бөлігі тастан жасалған. Піл сүйегінен ұсақ ыдыстар,
қасықтар,
әшекейлер жасалды. Осы кезге қарай басқа елдермен де
байланыс жүзеге асырылды, бұлардан бадарийліктер өз
бұйымдары үшін шикі заттардың сан алуан түрлерін алып
тұрды. Жеке тайпалардың арасындағы
байланыс қайықтар
арқылы жүзеге асырылды. Неолиттік егіншілік мекен-жайлар
бадарийліктіктермен ұқсас болды. Сондай-ақ осындай мекен-
жайлар фаюм қазан шұңқырынан және Ніл аңғарының батыс
бөлігінен де табылып отыр.
Б.э.д IV мыңжылдыққа Египетте «додиналық»
деген жалпы
атпен белгілі энеолиттік мәдениеттің гүлденуіне де жатады.
Шақпақ тас өңдеу ретушь өнерінің тамаша шарықтаған
дәрежесіне жетеді. Қызыл фонға ақ сырмен оюланған немесе
(кейінгі) ақ фонға қызыл сырмен оюланған қыштар әсем болып
келеді. Мыстан жасалған алуан түрлі қарулар – жалпақ
балталар, үшбұрышты және астаушалы қанжарлар, лист тәрізді
пышақтар, инелер мен басқа да заттар бар.
Бұл кезде
материалдық мәдениет өлшеусіз өсе түсіп байиды.
Қытайдың ертедегі неолиті митролиттер мен салмалы сүйек
және ағаш қаруларын қолданумен көзге түсті. Кейініректе шет-
шеттері жұмырланып тегістелген ірі тас қарулар пайда болды.
Аң аулап, балық ұстаумен қатар, әсіресе, Маньчжурияның
оңтүстік аудандарында және одан әрі оңтүстікке қарай тіршілік
ету құралдарын тары егіп, иттер мен шошқаларды өсіру берді.
Жерге аздап дөңгелектетілген
немесе тік бұрышты, бірақ
жұмырланған бұрышты үйлер (саз балшықпен майланған
шарбақтар) ағаш тіреулерге тірелген тіреулер болып келетін.
Тоқыма (кендір тоқыманы еске түсіретін) оюлары бар саз сүр
жапсырма ыдыстар кеңінен таралды.
Қытайдың кейінгі неолиті мен энеолиті (III мыңжылдық
және II мыңжылдық басы б.э.д)
яншао мен луншан егіншілік
дақылдарымен көзге түседі. Яншао ( Хуанхэ өзенінің
бойындағы деревня бойынша аталған) негізінен алғанда Гансу
және Хэнань првинцияларында тарлаған (б.э.д. 2700-1700
жылдармен шамаланды) басқа да ертедегі егіншілік мәдениеті
қыштарынмен ұқсас оймышталған қыштармен сипатталады.
111
Яншао мәдениеінің тайпалары
тастан жасалған құралдарды
пайдаланды, тек б.э.д. III мың жылдықтың аяғында ғана оларға
мысты өңдеу мәлім болған еді. Халықтың негізгі қаракеті
егіншілік (күріш егу) болды, азырақ дәрежеде аң аулаумен,
балық шаруашылығымен және мал шаруашылығымен де
шұғылданды.
Достарыңызбен бөлісу: