Діни сана адамдардың жер бетіндегі қарамақайшылықтарын мінсіз шешетін арғы дүниенің бар екендігін мойындайды. Құдайға деген сенім адамға сүйеніш болады, жамандықты жақсылықтың жеңетіндігіне кепілдік береді. Діншіл адам «құдайша» қалай өмір сүру керек екендігін, ал сенбеушілік жоғары адамгершіліктік бастамаларды жоғалтуға тең екендігін біледі. Дін мен адамгершіліктің арақатынасы туралы мәселелерде материалист және атеист Л. Фейербах пен идеалист И. Канттың ұстанымдарының ұқсастықтары көрінген. Терең сенуші И. Кант адамгершілікпендінгеқатыстыжүргізгенарнайы зерттеулерінің нәтижесінде, Фейербах сияқты, адамгершілік дінге емес, дін адамгершілікке негізделетіндігін қорытындылаған. Оның айтуынша, адамгершілік дінді қажет етпейді, ол өзін-өзі толықтыра алады». Шынымен де, Кант абсолютті моралист ретінде шы- найы адамгершіліктік қылықтың ешқандай да мәжбүрсіз, соңынан пайданы көздемей таза еркін болуы керек екендігін айтады. Сенуші адам құдай сотынан қорқып, жаннатқа түсуді көздеп, тозақтың қинауынан қашып дұрыс өмір сүруге тырысады.
Достарыңызбен бөлісу: |