Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.
Неолит
дәуіріндегі
аңшылық-балықшылық
шаруашылықтарының даму ерекшеліктері
2.
Балық шаруашылығының техникасының жетілдірілуі
3.
Рулық құрлыстың дамуымен әйелдердің шаруашылық
және қоғамдық рөлі
4.
Фратрия ұғымына сипаттама беріңіз
5.
Кейінгі неолиттік және энеолиттік тайпалардың
рухани және мәдени жетістіктері
ІҮ – ТАРАУ. АЛҒАШҚЫ ҚАУЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫСТЫҢ
ЫДЫРАУЫ
§13.
Алғашқы қауымдық коғамның ыдырауы
137
1. Металдың өндіріске енуі, оның шаруашылықтың
дамуына әсері
2. Қола және алғашқы темір дәуірінің археологиялық
ескерткіштері
3. Еңбектің жыныстық, жастық бөліністері.
Шаруашылық сапалары арасындағы айырмашылықтың
тереңдеуі
4.
Үлкен патриархалды отбасы. Патрономия
5.
Айырбастың дамуы. Мүліктік жіктеліс
6. Жеке меншіктің шығуы мен таптардың пайда болуы
Металдың өндіріске енуі, оның шаруашылықтың
дамуына әсері: Алғашқы тұрмыстық қоғам ыдырауының ең
маңызды өндірістік алғы шарты металдарды кеңінен
пайдалануға көшу болды. Адамзат тарихы мүлде жаңа
формаларға ие боларлықтай, металл қарулардың енгізілуінің
соншама тамаша мәдени және әлеуметтік алға басушы өз
салдары болды. Металдар ғасыры екі дәуірге: қола ғасырына
және темір ғасырына бөлінеді.
Қола ғасыры дегеніміз адамзат тарихында қоладан
жасалған еңбек қарулары кеңінен таралған және осы қаруды
тастармен қатар немесе солардың орнына қолданған дәуір еді.
Темір ғасыры дегеніміз темір металлургиясы мен темір
қарулардың таралуымен сипатталатын уақыт болатын. Еңбектің
темірден жасалған қарулары аса маңызды материал болып
отырғандықтан, қазірде де осы заманғы дәуір де темір ғасырына
енеді. Алғашқы тұрмыстық тарихтың археологиялық
дәуірленуінде ертедегі темір ғасыры термині жиі қолданылады.
Қола дегеніміз - мыс пен қалайының, кейде алмастың,
қорғасынның, мышьяктың немесе мырыштың әр түрлі үлесте
балқытылған қоспасы. Ең жақсы ара қатынас -90% мыс пен 10%
қалайы. Қола қарулар мыс қаруынан тек қатты ғана емес, өткір
де келеді, бірақта оларды құю оңайырақ, өйткені мысқа
қарағанда (1083°) қола анағұрлым төменгі температурада (700—
900°) балқиды. Алайда, мыс сияқты қола қарулар да тас
138
қаруларды түгелдей ығыстыра алмады. Бұған себеп, біріншіден,
бірқатар жағдайларда, қоладан тастың жұмыстық сапалары
жоғары болды, екіншіден, қару жасалатын тастар барлық жерде
дерлік бар еді, ал қоланың, әсіресе, қалайы үшін шикізат көзі өте
сирек еді.
Мыс және қалайы рудаларына бай аудандарды
мекендеген тайпалар металл шығаруға маманданып, көршілес
елдің халқын солармен жабдықтап қамтамасыз етіп
отырды. Мыс
Иранда,
Кіші
Азияда,
Аравия
мен
Арменияда,қалайы Иран мен Аравияда болды. Еуропада
ертедегі мыс кен орындары Испанияда, Францияда,
Австралияда, Венгрия мен Англияда, ертедегі қалайы кен
рудалары Испания мен Англияда ашылды. Сонымен қатар
Қытайдың оңтүстігі мен Солтүстік Вьетнамда ашылғаны
белгілі. ТМД
территориясында қола
ғасырының
ірі
металлургиялың орталықтары Кавказда, Уралда, Қазақстанда,
Ертіс және Енисей маңы өлкелерінде мәлім еді.
Ең ертедегі металл қарулар өзінің формасы жағынан тас
қаруларды бүтіндей қайталады. Тек адамзат бірте-бірте жаңа
материалдың ең тиімді қасиеттерін пайдаланатын қару
формаларын:
балталарды,
қашауларды,
балғаларды,
қайлаларды,
кетпендерді,
орақтарды,
пышақтарды,
қанжарларды, сапыларды, шапқыларды, найза ұштықтарын,
жебелерді, тағы басқаларды жасап шығарды.
Қола ғасырының дәл шежірелік шеңберін көрсете қою
қиын. Қола бәрінен бұрын б. з.-ға дейінгі III мың жылдықтың
орта шенінде Оңтүстік Иран мен Месопотамияда белгілі болды.
Египет пен Үндістанда ең көне қола қарулары б. з.-ға
дейінгі II мың жылдықтың басына жатады, Қытайда қола біздің
заманызға
дейінгі XVIII ғасырда
кеңінен
қолданылды.
Америкада біздің заманыздың І мың жылдығында ғана кеңінен
қолдана басталды.
ІІІ және ІІ мың жылдықтар межесінде қола индустриясы
Кіші Азияда, Сирияда, Палестинада, Кипр мен Критте, ал II мың
жылдық бойында - бүкіл Еуропа мен Азияда таралды. Еуропа
елдерінің көпшілігі үшін қола ғасыры негізінен б. з.-ға
139
дейінгі II мың жылдықты қамтиды. Қола ғасырының ақыры,
қоланы темір ығыстырғанда келіп жетті.
Ерте темір ғасыры өзінің алдындағы археологиялық
дәуірлермен салыстырғанда шежірелік жағынан өте қысқа.
Темір дүние жүзінде ең көп таралған металл болғанына
қарамастан, оны адам кешірек игерді, өйткені таза күйінде
табиғатта мүлде кездеспейді және қиын өңделеді. Тіпті сонау
көне заманда-ақ адамзатқа метеориттік темірлер белгілі болған,
бұлардан жасалған б.з.-ға дейінгі IV мың жылдық басындағы
Египеттегі молалардан жекелеген сәндік бұйымдар табылған.
Жер текті темірден жасалған ұсақ заттар б. з.-ға до-йінгі III мың
жылдықтың бірінші жартысындағы Египетте, Месопотамия мен
Кіші Азияда кездеседі. Рудадан темір алудың ең көне тәсілі,
шикізат соғу процесі тек б.з.-ға дейінгі II мың жылдықта ғана
ашылды. Ең ықтимал бір болжамға сәйкес шикідей соғу
процесін б.з.-ға дейінгі XV ғасырда Армения тауларында тұрған
хеттамға бағынған тайпалар тұңғыш қолданды. Еуропада
табылған жекелеген темір заттары Германия мен Италиядағы
б.з.-ға дейінгі II мың жылдықтың аяғына жатады. ІІ мың
жылдықтан кейін Палестинада, Сирияда, Кіші Азия мен
Грецияда, Үндістанда темір қару-жарақтарды жаппай жасау
басталды. Осы уақытта темір өндірісін Шығыс Еуропа
халыңтары игерді. Орталық, Солтүстік және Батыс Африкада
темір ғасырының басы б. з.-ға дейінгі I мың жылдыққа жатады.
Б.з.-ға дейінгі VIII-VII ғасырларда темір қарулар Шығыс
Еуропаның Оңтүстік далаларында Орта Азияда, Месопотамия
мен Иранда, Европада, Альпіден Солтүстікке қарасты
аймақтарда үстемдік ете бастады. Б.з.-ға дейінгі V ғасырда темір
Еуропаның қиырдағы солтүстігі мен Қытайға енеді. Үнді-Қытай
мен Индонезияда темір жаңа заманның межесінде таралады.
Америкада, Австралия мен Тынық мұхитының көптеген
аралдарында темір европалықтардың осы облыстарға келуімен
бірге б. з.-дың II мың жылдықтарында ғана белгілі болды.
Салыстырып алғанда мыс тауып алудың сирек,
қалайының одан да гөрі сирек көздерінен айырмашылығы темір
рудалары,
рас,
көбінесе
ең
төменгі
сорттары
140
барлық жерде дерлік ұшырайды, бірақ рудадан темір алу
мыстан гөрі әлде қайда қиын. Темірді балқыту, яғни оны сұйық
күйінде алу әрқашанда көне заман металлургтарының қолынан
келе
бермеді,
өйткені
бұл
үшін
өте
жоғары
температура (1528°) керек еді. Темірді шикі соғу процесінің
көмегімен қамыр тәрізді күйде шығарды. Бұл сопло арқылы
ұста көрігіне ауа үрленіп, арнаулы пештерде 1100-1350°
температурада темір рудасы көміртегімен
тотықсыздандырылды. Пештің түбінде криц – салмағы 1-ден 8
кг-ға дейін кеуектенген, қамыр тәрізді темір кесегі түзілетін,
мұны тығыздау және ішінара одан шлакты сығып шығару үшін
балғамен талай рет соққылау қажет еді. Крицтік темір жұмсақ
болатын, бірақ сонау ежелгі заманда-ақ темір бұйымдарды
шыңдау тәсілі
немесе
оларды
цементациялау
тәсілі
(көміртектендіру) ашылған еді. Темірдің неғұрлым жоғары
механикалық қасиеттері, сондай-аң темір рудаларының жалпы
қолдан келетіндігі мен жаңа металдың арзандығы оның қоланы,
сондай-ақ қола ғасырында қару шығарудың аса маңызды
материалы
болып
қала
берген
тасты
тезінен ығыстыруды қамтамасыз етті.
Өндіріске металдың енуі шаруашылық қызметінің
барлық саласын дамытуда, ең алдымен, егіншілік пен мал
шаруашылығын дамытуда төтенше рөл атқарады. Неолит пен
энеолитте егіншіліктің өсуі тас индустриясының шектелуі
техникалық мүмкіндіктерімен тежелді. Орман табанын тас
балтамен тазалау қисапсыз күш-жігер жұмсап, орасан көп уақыт
кетіруді талап етті. Қола балталар белгілі дәрежеде бұл процесті
жеңілдетті де, егіншілік алқапты ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Осы, сондай-ақ тозған ескі учаскелерді енді жақсылап өңдеудің
қажеттігі, өз кезегінде егіншілік процесін жеңілдету туралы
ойластыруға итермеледі, бұл сайып келгенде қола қаруларынан,
күш көлік тартқан жырту қаруларына көшуге алып келді.
Бұл көшудің қалай болғандығы туралы мәселе осы
уақытқа дейін ғылыми таластың нысаны болып қалып отыр.
Сірә, бір жырту қарулары кетпендерден, басқалары темір
күректен, кейбіреулері алғашқыда тырма ретінде пайдаланылған
141
бұтақ-бұтақ бөренеден шыққан болса керек, әуелгіде күш көлік
жерді терең жырту үшін бөренені, ауыр кетпенді және
басқаларды қосылып тартқан адамдардың өзі болды да, тек
содан кейін ғана адам күшін өгіздің, аттың немесе есектің күші
алмастырды, деп жобаланады. Ең көне заманғы жер жырту
қаруларының эволюциясы да жеткілікті зерттелмей отыр. Бірақ
бұл эволюция көбінесе географиялық жағдайларға тәуелді еді:
оратын қаруларды тек жұмсақ топырақтарға ғана қолдануға
болады, әрі мұнда олар өте ерте пайда бола алатын еді де,
сызаттайтын және жыртатын қарулар қатты топырақ үшін
жарамды болып, өзінің жеке эволюциясын басынан өткерді.
Қола дәуірінде жырту қарулары Азия мен Европаның
көптеген елдерінде: Египетте, Қосөзенде, Қытайда, Солтүстік
Италияда, Швейцарияда, Германияда, Данияда, Польшада
қолданылды. Алайда, қоланың морттығы одан жыртатын
қарулардың жұмыстық бөлігін жасап шығаруға мүмкіндік
бермеді, бұл түгелдей ағаштан жасалған күйінде қала берді де,
кетпендерді дерлік барлық жерде ығыстыра алмады. Темірдің
пайда болуымен жағдай шұғыл өзгерді, бұдан орманды жерді
аршу үшін тиімділігі жоғары балталарды ғана емес, сондай-ақ
қарулардың мықты жұмыстың бөлігін де жасай бастады. Нақ
ертедегі темір уақыты кетпендік егін шаруашылығынан
жыртатын егін шарушылығына кеңінен көшу уақыты еді.
Достарыңызбен бөлісу: |