Ахметова жанат куандыковна


Ру, ру бірлестіктері және тайпа, оны басқару



Pdf көрінісі
бет32/71
Дата30.12.2022
өлшемі1.58 Mb.
#404860
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   71
Байланысты:
Algishki kogam tarihi 2016 Ahmetova
Email to advisor, Language and communication, 1589975452, Doc1, 2401 271 tarih, 7с олқылық жоспар, Әдістемелік құрал Мәтінмен жұмыстың түрлері , Презентация (7)
Ру, ру бірлестіктері және тайпа, оны басқару 
жүйелері: Дуальдық ұйымның тууымен аморфты адам 
табынының орнына анық бейнеленген және тұрақты рулық 
қауым келді. Сонымен бірге алғашқы тұрмыстық қоғам 
неғұрлым күрделі құрылымға ие болды: екі дуальдық-
экзогамдық ру жаңа әлеуметтік қауымдың - тайпаның өркенін 
құрады. 
Алғашқы тайпалар біртұтас болған жоқ. Бұларға енген 
рулық қауымдардың арасындағы байланыс өзара некелесу, әрі 
мүмкін, кейбір эпизодтық кәсіптермен — аңшылық 
қамажаулармен, некелік және басқа рәсімдерімен шектелген 
болса керек. Бірақ байланыстар бірте-бірте нығайып, күрделене 
түседі. Өзара некелермен ұсталған байланыстар неғұрлым 
тұрақты шаруашылық ынтымағын, мәдени құнды заттар 
алмасуды, өзара тілдік ықпалды тудырды. Бұл процесс 
археологиялық тұрғыдан байқалады: мезолит уақытына қарай 
тұрақтар тобын біріктіретін және рулық қауымдардың неғұрлым 
кең ұжымдарға – тайпаларға бірте-бірте шоғырлануын 
көрсететін мәдениеттің локальды варианттары туады. Алайда, 
этнографиялық деректер көрсетіп отырғандай тайпалар, әлі де 
болса, негізінен алғанда, этникалық қауымдықтар тек шамалы 
дәрежеде әлеуметтік қауымдықтар ғана болып қала берді. Басқа 
сөзбен айтқанда тайпалардың өз аты, өз территориясы, өз 
диалекті, өзінің мәдени-тұрмыстық ерекшеліктері болды, бірақ 
оларда әлі тайпалық өзін-өзі билеу, кеңес, көсем және басқа да 
дамыған тайпалық құрылыс белгілері жоқ еді. Рулық-тайпалық 
ұйымдардың ерте кезеңі үшін шамалы, бірақ бірте-бірте өсіп 
98 


отырған тайпалардың рөлі мен өте үлкен басымдық алған ру 
рөлі тән болып келеді. 
Ру алғашқы тұрмыстық қауымдық демократия 
принциптері негізінде басқарылды. Оның жоғарғы органы 
шаруашылық, қоғамдық және идеологиялық өмірдің негізгі 
мәселелерін ынтымақтаса отырып шешетін, барлық ересек 
туған-туыстардың 
жиналысы. 
Мұнда, 
табиғи 
түрде кемелденген, ақыл тоқтатқан, араларынан басшылар 
сайланған тәжірибелі адамдар – ерлер мен әйелдер ерекше 
беделге ие болды. Басшылар туған-туысқандардың өндірістік 
қызметіне басшылық етті. Қоғамдық салт-саналарды жасады, 
дау-таластарды жөнге алды, әскери соқтығыс кездерінде 
көсемдік етті. Олардың өкімет билігі жеке басының беделіне 
негізделгеніне қарамастан, құрмет тұту туған-туыстарының 
олардың көрнекті қасиеттеріне, тәжірибелеріне, біліміне 
негізделгенімен бұл толық нақтылы өкімет билігі еді. 
Басшылар болса, рулық нормаларды, яғни туған-
туыстардың мінез-құлықтарының міндетті түрде қоғамдық 
тұрғыдан сақталатын ережелерін сақтаушы және ардақтаушы 
болды. Бұл нормалар — өзара көмек, өзара қорғаныс, экзогамия 
т.б. ережелер ұжымның өмірлік маңызды мүдделеріне сай келді, 
әдетте бұл мүлтіксіз сақталатын еді. Бұдан басқа ұрпақтан-
ұрпаққа сақталып қолданыла отырып, олар әдеттік күшке ие 
болды, 
салт-ғұрыптарға 
айналды. 
Дегенмен 
туған 
туысқандардың арасындағы қарым-қатынастарда зоологиялық 
ерекшеленушіліктің қалдықтары көрінетін де, рулық тұрмыс-
тіршілік нормалары бұзылатын. Бұл қоғамдық ықпал ету 
шараларын иландыруды ғана емес, сондай-ақ мәжбүрлеуді 
қолдануды керек етті. Елеулі теріс қылықтарға түрлі жазалар 
ұрып соғу, мүгедектеу, ал аса ауыр жағдайларда тіпті өлім 
жазасы немесе осыған тең болған рудан қуып жіберу 
қолданылды. Мәселен, Австралия аборигендеріндегі ведда, 
сеноев руларында экзогамия ережелерін бұзған адам, туған-
туыстарын тастап кетуге немесе өлуге тиіс болған. Рулық 
қауымды өкімет билігін ұйымдастыру принципіне келгенде 
таптық мәжбүр етудің кейініректе туған аппаратынан, ал рулық 
99 


нормалар - заңға айналдырылған үстем таптың еркі - 
құқықтардан айырымдалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   71




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет