Ахметова жанат куандыковна



Pdf көрінісі
бет39/71
Дата30.12.2022
өлшемі1.58 Mb.
#404860
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   71
Байланысты:
Algishki kogam tarihi 2016 Ahmetova
Email to advisor, Language and communication, 1589975452, Doc1, 2401 271 tarih, 7с олқылық жоспар, Әдістемелік құрал Мәтінмен жұмыстың түрлері , Презентация (7)
дунай мәдениеті болды. Бұл мәдениет Дунайдан батысқа және 
солтүстікке қарай тосапты облыстарда таралды да, Венгриядан 
Солтүстік Германияға дейін және Галициядан Бельгияға дейін 
115 


өте бір сарынды болды. Дунай мәдениетінің шаруашылық 
негізінде кетпеннің көмегімен өңделетін шағын учаскелерде 
арпа, мүмкін, бұршақ, ас бұршақ, чечевица мен кендір өндіру 
болды. Малды шағын мөлшерде ұстады. Аң аулаумен 
шұғылданбады. Бұл мәдениеттің толып жатқан мекен-
жайларының бірде-бірінде адамдарының ұзақ тұрғындардың 
іздері жоқ. Бұл кетпендік егіншілік техникасы тұрпайлығының 
салдары еді. Дунай мәдениетінің адамдары ауыл-аймақ 
айналасындағы учаскелерді қожырап, тозғанға дейін жеткізіп, 
олар бұрынғыға таяу жаңа орынға қоныс ауыстырды. Бұл 
кездегі адамдардың мекен-жайы тік бұрышты құрылыстар 
болды, бұларды бес қатар діңгектермен тіреді, әрі кейде 
ұзындығы 27 метр және ені 6 метрге жетіп тұрды. Үйлердің 
айналасында шаруашылық жайлары: кілеттер мен қоймалар 
орналасты. Бүтіндей алғанда жабайы аңдардан қорғану үшін 
адамдар өздерінің отыратын мекен-жайларын орлар мен және 
шарбақтармен қоршады. Еңбек қүралдардың барлығы шақпақ 
тастан және сүйектен жасалды. Олардың ыдыстары жарты шар 
тәрізді формалар да болды. Дунай мәлениетіндегі үлкен 
үйлерде, этнографияға белгілі және Гвинея мен Американың 
егіншілік тайпалары сияқты рулық топтар немесе қауымдар 
мекен еткен болса керек.
Дунай мәдениетінің кейінгі мекен-жайларында (б.э.д.III 
мыңжылдықтың 
екінші 
жартысында) 
шаруашылықта 
аңшылықтың өсе түсуіне байланысты жәймен мал 
шаруашылығы да пайда бола бастағанын қадағалап шығуға 
болады. Мыстан жасалған құралдар жасала бастады. 
Ыдыстардың түбі жайпақ бола бастап, олардың өрнектелуі 
күрделілене түскен. Бұрынғы үлкен үйлердің орнына 
оқшауланған үйлері тұруы үшін бейімделген дара ошақты 
тұрақ-жайлар пайда болды. Мекен-жайлар енді тек орманды 
аудандарда ғана емес, дөңес үстірттерде жиі орналасады. 
Шаруашылықтың дамуына байланысты кейбір формальді 
элементтері жағынан ленталы қыш мәдениетін Украинада, 
Молдавия мен солтүстік Румынияда тараған және трипольелік 
деген атпен мәлім (Киевтен 50км Триполье селосындағы бірінші 
116 


жұрт бойынша) оймышты мәдениет өте жақын келеді. 
Трипольелік поселке айнала дөңгелене орналасқан, ортасында 
алаңы бар ондаған үйлерден тұрады. Саз-балшықты немесе 
көбіне шыбықтардан тоқып, балшықпен майлаған үйлер 
бірнеше бөлмелерден тұрды, бұлардың бір бөлігі тұруға 
арналды, ал қалғандары қор заттарын қоятын кілеттер еді. Әрбір 
бөлмеде пеш, астық сақтайтын ірі ыдыстар, дән уатқыштар 
болды; бөлменің түкпірінде үстіне әйел құдайлардың мүсіндері 
жайғастырылып қойылған, саз-қыш құрбандық тұрды. Әрбір 
үйде бірнеше семья қосағы мекендесе керек. Поселкенің өзі 
болса, 
туысқан 
семьялардың 
бірлестігі 
болған. 
Трипольеліктердің негізгі қарекеті қосалқы, мал шаруашылықты 
кетпендік егіншілік болды. Триполье мәдениеті дамуының 
кейінгі кезеңдерінде мал шаруашылығының рөлі арта түседі. 
Трипольеліктерден шығысқа қарай Днепр мен Уралдың 
арасындағы дала кеңістіктерінде б.э.д. III мыңжылдықта 
құрысқан және қызыл түске боялған босаға – уықтары бар 
қорғандарды қалдырған тайпалар тұрды. Осы көне 
қорғандардың үйінділірінің астынан жай қазба шұңқырларда 
жерленгендер табылады. Көне шұңқырлы қорғандар олжаларға 
тапшы, мыс қарулары сирек болған. Құрысқан кереге-уықты 
неғұрлым кейінгі жерленгендер (б.э.д. III мыңжылдықтың аяғы) 
үйінді түріндегі молалы қорғандарда жүргізілді. Үйінді 
түріндегі жерлеуді қалдырған тайпалар мал шаруашылығымен
және егіншілікпен шұғылданды және мыс металлургиясымен 
айналыса білді. Сірә, осылар батысқа қанат жайып, триполье 
тайпаларымен соқтығысқан, оларды ығыстырып, Польшаға, 
Словения мен басқа да елдерге енген болса керек. Өйткені мал 
шаруашылығының қажеті үлкен кеңістік жерге ірге тебуді керек 
етті.
Б.э.д. III мыңжылдықтарға тез дамуына ежелгі шығыс мәдени 
орталықтарымен тікелей байланысы және мұнда мыс 
өндірісінің ерте пайда болуына жол ашқан Кавказдың ең көне 
егіншілік жайлары жатады. 
Неолит 
пен 
энеолиттегі Францияның, 
Англияның 
территориясында және Пиреней түбегінде тастың үлкен 
117 


кесектерінен мегалитикалық құрылыстар тұрғызған егіншілік –
мал шаруашылығының тайпалары тұрды. Бұл менгирлер (сірә, 
рудың немесе тайпаның көрнекті мүшелеріне ескерткіш ретінде 
тұрғызылған жеке тұрғын тастар), дольмендер (рулық 
жерлеулер) және кромлехтер (тастардан айналдыра қойған 
рулық-тайпалық әулиеліктер) дейтіндер еді. Бұл құрылыстардың 
толып жатқан саны мен олар тұрғызылған тастар салмағының 
өте үлкендігі, сөз жоқ, еңбек кооперациясы туралы көрсетеді – 
мұндай құрылыстар бүкіл тайпалардың күшімен ғана жасала 
алатын еді.
Ашық жатқан мекен-жайлармен қатар неолиттің аяғында 
Францияда, Германияда және Англияда бекіністерінің 
жеткілікті күрделі жүйесі және концентрациялық жолдары мен 
орлары бар зәулім қалалар пайда болды.
Солтүстік Европада Оңтүстік-Батыс Швеция, Оңтүстік-
Шығыс Норвегия, Дания мен Солтүстік Германия 
территориясында III мың жылдықтың орта шенінде жалпы 
алғанда Батыс Европаның осындай мәдениетін жақын еске 
түсіретін мегалиттер құрылысшыларының егіншілік-мал 
шаруашылығы мәдениеті қалыптасады. 
Швейцария мен соған көршілес Альпі таулары төңірегі 
облыстарында неолит пен ертедегі қола ғасырында қада тіректі 
құрылыстар таралды. Бұларды мекендеушілер аң аулаумен, 
балық шаруашылығымен шұғылданады, бірақ көбінесе мал 
өсіріп, егіншілік кәсібімен де айналысты. 
Тірек-қадалық құрылыстарды мынадай етіп тұрғызды: 
көлдердің түбіне олардың ұшы су бетінен шығып тұратындай 
етіліп қада тіректер қағылды. Сонан соң қада тіректердің 
ұштары көлденең салынған уықтармен жалғастырылып 
қосылды, бұлардың үстіне еден төселді. Еденнің үстіне қамыс, 
саз топырақ пен қына салынды да, осының бәрі тапталып 
тығыздалды. Осылай етіліп алынған алаңға сырғауылдардан 
немесе саз балшықпен майланған шарбақтардан мекен-жай 
тұрғызылды. 
Қада-тіректі құрылыстарда адамзат тарихында тұңғыш рет 
ағаш мебель: орындықтар, үстелдер мен сандықтар пайда 
118 


болды; бұлардан көптеген мөлшерде тас және балталар, 
қашаулар мен таңғыштар табылып отырды. Ағаш, балшық 
топырақтар мен шымтезектердің концервілейтін әрекетінің 
арқасында көптеген еңбек қарулары мен тұрмыс заттары: 
ыдыстар, қайықтар, садақтар т.б сақталған. Үй жануарларының 
бес түрі-сиыр, қой, ешкі, жылқы және ит белгілі болған. Арпа, 
тары және бидай негізгі астық дақылдары болды. Жерді 
кетпендермен өңдеді. Астықты шақпақ орақтармен орды. Тірек-
қада мекен-жайларда кендірден және жүннен жасалған сан 
алуан бұйымдар: жіптер, баулар, арқандар, басқұрлар, маталар 
мен тоқыма заттар табылды. Сондай-ақ тоқыма өндірісінің 
қарулары да табылып отыр. Жекелеген олжалар Европаның 
басқа аймақтарымен дамыған айырбастардың болғанын 
дәлелдейді.
Қада-тіректі құрылыстар, бұларды құрушылар алғашқы 
тұрмыстық коллективтерге, қауымдарға, сірә, рулық ұйымға 
ұйымдасқанын көрсетеді. Қада-тіректік мекен жайларды жасап, 
оны қорғауға қажетті еңбекті ұйымдастыра алатын адамдар 
коллективінің ғана қолынан келетін еді. Қада-тіректі
құрылыстар тек Альпі таулары маңы аймақтарында ғана емес, 
сондай-ақ Европаның солтүстігінде де Германиядан, Швецияға 
дейінгі жерлерде де белгілі болған. Осындай қоныстар КСРО-да, 
Вологда облысы мен Уралда және Макензи аңғарлары арқылы 
Солтүстік Американың оңтүстік-шығыс орманды аймақтарына 
келген қоныстанушылардың жаңа толқынының күшті 
ықпалымен дамыды деуге боларлық негіздер бар. Неолиттік 
орман мәдениетіне тән саймандарда тегістелген тас балталар 
мен сибирьдікіне мейлінше жақын келетін қыш құралдар бар 
екені белгілі болды. Бұл мәдениеттің иелері астық, темекі және 
асқабақ егіп өсірді. Оларда типі жағынан мезеттес 
қытайлардікіне жақын мыс бұйымдар пайда болады. Өте шағын 
өзгерістерімен бұл мәдениеттер біздің эрамыздың II мың 
жылдығына дейін өмір сүрді. Америка Құрама Штаттарының 
қазіргі территориясының оңтүстік-батысында неолиттік 
мәдениет б.э.-дың 700 жылдарында пуэбло мәдениетінің 
тууына тікелей алғышарт жасады. Б.э. дейінгі II мың
119 


жылдықтарда Мексикаға Орталық және Оңтүстік Америкаға 
Солтүстіктен қоныстанушылар толқыны енеді. Бұлар байырғы 
халықпен араласып кетеді де, Колумбияға дейінгі Американың 
үнді цивилизациясында жоғарғы дамуға жеткен тіршіліктің 
жаңа формасын құрады. Тіршіліктің жаңа формасының негізіне, 
сайып келгенде, майсты егіп өсіру алынды. Орталық және 
Оңтүстік Америкаға Океаниядан басып енген малайя-полинезия 
текті мәдениет элементтерінің иелері бұл мәдениеттердің
дамуында біраз із қалдырған болуы ықтимал. Көптеген 
американ және кеңес ғалымдары жобалап отырғандай неолит
дәуірінде Азиядан басып енген монголоид тайпалары байырғы 
(бұрынырақта мезолит дәуірінде Ескі Дүниеден қоныс аударған) 
халық пен араласудың нәтижесінде көпшілігі осы уақытқа дейін 
сақталып отырған түрлі үнді тайпалары туды. Үндіс тайпалары 
арктикалық мәдениеттердің сарқыншақ топтарын сіңіріп жіберді 
немесе қиыр солтүстікке ығыстырды, бұлар кейініректе Азиядан 
қоныс аударған протеэскимостармен араласып кетті. Бірақ 
американың арктикалық жағалауында жаңа эраның Беринг 
теңіздік межесімен шамаланатын көне мәдениетінен осы күнгі
эскимостардың мәдениетіне дейінгі эскимос мәдениетінің даму 
кезеңдері, 
археологиялық 
деректер 
бойынша 
жақсы 
қадағаланады. 
Неолит дәуірінде адам тіршілігінің жағдайлары 
жақсылық жаққа күрт өзгереді. Қоғамның өндіргіш күштері 
тезірек дами бастайды, бұл халықтың неғұрлым тез өсуіне жол 
ашады. Алайда, экстенсивтік шаруашылық әуел басқы 
мекендеген кейбір аймақтарда тамақ жетімсіздігіне әкеп соқты. 
Сарқылмаған жерлер мен тағы аңдарды іздеп, адамдар елі қалың 
аймақтардан жаңа, адам әлі игермеген орындарға қозғалды. 
Сондықтан да егіншіліктің дамуы мен отырықшылықтың 
өскеніне қарамастан қалайда мал шаруашылықты тайпалар 
энеолит дәуірінің аяғында көшіп қонумен шұғылданған. 
Кетпендік егіншілікті және малшылық қоғамдарының 
сарқыншақ ілгілерін Мелонезия тайпаларында, Америка 
үндістерінде, Тропикалық Африка тайпаларында этнография 
ғылымы тіркеп отырды. Морган мен Энгельс заманына қарай 
120 


солтүстік американ үндіс ирокездері дамуының осы сатысының 
маңдай алды өкілі болып алған Мелонезия тайпалары жөніндегі 
деректер ғылымда белгілі болды.
Мелонезия аралшаларының адамдарының негізгі әрекеті 
барлық жерде дерлік түйнекті өсімдіктерді (Ямс таро) және 
жеміс ағаштарын (какос және сак палмалары, астық ағаш, банан, 
пизангы) өсіру болды. Егіншілік от жағып тұратын кетпенді 
типті болды. Орманның қолайлы учаскелерін белгілеп алып, ер 
адамдар бұталар мен ағаштарды балта мен шауып тастап, содан 
кейін барып өртеді. Жуан ағаштардың бұтақтарын сыдырып 
шауып немесе қабықтарын күйдіріп, тамырын кептірді. Күл мен 
тыңайтылған өртелінген жер қазғышпен күректермен мұқият 
қопсытылды. Бұл жұмысты бақылаған Миклухо-Маклайдың 
сөзіне қарағанда, бірнеше ер адамдар қатарынан тұра қалатын, 
жерге жер қазғышты терең қадап, содан кейін бір мезетте бірақ 
сермеп, жердің үлкен кесегін көтеріп тастайтын көрінеді. 
Аударылған топырақты күрекпен уатып, еркектердің соңынан 
әйелдер ереді. Ақырында балалар қалған ұсақ кесектерді 
қолымен уататын болды. Барлық келесі жұмыстар-өсімдіктерді 
отырғызу оларды күту, өнімдерін жинау әйелдердің атқаруында 
болды. Мелонезиліктер үй жануарларын: шошқаларды, иттерді 
және тауықтарды өсіріп, тамаққа пайдаланған. Жағалық 
тайпалардың шаруашылығында ілмектердің шанышқылардың, 
верштердің, аулардың, тоспалардың көмегімен балық аулау 
және теңіз тасбақаларын ұстаудың үлкен маңызы сақталды. 
Аралдық фауналардың тапшылығынан құрғақтағы аң аулау 
(негізінен жабайы шошқалар мен құстарды) едәуір аз рөл 
атқарды. Жебелі садақтар, найзалар (найзашылықпен бірге) 
полица, параща, кейде жауынгерлік аңшылық балта, сонымен 
бірге тегістелген тастар қауашақтардан, сүйектен, шошқаның 
сойдақ тісінен, тасбақа қабығынан, ағаштан жасалған.
Бір жұрттан екіншісіне өздерінің тұрақ мекенін үнемі 
көшіріп жүрген ең артта қалған байнинг тайпаларын қоспағанда 
Мелонезия аралдарының тұрғындары көбіне бамбуктан немесе 
басқа материалдардан тоқылған қабырғалы және төбелері 
жапырақтармен жабылған тік бұрышты бағаналы үйірлерде 
121 


отырықшы болып тұрды. Үй мүліктері көбінесе матылармен 
және ағаштан, бамбуктан, асқабақтан, какос жаңғағының 
қабығынан, қауашақтардан т.б. жасалған ыдыстар мен 
шектелетін. Қыштық саздың тапшылығынан қыштарды жасап 
шығару кейбір аралдарда ғана оны отқа күйдіріп, қалыпқа құю 
немесе жапсырмалау жолымен жүзеге асырылды. Адамдар 
тамақты отқа қақтады, жер шұңқырларында бұқтырып пісірді, 
қайнатты. Тропикалық климат жағдайларындағы киім мейлінше 
тапшы болды. Жыныс мүшелерін бүркемелейтін, фаллокрипта 
немесе ер адамдардың саны үстемдігі таңғыш әйелдерде 
алжапқыш немесе қысқа юбка болатын. Кей жерлерде 
жаңбырдан қорғану үшін, үлкен қол шатыр тәрізді бас жапқыш 
киетін. Киімдер шөптен, жапырақтардан, матыдан, сондай-ақ 
«тапылар-жұмсартылған табанды ағаш қабығынан жасалды». 
Үй мүліктерін, киімдерді жасау, тамақтарды әзірлеу, едәуір 
дәрежеде үй салу - міне осының бәрі негізінен әйелдердің 
әрекеті болды.
Сондай-ақ 
ирокездер 
кетпендік, 
шапқы-оттық 
егіншілікпен айналысты. Олар өсірген басты дақыл майс 
(жүгері) болды. Мұның танабын радиусы ондаған километрге 
дейін жететін ирокез қоныстары қоршап жататын. 
Бұршақтармен асқабақтарды, жер алмұрттарын, күнбағысты, 
зығырды, темекіні отырғызудың қосалқы маңызы болды. Мұнда 
да егістікке арнап орман ағаштарын аршу ер адамның ісі болды. 
Барлық қалған егіншілік жұмыстарын әйелдердің қаракеті 
болып табылды. Егіншіліктің ең маңызды қарулары балта мен 
жер қазғыш болды, мұны ХҮІІ ғасырдың аяғына қарай нағыз 
кетпен ауыстырды. Иттерді қоспағанда ирокездер үй 
жануарларын білмеді. Отарланған кезге дейінгі Солтүстік 
Американың фаунасында қандай да болсын үй жануарларын 
қолға үйрету мүмкін болмады.
Ирокездердің өмірінде шаруашылық қызметінің 
егіншілікке дейінгі түрлері де елеулі орын ала берді. Әйелдер 
барлық мүмкін боларлық жидектерді, қозы құйрықтарды, 
жаңғақтарды, желуттарды, жас бұтақтарды, жеуге жарайтын 
тамырлар мен түйнектерді, құс жұмыртқаларын, шаян-
122 


шегірткелерді т.б. жинап терді. Көлдердің жағаларында жабайы 
күріштерді жинау ормандарда сірне мен қант қайнататын үйенкі 
шырынын алу жүзеге асырылды. Ер адамдар көктем мен жазда 
балық аулады, күз бен қыста бұғы, марал, аю, күзең, құндыз, 
қоян және қайтқан құстарды аулады.
Ирокездердің техникалық жағынан жабдықталуы енді 
энолиттік сипат алған еді. Өндіріс қарулары - балталар, 
кетпеннің жұмыс істейтін бөліктері, балғалар, найзалардың 
ұштықтары мен жебелер, балық аулау қармақтары және 
басқалар көптеген жағдайларда, әлі де болса, тастан, сүйектен 
немесе мүйізден жасалатын. Бірақ европалық отарлау кезіне 
қарай тұрмыста, суықтай соққылау әдісімен самородтық мыстан 
жасалған қарулар да қолданылды. Әйелдер кәсіпшілігі де едәуір 
дами түсті: тамақ пісіру үшін саздан құмған илеп шығарады, нан 
пісіру үшін ыдыстар, темекі тартатын қорқор жасалды: астықты 
үгіту үшін келілер, табақтар, қасықтар, тағы сондайлар ағаштан 
ойылды, жөкенің қабықтарынан астаулар, латоктар, майысты 
сақтау үшін ұзын цилиндрлік ыдыстар жасалды: өсімдік 
талшықтарынан себеттер, матылар жасалынды, белдіктермен 
тартпалар тоқыды. Киім тігуге қолданылған аң терілер өте 
шебер өңделді. Киім тігу, отарлау кезіне дейін-ақ 
дифференцияланған, бірақ әлі де болса тігістік емес еді. Ер 
адамдар мен әйелдер жазда замшы, ал қыста тері плашпен 
толықтыра түсірілетін сандарының үстіне бұғы немесе 
замыштардан байлам тақты: байпақтармен макасиндер аяқ киім 
болды: ер адамдарда қауырсындар тағылған таңғыштар мен 
құлақшындар бас киім ретінде болды. 
Морган әбден сипаттап жазған ирокездердің тұрақ-
мекені - «ұзын үйлер» өте-мөте қызықты еді. Бұл ағаш 
қабықтарының үлкен кесектері қапталған бағаналармен 
сырықтардан қаңқалары бар созылыңқы тік бұрышты 
құрылыстар болатын. Үйдің ішінде қабырғаларды бойлай үш 
қатар сәкілер жасалатын: маталар мен терілер төселген 
біріншісінден ұйықтайтын: екіншісінде үй мүліктерін ұстайтын, 
үшіншісінде бастырылмаған майыстың запастарын сақтайтын. 
Қабықтармен жасалған қоршаулармен бөлінген жеке зайып 
123 


қосақтардың үйлері, орталық өтпе есіктің үйдің бүкіл ұзына 
бойына созылған жағына қарайтын, мұнда әрбір төрт бөлмеге 
арналған бір-бірден ошақ орналасатын. Тамақ пісіру үшін ортақ 
қазан үстіне асылатын. Осы ошақтардың санына қарай үйдің 
ұзындығы анықталатын әдетте бір үйде 5-7 ошақ болып ал оның 
ұзындығы 10-15 метірге жететін, бірақ бұдан екі есе үлкен 
көлемдегі үйлерде болған. Үйге жақын жерде кілттермен 
майыстың жер асты қоймаларын орналастыратын. Ирокез елді 
мекені бірнеше ондаған ұзын үйлерден тұратын да, шарбақпен 
қоршалып тасталатын болған. 
Меланезеийліктерде де, ирокездерде де аса маңызды 
еңбек процестері коллективтік болды. Шақпақ-оттық егіншілік 
кезінде, әсіресе ормандарды шапқылағанда қауымның 
ұйымдасқан күш-жігері қажет болды. Үйіріп аң аулау, тоғандап, 
немесе аулармен балық аулау сияқты өндірістік қызмет 
түрлерінде бірігіп әрекет жасау қажет болып қала берді. 
Меланезийліктер үлкен қайықтарды, ирогездер өздерінің ұзын 
үйлерін колектив болып жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   71




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет