мүшелшеріне қарсы дайым ынтымақтастырып шығатын болды.
Мәселен,тайпа ішінде кісі өлтірілгенде,
жаңа ақсақалдарды
немесе әскери көсемдерін сайлау жөнінде пікір бірлігі
болмағанда, топтық қоғамдасып ойлау үшін партиялар
құрастырылғанда т.б.істің жайы осындай болды. Бір фратрия
руларының сахемдері мен көсемдері жеке өздерінің кеңестеріне
жинала алатын, ал тайпа кеңесінде біріге отырып әрекет етті.
Фратриялардың арнаулы ерекше салт-саналық және ерекше
табынатын ғұрыпты өздерінің діни-бақсы туыстығы болды.
Бірақ
фратрия
туысқан
руларының
өзін-өзі
басқаруының қандай да болсын тұрақты ұйымы болмады.
Мұндай ұйым тайпа болатын. Австриялықтардың немесе отты
жерліктердің рухтық тайпаларына қарама-қарсы ирокез
тайпасының тек өзі аты, территориясы,
диалекті, әрі атап
айтқанда діни ұғымдарында көрінген белгілі бір мәдени-
тұрмыстық ортақтығы ғана болып қойған жоқ, сондай-ақ
тайпаға кірген барлық рулардың сахемдері мен әскери
көсемдерінен тұратын тайпалық кеңесі де болды. Кеңестің
міндеттері тайпаның ортақ мүдделерін қорғау болды. Оның
рулық ақсақалдар мен көсемдердің сайлауын бекіту правосы
болды, қажет болғанда тіпті рудың тілегіне қарсы алмастыра
алды. Ол ру аралық жанжалдарды
жарастырып және басқа
тайпалармен қатнастырды ретке салып отырды. Елшіліктерді
қабылдап, жөнелтті, соғыс жариялап, бітім жасады, одақтар
құрды және ірі әскери жорықтары кезінде жеке отрядтардың
қимылдарын үйлестіріп отырды. Кеңес аса маңызды істерді ғана
шешіп отырды, әрі жиі жинала бермейтін болған. Оның
мәжілістері арасындағы аралықта тайпа жалпы басшылықтан
айрылып қала берді. Содықтан да кейбір ирокез тайпаларында
сахемдердің бірі кеңестің тұрақты өкілі саналып,
басшы етіліп
сайланды. Алайда бұл жоғарғы басшының өкілдігі шамалы еді,
оның шешімдері кейінде тайпа кеңесінде бекітілуге тиісті
болды.
Өкіметтің барлық ұйымы бұрынғысынша, алғашқы
демократия негіздерінде болатын. Тайпаның әрбір ересек
мүшесінің рулық кеңесте де, сондай-ақ тайпалық кеңесте де өз
131
пікірін еркін айтуға мүмкіндігі болды. Ақсақалдар мен әскери
көсемдері өз қызметін тек сайлану құқығы бойынша және
өздерінің әрекеті тайпаластарының мүдделеріне сай ғана атқара
берді. Жұрттың барлығымен қатар олар қоғамдық өндіріске
қатынасты, басқалардан қандай да болсын сыйлықтарды талап
ете алмады, немесе өзіне жұмыс істегізе алмады.
Егер ақсақал
немесе көсем лайықсыз қылық жасаса туған-туыстары оған
ақыл, кеңес айтатын, егер бұл көмектесе алмаса, оны орнынан
алатын.
Осы демократиялық рулық-тайпалық өзін-өзі басқару
әйелдерге тиісті болатын. Олар тек аналық үйлік қауымда
билеп төстеуші болып қана қойған жоқ, сондай-ақ бұдан
ертедегі уақытта - рулардың билеп- төстеушісі болды.
Гурондардың әрбір руын төрт әйел және бір ер
адам басқарғаны
мәлім, сондай-ақ мұнда тайпа кеңесінің бестен төрті әйелдерден
тұрды. Ру басшылары - әйелдер ирокездердің оңтүстік
кершілері натчаларда да байқалады. Ирокоздердің өздерінде
бұл тәртіп сақталмады, бірақ әйелдер басқару істерінде орасан
зор ықпалмен пайдалана берді. Әйелдер,—деп жазды Морганға
миссионер Райт,—кланда және барлық жерде ірі күш болды.
Олар бұл керек болғанда, өздерінің айтуынша көсемнің
«мүйізін сындырып», оны кәдуілгі әскер қатарына түсіруді
ойлап жатпады. Көсемді әуел басқы сайлау да дәл осындай
дайым солардың қолында болды.
Тайпа- дамыған рулық қауым кезінің ең кең әлеуметтік
ұясы болды. Рас, XVI ғасырдағы ирокездер тайпа одақтарына
біріккен де болатын, бірақ бұл жағдайлар олардың қоғамдық
ұйымдарының кейбір басқа
сипаттары сияқты алгашқы
тұрмыстық қауымдық құрылыстың ыдырай бастауының
нышаны еді. Алғашқы тұрмыстық қауым құрылысы
ыдырауының кемеліне келген шағында экономикалық және
қоғамдық өмірде басты рөлі руға тиісті болды, ал рудың
шегінен шыққандары тайпаларда шешілді. Рулар және оларды
біріктірген тайпалар алғашқы тұрмыстық адамзатқа табиғатпен
қатал кү- ресте өзінің тіршілік етуін сақтауға мүмкіндік берген,
тығыз топтасқан демократиялық жолмен өзін-өзі
;
билейтін
132
коллективтер болды. Рулық құрылыстың күші де осында еді,
бірақ оның тарихи шектелгендігі де осында болды. Коллективті
топтастыра отырып, рулық-тайпалық ұйым осы коллективтен
сыртқары тұрғандардың бәрін заңнан тыс қойды.
Достарыңызбен бөлісу: