Ахметова жанат куандыковна



Pdf көрінісі
бет40/71
Дата30.12.2022
өлшемі1.58 Mb.
#404860
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   71
Байланысты:
Algishki kogam tarihi 2016 Ahmetova
Email to advisor, Language and communication, 1589975452, Doc1, 2401 271 tarih, 7с олқылық жоспар, Әдістемелік құрал Мәтінмен жұмыстың түрлері , Презентация (7)
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. 
Неолит кезеңінің басты техникалық жетістіктеріне 
тоқталыңыз 
2. 
Мәдени-шаруашылық 
белгілері 
жөнінен 
неолит 
мәдениеттері неше топқа бөлінеді? 
3. 
Бадарий мәдениетінің ерекшеліктерін атаңыз 
4. 
Луншан 
мәдениетінің 
тайпаларының 
мәдени 
жетістіктеріне тоқталыңыз 
5. 
Мелонезия аралшаларының адамдарының негізгі 
әрекеттеріне тоқталыңыз 
6. 
Ирокездердің өмірінде шаруашылық қызметінің 
егіншілікке дейінгі түрлерін атаңыз 
7. 
Ирокездердің техникалық жағынан жабдықталуына 
тоқталыңыз 
§12. 
Жоғарғы дамыған балықшылар мен аңшылардың 
шаруашылығы және материалдық мәдениеті 
 
124 


1. 
Неолит 
дәуіріндегі 
аңшылық-балықшылық 
шаруашылықтың дамуы 
2. 
Неолит дәуіріндегі қоғамдық қатынастар 
3. 
Рулық-тайпалық ұйым және өкімет ұйымы
4. 
Неке және семьялық қатынастар 
5. 
Рухани мәдениет 
 
 
Неолит 
дәуіріндегі 
аңшылық-балықшылық 
шаруашылықтың дамуы: Неолиттік эканомиканың дамуы 
аңшылық пен балық шаруашылығын одан әрі жетілдірудің 
жолымен алға басты. Эйкумендердің кейбір облыстарының 
табиғат жағдайлары мұнда егіншілік пен мал шаруашылығының 
тууына бөгет жасады. Атап айтқанда, Евразияның солтүстігі мен 
Америкада істің жайы осылай болды.
Шығыс Европаның солтүстігі мен Солтүстік Азияда б.э.-
ға дейінгі IY мың жылдықтың өзінде-ақ Қиыр Солтүстіктің 
Сибирь мен Қиыр Шығыстың бірқатар халықтары үшін кәдуілгі 
болып қала берген аңшылық-балықшылық мәдениеті 
қалыптасты. 
Бұл облыстарда неолитке тән ерекшелік - ойық немесе 
тіс ізді және тарақша штамты ою өрнектері бар қыш болып 
табылды. Солтүстікте бұл қыш мейлінше кейінгі уақытқа- б.э.-
ға дейінгі І мың жылдықтың басына дейін сақталады. Волга-Ока 
өзен аралығындағы б.э- ға дейінгі ІІІ мың жылдық деп 
шамаланатын уақыт деңгейінде қыш үстінде ойын- тарақша 
өрнектері бар өте көне тұрақтар зерттелді. 
Ақ теңіздің және Ладога мен Онега көлдері жағаларында 
Приуралье мен Зауральеде, Лена бассейнінде, Прибайкальеде, 
Камшаткада, Сахалин мен Куриль аралдарында өте кеңінен 
көрінетін ойық-тарақты қышы бар мәдениет ескерткіштері сол 
уақытқа және неғұрлым кейінгі уақытқа жатады. Бұл қандай да 
болсын егіншіліктің немесе мал шаруашылығының белгілері 
жоқ 
орманды 
аңшы-балықшы 
халықтың 
неолиттік 
ескерткіштері еді. Кейбір ұқсастық элементтеріне қарамасан бұл 
мәдениеттер, қалайда өзара қыштарының, формалары, қарулар 
мен үй мүліктерінің кейбір ерекшеліктері жағынан айқын 
125 


ажыратылады. Европада тіпті егіншілік пен мал шаруашылығы 
оңтүстіктен солтүстікке өзінің ақырғы шегіне дейін тараған 
кезде, егінші-малшы және аңшы-балықшы тайпалардың 
арасындағы шекара қоңыржай және полярлық аймақтардың 
арасындағы шекаралармен сай келетіндігін атап көрсеткен жөн. 
Поляр маңы Европасында сарқыншақ мезолит немесе оны атап 
жүрген арктикалық палеолит б.э.дың І мың жылдықтарына 
дейін сақталалы. Б.э. ға дейінгі ІІІ-ІІ мың жылдықтарда 
Скандинавияның солтүстігінде жартастарды (петроглифтер) 
толып жатқан бейне-суреттер қалдырған неолиттік аңшылар мен 
балықшылардың тайпалары тұрған КСРО териториясында тас 
бетіндегі бейне суреттер Ақ теңіз бен Онега көлінің 
жағаларында мәлім болып отыр. 
Дүние жүзінің картасында неолит дәуірінде жоғарыда 
аталған евразиялықтан басқа иелері егіншілік пен мал 
шаруашылығын білмеген көптеген басқа аңшы-балықшылардың 
мәдениетін көрсетуге болады. Мәселен, кәзіргі Түркімен мен 
Тәжікстанның оңтүстік аудандарындағы ертедегі егіншілік 
мәдениетімен қатар, б.э ға дейінгі ІY мың жылдықтарда өмір 
сүрген Приаральедегі орта азиялық келтеминар мәдениеті бізге 
осыны дәлелдейді. 
Кейінгі палеолиттік типтегі жоғары мамандандырылған 
аңшылық және балықшылық шаруашылық, таяудағы өткен 
шақта Ескі және Жаңа дүниені субарктикалық алқабының 
көптеген тайпаларында сақталған. Мәселен, осындай 
шаруашылықты Канада тайгасының алгонкин тайпаларымен 
Солтүстік Американың солтүстік-батыс жағалауының үндістері 
жүргізді. Канаданың алгонкин тайпалары европалық отарлауға 
дейін бір бөлігі балық аулап, екінші бөлігі: карип, бұлан, аю, 
қой, қоян, құс аулап өмір сүрді. Аң аулау үшін немесе сүйек 
ұштықтары бар жебелермен найзалармен қатар барлық мүмкін 
боларлық кейде тіпті күрделі аулағыштарды кеңінен 
пайдаланды.
Теңіздегі және өзен сағаларындағы дамыған балық аулау 
негізгі кәсібі болған Солтүстік Американың солтүстік батыс- 
жағалауы үндістерінің (тлинкиттер, хайда, синшян және 
126 


басқалар) шаруашылығы басқаша ұйымдастырылды. ХYІ-ХYІІ 
ғасырларда солтүстік-батыс үндістер тегістелген тастан, 
сүйектен, мүйізден және қауашақтардан жасалған қаруларды 
пайдаланды және сол кезде оларда мыс та белгілі болды. Бірақ 
оның өндірістік маңызы мүлде дерлік болмады. Балық 
шаруашылығының 
техникасы 
мамандандырушылардың
жоғарғы дәрежесімен көзге түсті. Аулаудың түрлі жағдайлары 
мен балықтың алуан түрлеріне арналған ерекше шанышқылар, 
ілмектер, аулар, тоспалар болды;самырсындардан үңгілеп 
жасалған қайықтардың бірнеше типтері қолданылды. Теңіздік 
және құрылықтық аң аулау, сондай-ақ жидек, жеміс, тамырлар, 
су балдырларын, моллюскаларды жинау қосалқы рөл атқарады. 
Үй жануарларынан аң аулауға пайдалынылған ит қана белгілі 
болды; иттің жүні де іске асты. Еркектер мен әйелдердің 
арасында еңбектің айқын бөлісі болды. Балық, аң аулау, 
кәсіпшілік қаруларын жасап шығару, үй-жайды тұрғызу 
еркектердің ісі болды; жинап-терушілік, барлық кәсіпшілік 
табыстарын мол етіп баптап, дайындау, өру, тоқу; киімдерді 
жасап шығару-әйелдердің кәсібі болды. Бүтіндей алғанда 
солтүстік-батыс үндістері арнаулы балық шаруашылығын 
дамытудың біршама жоғары дәрежесіне жеткендігі сондайлық, 
біз төменде көретініміздей, оларда рулық құрылыс ыдырап, 
ертеректегі таптық қоғамды құру үшін алғы шарттар 
қалыптасты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   71




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет