Ахметова жанат куандыковна



Pdf көрінісі
бет48/71
Дата30.12.2022
өлшемі1.58 Mb.
#404860
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   71
Байланысты:
Algishki kogam tarihi 2016 Ahmetova
Email to advisor, Language and communication, 1589975452, Doc1, 2401 271 tarih, 7с олқылық жоспар, Әдістемелік құрал Мәтінмен жұмыстың түрлері , Презентация (7)
Үлкен 
патриархалды 
отбасы. 
Патрономия: 
Матриархаттан патриархатқа өту процесі рудың шаруашылық
қоғамдық және идеологиялық өмірінің барлық жағын қамтыды. 
Бірақ ол, ең алдымен, жаңадан туған экономикалық ұяларға - 
жеке отбасылар мен отбасылық-некелік қатынастардың барлық 
жағына соқты. 
Жеке отбасылардың күштерімен шаруашылықты 
жүргізу, олардың тұрақты, тұтасқан ұжымдарға айналуын талап 
етті. Осыған байланысты тұрақсыз қосақ некені ерлі-
зайыптылардың мықты бірлестігі - моногамия ығыстыра 
бастады. Ер адамның шаруашылық рөлінің артуымен бірге 
некелік ірге алмасудың локальдылығын өзгертуді — ер адамның 
әйелге емес, әйелдің ер адамға келуін талап етті,— бұл 
матрилокальдық ірге алмасудан патрилокальдық ірге алмасуға 
көшуді және некелесудің жаңа формаларының дамуын тудырды. 
Бұрын, аналық рулық қауым дәуірінде ер адам қосақ некеге түсе 
отырып, қалыңдық пен оның туғандарына шамалы сыйлықтар 
тартумен тынатын. Енді ол әйелді өз қолына алатын болды, 
сондықтан да оның бағасын қайтаруға, оның еңбектік күшін 
сатып алуға тиіс болды. Сатып алу некесі осылай туды, мұнда 
күйеудің отбасы қалыңдыққа алым төледі (славяндарда — вено, 
түркілерде қалың мал т. б.). Қалай да қосалқы болып, кеңінен 
таралмағанына 
қарамастан, 
аналық-рулық 
құрылыс 
жағдайларында неке қиысудың неғұрлым кәдуілгі, әрі басқа, өте 
сирек формасы - әйелдерді зорлап иелену, оны ұрлап әкету 
(алып қашып әкету) болды. 
Патрилокальдылықтың 
тууы 
матрилокальдық 
дәстүрлерімен қатты күрес үстінде өтті және өзіне тән 
ымырашылық формалардың пайда болуымен қосарланды, 
150 


бұлардың көпшілігі қатып-семген сарқыншақтар түрінде ұзақ 
сақталды. 
Бұл өтпелі дәуір салттарының ерекше кешені 
матрилокальдылық патрилокальдылықпен ауысқанда, әдетте 
біраз уақыт әлі де, туыстықты ана жағынан есептеумен 
байланысты болды. Бұл кезде әйел ерінің отбасы мен руына 
келіп ірге тепкенде, оның балалары сол руға жатпайтын және 
белгілі жас мөлшеріне жеткенде шешесінің отбасы мен руына 
қайтып оралатын. Мұнда олардың ең жақын нақтылы туысы 
анасының бауыры болатын, оның баласы осындай тәртіп 
бойынша өзінің анасының аға-інісіне барады. Жиені нағашы 
ағасының үйінде тұрады. Соның шаруашылығында жұмыс 
істейді, оның өсиет ұстаздығына құлақ асады. Отбасы, немесе ең 
жоқ дегенде, оның қабілетті бөлігі соншама туғандары мен 
олардың балаларынан емес, нағашы ағалары мен олардың 
жиендерінен тұратын еді. Бүкіл осы тәртіп, сондай-ақ оның осы 
қалпында ұзаққа сақталып келген сарқыншақтары (көбіне 
жиендер мен оның нағашы ағасының арасындағы ерекше 
жақындық туралы ұғым) авункулат деген атқа ие болды. 
Өз шаруашылығын жүргізетін жеке отбасылардың пайда 
болуы рулық меншіктен жекеленіп бөлінген, оқшауланған 
отбасылық меншіктің пайда болуымен қосарланды. Бұл 
меншіктікті ер адам өз балаларына беруге тырысты. Бірақ руды 
аналық жақтан сонау мен мұралану мұндай мүмкіндікті жоққа 
шығарды, ал авункулат жағдайларында дамыған ымырашылдық 
салт-нағашы ағалардан жиендердің мұралануы-авункулаттың 
бүкіл жүйесі сияқты жеке отбасының тұтас болуына жол 
ашпады. Ол қарама-қайшылық ана бағытынан әке бағытына 
көшумен аяқталатын ескі тәртіптерді түбірінен өзгерту 
жолымен ғана шешіле алатын. Ескі тәртіп жаңаға қатты 
қарсылық көрсетті, бірақ қоғамның экономикалық ұясы ретінде 
жеке отбасының нығая түсуіне қарай туыстық пен мұралануды 
ана жағынан санауды әке жағынан санау бірте-бірте ығыстырды. 
Матриархаттың патриархатқа айналуы, Энгельстің сөзімен 
айтқанда, 
адамзат 
басынан 
өткен 
ең 
радикалды 
революциялардың бірі болды. Табиғи түрде мінез-құлқы мен 
151 


санасында дәстүр күші ерекше көрініп отырған алғашқы 
тұрмыстық адамға, бұл айналу онша оңайға түсе қойған жоқ. 
Бірақ патриархаттың болуы тек дәстүр шеңберінде ғана 
жүре алмады: ерте ме, кеш пе, бұл неғұрлым тура да қатал 
форманы қабылдауға тиіс болды. Жоғарыда айтылғандай, 
ертедегі рулық қауымның өзінде-ақ жыныстардың белгілі бір 
оқшаулануы, соның ішінде олардың тұрақтардағы өзара 
оқшаулануы туады. Дамыған рулық қауымдардың отырықшы 
поселкелерінде тамақ ішетін, ұйықтайтын, инициация дәмін 
тататын, рудың үйленбеген жастары жұмыс істейтін, ер 
адамдардың арнаулы үйлері болған. Бұдан да гөрі кейініректе 
матриархатқа қарсы күрестің барысында ер адамдардың үйлері 
осылардың негізінде ер адамдардың немесе құпиялық одағы 
дейтін ұйымдық орталықтарына айналды. Ер адамдар одақтары 
Меланезия мен Батыс Африка тайпаларында жақсы сақталған, 
Микронезия мен Америка тайпаларын да белгілі, Азия мен 
Европаның бірқатар көне және осы заманғы халықтардың 
сарқыншақтарынан қадағалауға болады. Бұл олардан 
матриархаттан патриархатқа өту дәуірінің жан-жақтық дерлік 
таралған қоғамдық институтын көруге мүмкіндік береді. 
Одақтың өз басшысы, өзінің жиыны мен той-томалағы, жыр 
жырланып, би биленіп қосарланатын өздерінің рух-билеп-
төстеушілері мен діни рәсімдері, кейде тіпті өзінің ерекше «тілі» 
де болды. Мұның бәрі әйелдерден және бейхабарлардан құпия 
ұсталды, бірақ кұпия, әрине, салыстырмалы түрде ғана болатын, 
өйткені одақ қадам басқан сайын өзін көрсетіп, тіпті аналық-
рулық құрылыстың тірегін бүлдіруге бағытталған өзінің 
қызметін баса көрсеткен. 
Кей жерлерде ер адамдар одақтарына қарама-қарсы 
оларға азды-көпті ұқсас келеін әйелдер одақтары құрылды. 
Алайда олар дәуірдің экономикалық тенденциясына қарсы тура 
алмады да, әдетте қандай да болсын билейтіндей қоғамдық 
ықпалға ие бола алмады. 
Матриархаттың орнына келген патриархат күрделі де қарама-
қайшы қоғамдық формада болды. Сырттай, ол көп жағынан 
рулық қүрылысты еске түсірді, іс жүзіне келгенде оның ыдырау 
152 


формасы болды. Бұл, алдымен, патриархалдық руға әуел бастан-
ақ өзінің өмір сүру фактісінің жалғыз өзімен рулық қоғамның 
негізін бүлдірген, экономикалық жағынан дербес отбасылар 
қарсы тұрғандығынан көрінді. 
Мұндай отбасының алғашқы формасы, сондай-ақ үлкен 
отбасы, отбасылық, үлкен отбасылық немесе үй-жайлық қауым 
деп аталған патриархалдық отбасы болды. Бұл әке тарапынан ең 
жақын туыстардың бірнеше, әдетте үш-төрт ұрпақтарынан – 
олардың балаларын, немерелері мен шөберелерін және 
отбасының барлық ересек ер адамдар мен әйелдерді қоса 
алғанда бір немесе бірнеше бауырлардан тұратын. Сондай-ақ 
отбасы құрамына құлдар да кіретін. Патриархалдық отбасыға 
200, тіпті 300-ден адам кірген жағдайлар мәлім. Отбасы 
мүшелері жерді, мал мен басқа да өндіріс құрал-жабдықтарын 
ынтымақтасып биледі, шаруашылықты бірігіп жүргізді және 
жалпы қордан тамақтанып, киім киіп, өндіргендерін 
ынтымақтаса отырып тұтынды. Отбасыны «ақсақал», ал әйел 
бөлігін «бәйбіше», әдетте ақсақалдың әйелі басқарды. Көбіне 
олар шынында да жас жағынан үлкен болды, бірақ олардың 
қаусауы немесе жарамсыздығы жағдайларында отбасы басқа 
біреуін сайлай алатын еді. «Ақсақал» мен «бәйбіше» отбасының 
жеке мүшелері арасында шаруашылық жұмыстарын бөлді және 
бұлардың орындалуына басшылық етті, қорлардың жұмсалуына 
әмір етті, тәртіп пен адамгершілік жағын бақылап қадағалады, 
отбасылық жеке бір кісіге табынуды басқарып мадақтады. 
Отбасының аса маңызды істері, мәселен, мүліктерді аулақтату 
немесе сатып алу, әйел алу немесе күйеуге беру барлық ересек 
ер адамдар мен әйелдерден тұратын жалпы кеңесте шешілді. 
Сонымен бұл рудан оқшауланғанымен, одан өзінің құрамы мен 
сапалық айырмашылығы бар, бірақ өз ішінде әлі де алғашқы 
тұрмыстық қауымдық ұжымдылықты сақтаған ұя болды. 
Өсіп ұлғая келіп, патриархалдық отбасы жақын 
туысқандығымен байланысты басқа патриархалдық отбасыларға 
бөлінді, әдетте, олар жеке поселке немесе елді-мекен жеке 
кварталын құрап, көршілес болып тура берді, әрі жерді бірігіп 
билеуді, мәселен, шабындықтарды немесе отбасы араларында 
153 


оқтын-оқтын бөлісіп отыратын жыртатын жерді сақтады. Олар 
шаруашылық 
жағынан 
өзара 
көмегімен, 
қоғамдың 
ынтымағымен, ортақ ата-бабаларының атына саятын ерекше 
атауымен бірігетін. 1931 ж. кеңес этнографы М.О.Косвен 
тұңғыш жақсы зерттеген мұндай топтар патронимия деп аталды. 
Ол таптық қоғам капитализм дәуіріне дейін сақталды. 
Патронимия белгілі бір шаруашылық, қоғамдық және 
идеологиялық бірліктегі негізгі бір атадан (рудан) өрбіген 
адамдар тобы болып есептелінді.
Өзінің тегін бір атадан бастайтын патриархалдық 
отбасылар 
мен 
патронимияның 
барлық 
мүшелері 
петриархалдық руды құрады. Бұған да ішкі ортақтықтың белгілі 
бір сипаттары тән болды. Руға патронимиялар мен отбасылар 
арасында қайта бөлінетін немесе бөлініп қойылған жерге 
жоғары меншіктік тиісті болатын, тура мұрагері жоқ болып 
қалған жағдайда мал-мүлікті туысқандары мұраланды. Әдетте, 
ру экзогендік болып қала берді, бірақ бірқатар халықтарда 
(бантудың бір бөлігі, арабтар, мадагаскардың мальгаштары) 
патриархатқа көшу экзогамияны бұзды, ал патриархалдық 
отбасы мен патронимия ішінде мүліктерді сақтап қалуға 
тырысу, тіпті кері тәртіпті — әке жағынан немере және шөбере 
бауырлар мен қарындастар арасында некелесу түріндегі рулық 
эндогамияны тудырды (ортокузендік некелер дейтіндерді). 
Қоғамдық жағынан ру мүшелері өзара көмек көрсету, өз ара 
жауапкершілік және қорғау міндеттілігімен, идеологиялық 
жағынан-ата-баба ру басыларына, ендігі жерде тотемикалық 
емес, антропоморфтық ортақ жеке адамға табынумен, жалпы 
діни рәсімдерімен т.б. байланысты еді. 
Патриархаттың орнауы әйелдердің отбасылық және 
қоғамдық жағдайының бірте-бірте нашарлауымен қосарланды. 
Бұған атап айтқанда, сатып алу некесінің дамуы мүмкіндік 
жасады. Егерде әуелгі некелік алым біраз дәрежеде, әлі де болса 
қалыңдықтың 
туған-туыстарына 
берілетін 
дәстүрлі 
сыйлықтарды еске салса, енді бұдан арғы жерде алым көлемі 
артты да әйелге кәдуілгі сату-сатып алу заты ретінде қарай 
бастады. Бой жеткен қыз, өзін сатып алған отбасыға: өз еріне, 
154 


«ақсақалға», «бәйбішеге» сөзсіз бағынуға тиіс болды. Егер әйел 
төркін-жұртына қайтып оралғысы келсе, оның туыстары 
алымды қайтып беруге тиісті болды; сондықтан да айырылысу 
әйел үшін іс жүзінде мүмкін болмады. Тіпті күйеуі өлгеннен 
кейін де ол сатып алған отбасыда қала берді. Леврит салты 
орнықты, бұл салт бойынша, жесір әйел өлген адамның 
туыстарының біріне күйеуге шығуға тиіс болды. Әйелдердің 
мүліктік және мұрагерлік құқықтарының қымтырылуы, 
көптеген халықтарда оның меншігінің жалғыз қалыңдық 
мүлкіне ғана келіп тірелуіне әкеп соқты: айырылысу 
жағдайында әкеден қалған өзінің балаларына деген оның 
құқықтары да шектелді. Мұралық етудің патриархалдық тәртібі 
әкелік фактінің даусыздығын талап ете отырып, некелік 
моральдің жаңа ережелерін тудырды. Ауқатты адамдар қосалқы 
әйелдерді алды, кей жерлерде некенің жанама түрі ретінде көп 
әйелділік туды. Мұның бәрі әйелдердің тұрмыс жағдайына 
әсерін тигізбей қала алмады, әйелдерге ер адамдардан кейін 
тамақ ішуді, оларға жол беруді т.б. таңған бірқатар арнайы 
патриархалдық салттар пайда болды. Отбасылық сферадан кейін 
әйелдің тең құқықсыздығы қоғамдық өмір мен идеология 
саласына тарады. Әйелдер азды көпті дәрежеде қауымдық 
жиындарға, сот істеріне, діни табыну істеріне қатынасудан 
шеттетілді, көптеген патриархалдық рулар әйелге лас тіршілік 
иесі ретінде қарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   71




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет