Дін – бұл нақты-тарихи құбылыс. Ол дінге деген қажеттілік жоғалған жағдайда, оған деген сұраныс болмағанда, қоғамдық қатынастар жоғалған жағдайда ғана түбегейлі жойылуы мүмкін. Сөзсіз, қоғамның діни санасы индивидуалды діни сананың қалыптасуына әсерін тигізеді. Қоғам мен адам жабайылық пен варварлықты жеңе отырып, өз дамуының маңызды жолдарын жүріп өтті және бүгін, өркениеттілік жағдайында адамдардың артында ар-ұят еркіндігі принципі сақталуда. Ол кез келген сенімді таңдауға құқылы. Егер жасалған таңдау әлеуметке қарсы нәтижеге әкелмесе, адамдардың құқығының бұзылуы мен адамгершіліктің қоғамдық нормаларын бұзбаған жағдайда, атеизмді де таңдай алады. Діни сана туралы ойды қорытындылай келе, дін сананың басқа да түрлері сияқты қоғамдық қажеттілікке жауап ретінде пайда болғанын айта кету қажет. Және ол оған деген сұраныс қаншалықты бар болса, соншалықты өмір сүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |