы жұрттардан ауысып орнықты. Көптеген халықта айдаһарды ұшатын қанаты бар, аузынан от шашатын, сирағы бар мақұлық кейпінде елестетеді. Кейде ертек айтушылар жылан, айдаһар деген атауларды қатар қолдана береді. Айдаһар төменгі өлілер әлемінің күзетшісі, жанды о дүниеге жеткізуші рух-ие. Ежелгі заманда осы тәрізді неше алуан құбыжықтарға малды, тіпті тірі адамды да құрбандыққа шалатын қатігез салттың талай түрі болғандығы көне мәдениет тарихынан белгілі.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...